2015 жылдың 19-шы қаңтарында 320-шы дәрісханада шетел тілдері кафедрасының оқытушылары практика конференциясын 3 және 4 курс студентері үшін өткізді.Аға оқытушы Бурмагина Л.А.,студенттерге практиканың өту жолдарын және есеп құжаттамаралының жобалау ретін презентация арқылы түсіндірді. Студенттерде бірнеше сұрақ болды, сол сұрақтарға шетел тілі кафедрасының аға оқытушылары Кенжебаева А. С., Унгутбаева Г. Ш., Данилова В. В., Асанова А. А., Альмуханова Ж. Т. жауап берді.
2015 жылдың 15 қаңтарында №2 спортзалында ҚМПИ-ның оқытушылары мен қызметкерлері арасында футболдан турнир өткізілді. Команданың құрамында Шетел тілдері мен Тарих және Өнер факультеттерінің оқытушылары Құсаинов С. С., Ким В. В., Ненашев Г., Абильмаликов Қ. Қ., Абенов Д. Е. болды. Ойынның қызу барысында Шетел тілдері мен Тарих және Өнер факультеттерінің құрамасы орын алған жоқ, бірақ ұйымшыл команда ретінде марапатқа ие болды.
2015ж. 14 қаңтарында Спартакиада аясында оқытушылар мен ҚМПИ қызметкерлер арасында дартс пен асық ату бәсекелестік іс-шара өткізілді. Әсіресе, Шетел тілдері факультетінің оқытушылары – шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Кудрицкая М.И., аға оқытушылар Унгутбаева Г.Ш., Данилова В.В., Кинжибаева А.С., Асанова А.Б., Амирова Е.Л., декан орынбасары Умарова А.Б., сонымен қатар Тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығының аға оқытушысы Сулейменова Г.М. және лаборант Сатбаева А.Т. белсенділік танытты. Дартс және аық атудан бірінші орынға ие болған Данилова В.В., сондай-ақ бұл оның бірнеше жеңісі. Біз оған және басқа да қатысушыларға сәттілік тілейміз!
В 2014 году преподаватели кафедры педагогики, иностранных языков, кафедры естественных наук и физико-математических и общетехнических дисциплин согласно утвержденному графику филиала АО НЦПК «Өрлеу» -Республиканского института повышения квалификации руководящих и научно-педагогических работников системы образования Республики Казахстан прошли курсы повышения квалификации на базе Ньюкаслского университета в г.Ньюкасл ( Великобритания) и на базе Международной академии менеджмента и технологий в г.Дюссельдорф (Германия).
2015ж. 13 қаңтар айында шаңғы базасында үстелдік теннис ойыны ұйымдастырылды. Факультеттің намысын қорғау үшін Тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығының лаборанты Сатбаева А.Т. сенім арттырылды. Белсенді, қызығушылық ойнау барысында Шетел тілдері факультеті үшінші орынға ие болды. Құттықтаймыз!
2015ж. 12 қаңтарда 619 ауд.Спартакиада аясында оқытушылар мен ҚМПИ қызметкерлер арасында шашки турнирі өтті. Оған Шетел тілдері кафедрасының оқытушысы Кусаинов С.С. және лаборант Ким В.В. қатысты. Қиын комбициясына қарамай, ойыншылардың қызығушылығы артылғаны байқалды. Барлық ойыншыларға сәттілік тілейміз!
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні – тәрбиенің теоретикалық негіздер аумағында студенттердің білімін тереңдетіп, жүйелендіріп және тәрбие әдістемесі мен технологиясы аумағында білімдер қалыптастыруға, жалпы мектеп жағдайының жүйесі ретінде тәрбие үдерісін ұйымдастырудың алдыңғы тәжірибелерімен таныстыруға арналған арнайы курс болатын. Бұл курсқа жетекшілік еткен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика кафедрасының аға оқытушысы Шалғымбекова Әлия Батырхановна. Сабақ барысы практикалық түрде өтті. Болашақ жас мамандар үшін бұл пәннің ықпалы өте зор. Бұның дәлелі – топтағы әрбір студенттің шығармашылық қабілетінің ашылуы
2014 жылғы 30 желтоқсандағы «ЖОО үздік оқытушысы» атағын беру туралы Республикалық конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес біздің оқу орнының үш оқытушысы: ғылыми жұмыс және шетелмен байланыс жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Аманжолұлы Әбіл, оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген және Қазақстан тарихы кафедрасының доценті м.а., тарих ғылымдарының кандидаты Өтеген Ихсанұлы Исенов лайық деп танылды.
Желтоқсан айының 24 жұлдызында, жаратылыстану ғылымдары кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған, «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» деген тақырыпта интеллектуалды сайыс өтті. Ойын еліміздің тарихы, саяси жағдайы, салт-дәстүрлері бағыттарында студенттердің білімін тексеріп нығайту, отансүйгіштік сезімдерін арттыру мақсатында өткізілді.
2014-2015 оқу жылының жартыжылдығында төрт кафедрада әдістемелік апталық өткізілді: қазақ тілі мен әдебиеті (3-8 қараша), дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы (10-15 қараша), Қазақстан тарихы (17-21 қараша), орыс тілі мен әдебиеті (1-6 желтоқсан). Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы апталығының бағдарламасы: С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің туындыларынан (проза, поэзия, драма) құралған көркемсөз оқуларын, кафедра оқытушылары, студенттері және Амангелді ауданының Ы.Алтынсарин атындағы № 2, Қостанай қаласының М.Хакімжанова атындағы № 20 орта мектеп мұғалімдерінің қатысуымен өткізілген онлайн-конференциясын, білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану бойынша семинарды, біліктілікті арттыру курсына барып, білімдерін толықтырып келген оқытушылардың ұйымдастыруымен өткен тренинг-семинар мен кафедраның аға оқытушысы Сейсембай Г.А. ашық сабағын қамтыды.«Елім деп жырлаған үш бәйтерек» байқауының қатысушылары С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің туындыларынан үзінділер оқып, өздерінің шығармашылық шеберліктері мен актерлік қабілеттерін танытты. Байқаудың нәтижесінде факультет деканы Есіркепова К.Қ. марапатқа ие боған студенттерге мадақтама ұсынды. Олар Сексенбай Ж. - 1 орын, Сайфуддинова Г., Мұратбеков А. - 2 орын, Жанжігітов С. мен Ибраимова М. - 3 орын.