Шағын комплектілі мектептерді дамыту мәселелері Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін жаңғыртудың өзекті проблемалары болып табылады. Бүгінде шағын комплектілі мектеп жұмыстарын жетілдірудің басты бағыты – мұғалімдердің теориялық және әдістемелік деңгейін арттыру. 2015 жылғы 31 наурызда Затобол ауылында өткен «Мұғалімнің әдістемелік құзыреттілігі шағын комплектілі бастауыш мектепте оқыту сапасын арттыру шарты ретінде» облыстық ғылыми-практикалық семинары осы проблемаларды талқылау мен оны шешудің практикалық жолдарын іздестіруге арналды.
27 наурыз 2015 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына арналған «Тарих ғылымының теориясы мен әдіснамасы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткен болатын. Конференцияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен бір топ ғалым-тарихшылар келіп, өз баяндамаларын оқыды. Конференцияның пленарлық отырысында институт ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Қ.М. Баймырзаев кіріспе сөзбен ашып, конференцияның мән-маңызын ерекше атап өтті.
2015 жылғы 11-27 наурыз аралығында Тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығына Гумбольд атындағы университеттің (Германия) PhD докторы, профессор Фолькер Раддатц «Биология», «География», «Химия» мамандықтарындағы көптілді топтардың 1,2,3 курс студенттері үшін «Шетел тілі», «Кәсіби бағытталған шетел тілі» пәндері бойынша практикалық сабақтар өткізу үшін шақырылды. Фолькер Раддатц ҚМПИ оқытушыларына «Шетел тілдерін оқытудың заманауи дидактикасы мен әдістемесі» тақырыбында семинар өткізді.
Психология және педагогика факультетінің педагогика кафедрасы 2015 жылдың 20 наурызында кафедра Апталығы аясында «Жоғары оқу орны студенттерінің зерттеу мүмкіндіктері: балашаққа көзқарас» атты халықаралық онлайн-конференциясын ұйымдастырып өткізді. Конференцияға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері; Қырғызстан Халықаралық университетінің студенттері, Бішкек қ.; Рудный индустриалды институтының студенттері қатысты.
АҚШ Елшілігінен 2015 жылдың 19 наурызда шетел тілдер кафедрасы кітаптық сәлемдеме алды. Кафедраға пайдалы және керекті ағылшын тілінде журналдар және ерекше тоқсанаралық English Teaching Forum, CD дисктар, басылымдары шетел тілдер кафедрасында жағымды оқиғалар болды.
2015 ж. 16-20 наурыз айында КМПИ-депедагогика кафедрасының апталығы өтті. 19 наурыз айында кафедра оқытушысы Шаймаганбетова А.Х. ашық семинарлық сабақ откізді. Ашық семинарлық сабақтың тақырыбы: «Өткен ғасырдағы жазба мұраларындағы халық тәрбиесі». Халық тәрбиесі тақырыбына байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылды, өткен ғасырдағы жазба шығармаға видео-фильм тұсірілді,жазба деректерден тәрбиелік мәні мол нақыл сөздерден ұзынділер оқылды,топтық әдістер қолданды,сың түргысынан ойлау технологиясы қолданды. Студентерге семинарлық тақырыптың тәрбиелік ролі зор, халқымыздың әдебиетеріндегі халық тәрбиесі құндылығың жоймай бүгінгі ұрпаққа асыл қазына.
19 наурызда ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден және Қостанай облысы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасының бастығы Н.Қ.Нөгербеков 2015-2016 жылдарға арналған дін саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған меморандум Қостанай облысы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасы мен ҚМПИ АНТ (ақпараттық-насихаттау тобы) – «Дінтану орталығы» арасындағы өзара қарым-қатынас шегін анықтайды.
19 наурызда ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден және АНТ студент-волонтерлері А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты.
Жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғалымдары кафедрасында 19 наурыз күні «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік іс- шара өткізілді. Іс- шара мақсаты: Қазақ халқының ұлы мерекесі «Наурыз мейрамы» жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
18 наурызда 2015 жылы Көптілдік орталығы мен тілдер дайындығы оқу-тәрбиелік орталығы Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің - Наурыз!» интеллектуалды сайысын өткізді. Сайыстың негізгі мақсаты: қазақ халқының салт–дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Сайысқа шетел тілдері, тарих және өнер, жаратылыстану-математика факультеттерінің студенттері қатысты