Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің базалық жоғары оқу орындарында пән олимпиадаларының өткізілу кестесіне сәйкес сәуір айының 23-24 күндері Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша VІІ Республикалық пән олимпиадасы өтті. VІІ Республикалық пән олимпиадасына 20 жоғары оқу орнының командалары қатысты: 1. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универститеті 2. Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті 3. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 4. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 5. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

24 сәуір күні спорт және туризм, дене шынықтыру факультетінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының 70 жылдық жеңіс күніне орай «Даңқ аллеяларында» квест ойыны болып өтті. Оған факультеттің 1-3 курс студенттерінен (Олар: Жанжигитов Сырым, Жолтай Азат, Сексенбай Жансая, Султанханова Толганай, Бакиева Саида - 1 курс; Гусейнова Сабина, Дуйсенбаева Гуль, Алихан Еркебулан, Жалғас – 2 курс, Мұратбеков Алмас-3 курс) құралған құрама командасы қатысты. Ойын қорытындысы бойынша команда капитаны Гусейнова Сабина басқарған команда ІІІ орынды қанжығаларына ілді. Команда құрамын жеңісімен құттықтап, алдағы спорттық жарыстарда әлі де талай белестерді бағындыруына тілектеспіз.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің базалық жоғары оқу орындарында пән олимпиадаларының өткізілу кестесіне сәйкес сәуір айының 23-24 күндері Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ҮІІ республикалық пән олимпиадасы өткізілді. ҮІІ Республикалық пән олимпиадасына 20 жоғары оқу орнының командалары қатысты. Команда құрамы 3 қатысушыдан тұрды.

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында химия мамандығының оқытушыларымен «Химиядан білім беру саласындағы заманауи бағыттар» тақырыбына семинар өткізілді. Семинарға VII Республикалық студенттердің химия олимпиадасының команда жетекшілері қатысты. Семинарды х.ғ.қ., доцент Жұмағалиева Б.М. жүргізді. Тақырыпқа байланысты баяндамаларды химия магистрі, оқытушы Ергалиева Э.М., химия магистрі, аға оқытушы Губенко М.А. оқыды.

22 сәуір күні ҚМПИ акт залында «Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Еңселі, Елім!» атты дәстүрлі әндер облыстық байқауы болып өтті. Бұл байқау үш кезеңнен тұрды: 1-кезең: «Күй тарту» номинациясы 2-кезең: «Жыр, терме, жырау» номинациясы 3-кезең: «Дәстүрлі ән» номинациясы

22 сәуірде ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И. Шаймерден және «Дінтану орталығының» ҚМПИ АНТ мүшелері К.К. Әбілмәліков пен Д.Е. Абенов «Социум & Я» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Қостанай педагогикалық колледжінің студенттері үшін оқыту семинар-тренингін өткізді. Семинар «Қазақстанның дамуындағы рухани құндылықтар мен ұлттық дәстүрлер рөлі» тақырыбына арналды.

21 сәуірде ҚМПИ ректор кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден және «Дінтану орталығы» - ҚМПИ АНТ мүшелері К.К.Әбілмәліков пен Д.Е.Әбенов Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің білім алушыларына арналған оқу семинар-тренингіне қатысты. Семинар «Социум & Я» ҚБ және Қостанай облысының Дін істері жөніндегі басқармасы жанындағы ҚМУ «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» өзара әрекеті ретінде ұйымдастырылды.

Үстіміздегі жылы 13-18 сәуір аралығында Павлодар қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған Әуесқой жастар мен студенттер театр ұжымдарының Халықаралық фестиваліне біздің оқу орнымыздан педагогика кафедрасының аға оқытушысы Әбдіркенова Ақбидаш Қапанқызының жетекшілігімен жүргізілген «Жас сахна» ҚМПИ студенттер театры қатысқан болатын. «Жас сахна» ұжымы тек оқу орнымыздың намысын қорғап қана қоймай, облысымыздың мерейін үстем етіп, фестивальге қатысқан 14 ұжымның ішінен ІІ орынды еншілеп, жемісті сапардан оралды. Бұнымен қоймай, «Жас сахна» ҚМПИ студенттер театрының дарынды актері Алмас Мұратбеков «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясына ие болды. «Жас сахна» ұжымын қос қуанышпен құттықтай отырып, тек алдыңғы қатардан көрінуді тілейміз.

17 сәуірде ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И. Шаймерден және «Дінтану орталығының» ҚМПИ АНТ мүшелері К.К. Әбілмәліков пен Д.Е. Абенов Қостанай облыстық Әділет департаменті мен Қостанай аудандық Мемлекеттік табыс басқармасы (Затобол ауылы) қызметкерлерінің алдында баяндама оқыды.

2015 жылдың 17 сәуірде Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасы «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жаратылыстану-математика ғылымдарын дамыту» аймақтық ғылыми – практикалық конференциясын ұйымдастырды. Конференция мынадай ғылыми бағыттардан тұрды: 1. Қазақстанның индустриалды даму шарттарындағы жаратылыстану пәндерінің дамуының өзекті мәселелері: биология, география, химия; 2. Математика, физика, кәсіптік оқыту және информатика пәндерінің инновациялық жетістіктері мен мәселелері, қазіргі қоғамдағы олардың рөлі мен мәні; 3. EXPO 2017 қазіргі қоғамды дамытумен бірге: технологиялық, әлеуметтігуманитарлық және білім беру аспектілері.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар