2015 жылы 18 ақпанда шетел тілдері факультетінің мұғалімдерінің магистратура туралы семинары болып өтті. Оның ұйымдастырушысы шетел тілдері факультетінің деканы болды. Бірінші докладты гуманитарлық науктың "ОТДО" Ғ.М.Сулейменов "Дискурста-интертестуалдық" тақырыбы бойынша дайындады.
2015 жылдың 13 және 17 ақпан күні ҚМПИ-дың АҮТ (ақпараттық-үгіттеу тобы) – «Дінтану орталығының» мүшелері Г.И. Шаймерден және К.К. Абильмаликов ІІБ және облыстық сот қызметкерлеріне «ҚР ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін деструктивті діни ағымдардың қызметі» тақырырыбында лекция оқыды. Г. Шаймерден елдің діни қауіпсіздігі саласындағы негізгі үрдістерді баяндады, К. Абильмаликов өз баяндамасын деструктивті діндерге тарту әдістерін талдауға арнады.
2015 жылы 16 ақпанда күні бірінші курс студенттеріне шетел тілдері факультетінің кеңесшісі, политикалық наук докторы Г.И.Шаймерден және Қазақстан тарихы кафедрасының бас мұғалімдерімен 320 ауд. да "Діни экстремизм профилактикасы" темасынды лекция оқылды. Біздің қоғамымызды алаңдататын діни агрессиялық секталарға кіруі, террорлық топтарға кіруі және тағы басқа сұрақтарға олар жауап берді. Студенттер атынын осы темаға қатысты көптеген сұрақтар қойылды. Бұл іс-шара экстремистік топтарға кірген адамдардың қыйын жағдайларға тап болғаны туралы деректі фильммен аяқталды.
2015 жылғы 16 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында институт студенттерінің құқық қорғау органдары және наркологиялық диспансер қызметкерлерімен кездесуі өтті. Кездесуде Қостанай облыстық Ішкі Істер Департаменті Наркобизнеспен күрес жөніндегі басқармасының қызметкері А.А.Кабиденова баяндама жасады.
13 – 14 ақпан 2015 күні ФИЯ студенттерінде ерекше поштамен «хат» жіберу арқылы, бір-біріне сезім білдіруге мүмкіндік берілген. Пошта үшін жауапты болған бірінші курс студенті Кенжебаева Анар және екінші курс студенті Амирхамзина Жансая. Бірнеше хат алушылар таңқалып, көптеген студенттер жақсы көңілде болды.
12-13 ақпан 2015 күні жөніндегі халықаралық конференцияның шеңберінде «Мемлекеттік қызмет шет елдердің құқықтық тетіктерін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», неміс құқықтық ынтымақтастық қорының сарапшылары құралдары мен аудармашы ретінде шетел тілдері факультетінің 3 курс студенттері тартылды.17 студент жауапты ,тәртіпті болуын дәлелдеді, жоғары деңгейде ағылшын тілін меңгерген аудармашылар екенін көрсете білді.
Студенттердің патриоттық сезімін, кәсіби-біліктіліктерін арттыру үшін жаратылстану-математика факултетінің 1 курс студенттері ҚМПИ-ның мұражайына экскурсия жасады. Студенттердің назарларына институттың мұражай экспонаттары – бұл яғни, бейнематериалдар, ғылыми жұмыстар, марапаттау қағаздары, медальдар және жеке құжаттары көрсетілді.
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы 2012 жылдан бастап Қостанай ауданы Жамбыл шағын комплекті мектебімен тығыз байланыс жасайды: педагогикалық байланыс жайында келісім-шарт жасалған, бірігіп жоспар құрылған. Жоспар бойынша кафедра оқытушылары мұғалімдерге оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда нақты әдістемелік көмек көрсетеді: орыс тілі мен әдебиетті оқытуда жекеше кеңес өткізеді, шағын комплекті мектеп проблемаларына байланысты мектепке барып семинар, тренинг, шебер-класс өткізеді; апталық аясында бірігіп іс-шаралар өткізеді. Мектеп мұғалімдері «Инновационные технологии в обучении русскому языку» атты әдістемелік семинарға белсенді қатысты.
2015 жылғы 12 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Студенттер үйінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай студенттер арасында шахмат пен шашкадан чемпионат өтті. Чемпионатты тарих және өнер факультетінің деканаты және Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары – тарих магистрлері К.К.Әбілмәліков, Д.Е.Әбенов, Н.Н.Елкей өткізді. Чемпионатқа «Математика», «Физика», «Тарих», «Экономика және құқық негіздері», «Туризм», «Биология», «География» мамандықтарынан 50 студент қатысты. Бірінші орын үшін күрес өте тартысты да қызықты өтті. Жалпы алғанда сайысқа ҚМПИ Студенттер Үйінен 40 студент қатысты. Жеңіске үміткерлердің барлығы ойын барысында тамаша нәтиже көрсетті.
2015 жылғы 11 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында Қостанай облысы Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті. Кездесуде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан халқы студенттік ассамблеясы төрағасы, тарих және өнер факультетінің 3 курс студенті А.Кадралинов баяндама оқыды.