2015 жылғы 2 наурыз күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты қабарғасында Педагогика және психология, Жаратылыстану ғылымдар және математика, қазақ және орыс филология факультеттерінің қатысуымен ақпараттық-үгіт насихат жасау аясында "Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі" атты тақырыбынан "БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР" шарасы өтті. Жүргізуші: ф.ғ.к., әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Амантаева Айгүл Бақытжанқызы
2015 ж. 2 наурызда «Информатика» мамандығының 3 курс студенттеріне «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша тәртібіне ашық сабақ өткізілді. Дәрісті өткізген кафедраның аға оқытушысы, ж.ғ.м. – Радченко Т.А.. оқытушы өз сабағында АКТ элементтері пайдаланылды
2015 жылы 27-28 ақпанда Алматы қаласында Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық байланыс және әлемдік тілдер университетте «Шетел тіл: екі шет тілі» мамандық бойынша Республикалық олимпиада өткізілді. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институттың команда мүшесінде: Алдабергенова Дана, Унгутбаева Айша (ағылшын тілі), Ненашев Глеб (неміс тілі), Омарова Айымгуль, Хамзина Анара (француз тілі) болды
2015 жылы 27 ақпанда филология ғылымының кандидаты дацент шет тілдері факультетінің деканы Е.Л.Дорошок және 4 курс студенттері педагогикалық ғылымының кандидаты Қондубаевпен кездесу ұйымдастырды.
Қазақстан республикасының келелі кезеңдері: «Нұрлы жол» бағдарламасының маңызы, «Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 20 жыл», «Президент үндеуі» туралы ақпанның 27 жұлдызында кураторлық сағат өткізілді.
2015 жылдың 27 ақпанында оқу-тәрбие тілдер дайындығы орталығының аптасында шетел әндерінің фестивалі барлық факультеттердің бірінші, екінші курс студенттері аралығында өтті. Мақсат: Студенттердің шетел тілін оқуға деген ынтасын арттыру және олардың мәдениетін үйрену; сахна мәдениетінің беделін өсіру. Бұл іс-шара қазақ тілінде, орыс және ағылшын тілдерінде өтті, техника құралдарымен жабдықталған (қажетті аппаратура, фонограмма, минусовка). Конкурс өте керемет өтті және студенттерді қызықтыра түсті. Конкурста 12 нөмір көрсетілді – соло, дуэт, трио. Нөмірлер төмендегі критериялармен бағаланды: әннің айтылуы және фонетикалық коррекция, темптің сақталуын қадағалау, дыбыстың сапасы, сахналық және орындаушылық шеберлігі. Іс-шараның бедел қатысушыларға 5 баллдан қойылды.
Ақынның жүрегінде ашылған сыр, Сәуле боп кеудесінен шашылған нұр, Бүгінде қазағыма аманат қой Аққудың қанатына жазылған жыр. 25 ақпан 2015 жылы Қазақ және орыс филологиясы факультеті студенттерінің «Балауса» шығармашыл жастар үйірмесі мүшелерінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының қара нары, ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Аққудың қанатына жазылған жыр» атты әдеби-сазды поэзия кеші өтті.
2015 жылғы 24 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмыстары және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына жастардың көзқарасы» тақырыбында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдерімен институт студенттерінің кездесуі өтті.
24 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының спорт залында «ҚМПИ» құрама командасы мен Қостанай облыстық «STAR» азербайжан диаспорасының командасы арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өтті. Кездесу Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналып, «ҚМПИ» командасы 12-7 ұпай есебімен жеңіске жетті.
2015 жылдың 24 ақпан күні факультеттің 1 курс студенттері ҚМПИ арнайы ұйымдастырған Қостанай облысы бойынша жемқорлыққа қарсы күрес жұмысымен айналысатын Искендиров Асхат Батыржановичпен болған «Нашақорлық және еліміздегі жемқорлық саясатына жастардың көзқарасы» деген тақырыпта болған кездесуге қатысты. Студенттер тақырып бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, кездесу сұхбат ретінде жалғасын тапты.