2015 жылғы 9-12 қазан аралығында дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің студенттері (туризм 1-4 курс) ҚМПИ демалыс базасында оқу-жаттығу сабақтарына қатысты. 9 қазан күні ҚМПИ демалыс базасына дейін студенттер 27 км жолды жаяу жүріп өтті.

Қостанай қаласында 11 қазан күні «Шағала» жағалауы ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин естелігіне арналған жыл сайынғы облыстық жүгіру жарыстары өткізілетін бастапқы нүктесі болды. Салқын температурасына қарамастан және желде қатысушылар 21 км, 8 км және 2 км ара қашықтықтарына белсенді жазылған болатын.

2015 жылдың 5-11 қазаны аралығында Байқоңыр қаласында өткен юниор, ер, әйел, ардагерлердің арасында пауэрлифтинг бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің чемпионаты өтті. Оған 250 спортшы мен 15 команда қатысты.

2015 жылы денешынықтыру, спорт және туризм факультетіне керемет студенттер түсті, олардың арасында шорт-тректен, шаңғы жарысынан, бокстан және конькимен сырғанау спортынан Қазақстанның құрама командасының мүшелері, Қазақстан Республикасының 24 спорт шебері және халықаралық санаттағы 1 спорт шебері бар.

2015 жылғы 9 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында «ҚМПИ студенттігіне қабылдау» мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шара ҚМПИ ректоры, профессор Қ.М.Баймырзаевтың құттықтау сөзімен басталды. Институт ректоры «Алтын белгі» иегері Анна Чунина және Нұрсұлтан Тұрлыбекке студенттік билеттерін тапсырды. Студенттердің сахналық қойылымдары әр факультеттің кәсіби бағыты мен ерекшелігін көрсете білді. Студенттер қатарына қабылдау мерекелік іс-шарасы бірінші курс студенттерінің есінде қаларлықтай өте көңілді, әрі ерекше өтті.

Студенттердің әрқайсысында ең бірінші, сол себепті есте қаларлық сәт, ол студенттерге арнау күні. 2015 ж. қазанның 9 күні талантты бірінші курс студенттерінің қатысуымен мәжіліс залында «2015 ж. студенттерге арнау» іс-шарасы өткізіледі.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында биыл ғана үлкен өмірге қадам басқан жас ұландар, 1 курс студенттерін, студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Рәсімде Қазақ және орыс филологиясы факультеті өз өнерлерін көрсетті. Кештің ажарын кіргізген бұл факультеттің студенттері өте өнерлі жастар

2015-2016 оқу жылында кафедра оқытушылары оқу үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану жоспарын іске асыру мақсатында қазан айынан бастап ашық сабақтар өткізетін болады. Инновациялар жылы кафедра оқытушылары заманауи білім беру технологияларын қолданып, 62 ашық сабақ өткізуді жоспарлап отыр.

2015 жылғы 6-8 қазан аралығында Қарағанды қаласындағы «Ақжолтай» мұз айдыны спорт сарайында шорт-тректен Қазақстан Республикасының кубогы үшін жарыс өтіп, оған Алматы, Астана, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Қарағанды облысы және Батыс Қазақстан облыстарынан келген спортшылар қатысты.

2015 жылдың 6 қазанында Қостанай тарихи-өлкетану мұражайында «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қоғамдық кеңес мүшелерімен және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укинович Укинмен кездесу өтті. Кездесу «Ұрпақтар сабақтастығы» қамқорлығымен «Аға буынға қамқорлықпен» партия жобасының аясында өткізілді

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар