2015 жылы 18 наурызда тілдерді дайындау орталығы және оқу-методикалық кабинеті ШТФ-пен бірігіп қазақ халқының салт-дәстүрлерге арналған жарыс өткізді. Іс шара «Наурыз» мейрамына арналған. Тарих және өнер факультетінен, жаратылыстану-математика факультетінен, шетел тілдер факультетінен қатысушылар өнер көрсетті.
2015 жылы 17 наурыз айында Психология және педагогика факультетінде, педагогика кафедра апталығы өткізілді. Сол апталық ішінде «Виват, Педагогика!» педагогикалық студенттік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға қатысқан орыс және қазақ бөлімдерден- 6 команда қатысты. Команда құрған «Педагогика және психология», «Тарих және өнер», «Шет тілі», «Жаратылыстану» факультеттері. Әр команда қүрметті грамоталармен «Педагогикалық шеберлік», «Педагогикалық шығармашылық» «Педагогикалық эрудиция» номинация бойынша марапатталды, тәтті торт сыйлыққа ұсынылды.
2015 жылғы 16 наурызда Кафедра апталығы шеңберінде Психология және педагогика факультетінің педагогика кафедрасы «Педагогикалық ғылым жастар көзімен» атты студенттік ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырып өткізді. Конференция жұмысы мемлекеттік және орыс тілінде «Студенттік зерттеулеріндегі педагогиканың өзекті мәселелері» атты екі секцияда жүргізілді. Мемлекеттік тілде 13, орыс тілінде 15 жұмыс ұсынылды. Баяндама дайындаған студенттерге ғылыми-практикалық конференцияның қатысушы сертификаты берілді.
2015 жылдың 15 наурыз күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығымен бірге семинар-тренинг өткізілді. Оған 1 курс студенттері қамтылды. Семинарда салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығының координаторлары жаңа ақпараттарға толы сөз сөйледі. Олар студенттерге вирустық инфекциялардың таралу жолдары мен негізгі жеке гигиенаны сақтау туралы толығырақ ақпарат берді.
Қазақстанда студентердің форумы 14 наурызда 2015 жылы өтті, онда шетел тілдер факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Қостанай облысынан жастар атынан жоо студент белсенділері қатысты. 1-ші және 2 -ші курстың студенттері: Кенжебаева Анар, Нұрмағанбетова Гульфайруз, Балтабаева Аяжан, Амирхамзина Жансая флешмобта қатысты, осы іс- шараның концерт бағдарламасының бөлімі болды.
2015 жылдың 14 наурыз күні ҚМПИ-ның акт залында «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасының Президенттік сайлауға үміткерді ұсыну шешімін қолдауға арналған Қазақстанның студенттер Альянсының жастар форумы өтті. Бұл форумға болашақта еліміздің көркеюіне атсалысатын патриот студент-жастар қатысты.
12-ші наурызда ҚМПИ конференция залында 4-ші курс студенттерімен «Дипломмен ауылға» атты іс- шара өткізілді. ШТФ студенттерінен атынан Жакенов Жәнібек сөз айтты. Өзінің сөз айтуында студент өзінің программаға қарым- қатынасын көрсетті. Жүзеге асыру пайдасын анықтауды және өзінің үмітін көрсетті.
12 наурызда ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай «Заманауи Қазақстандағы дін рөлі» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты. Дөңгелек үстел жұмысына мұсылман және православтық конфессия өкілдері, Қостанай облысының тәжік, татар-башқұрт ұлттық-мәдени орталықтарының басшылары, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері қатысты.
2015 жылғы 12 наурызда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында «Дипломмен ауылға!» жобасына қатысушылар слеті өтті. Слеттің мақсаты – ҚР жастар саясатын іске асыру, «Дипломмен ауылға!» жобасын насихаттау және дәріптеу, сонымен қатар ауылдағы жас мамандардың болашағы мен проблемаларын талқылау.
2015 жылғы 5-12 наурыз аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған бірқатар іс-шаралар жүргізілді. Дәрістер, тренинг, акциялар өткізілді. Іс-шараға салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының үйлестірушілері мен мамандары қатысты. «Психология» мамандығында оқитын және темекі шегу, ішімдікке салынудың алдын алу курсынан өткені туралы сертификатқа ие болған студенттер қатарынан 10 волонтер таңдалып алынды.