Қарашаның 12-ші жұлдызында «Химия» мамандығының 2 курс студенттері «Ы.Алтынсарин атындағы мектепке 150 жыл» тақырыбына кураторлық сағат өткізді. «Химия» мамандығының 3 курс, 1 курс студенттері және оқытушылар Жұмағалиева Б.,Абдыкаликова К., Ергалиева Э. қатысты. Ахметова А, Ахмет А, Ардакова Э, Молдашева А, Райымқұлова М, Бекбенбет Ж баяндамалар жасады. Мади Р. Бұл мектептің ашылуына Б.А.Бірімжановтың ата-бабаларының қосқан үлесін айтты.

2014 жылы 12 қарашада үйірме жетекшілері т.ғ.к.,доцент, ҚМПИ профессоры Духин Я.К., т.ғ.к., сырттай оқыту факультетінің деканы Самаркин С.В., т.ғ.к., доцент, Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ярочкина Е.В. мен «Тарих», «Құқық және экономика негіздері» мамандығының студенттері (Башпаева Кымбат, Жикеева Асель, Абенова Юлия, Сулейменова Айгуль, Дауренбекова Ильнара, Бейсенбеков Мирас, Дукеев Ержан, Жолтаев Арман, Сапарова Сара, Шаржанова Назира, Скварко Наталья, Алимгазина Айгерим) қатысуымен ҚМПИ-ң 75 жылдығына арналған тарихи кеш өткізді. Факультет студенттері өздерін педагогикалық институт тарихы жайлы жақсы білімдер көрсетті.

2014 ж. 12 қарашада «Биология» (3к) мамандығының көптілділік тобында «Тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесі» тәртібіне ашық сабақ өткізілді. Студенттермен ұйымдастырылған тәрбиелік жиынға педагогика каф. мең. – Б.М. Утегенова, шетел тілдері каф. мең. М.И. Кудрицкая және шетел тілдері каф. аға оқытушысы

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты мен Кент мемлекеттік университеті арасында (Огайо штаты, АҚШ) 2014 жылдың мамыр айында келісім-шарт жасалынды. Осы бағдарлама бойынша Кент мемлекеттік университетінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты шет тілдері факультетінің «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 3 курс студенті Унгутбаева Айша Сеиткалиевна бір семестр бойы білім алуда.

2014 жылы 5-қарашада ҚМПИ жаратылыстану-математика факультетінде Бүкіл әлемдік жүрек күніне арналаған қанайналым жүйесі ауруларын (ҚЖА) алдын-алу мақсатында «Жүрек-тамыр ауруларының алдын алу» атты акциясы өткізілді.

2014 жылдың 05 қарашасы күні «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасында «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына 75 жыл» атты бейне роликтер мен презентациялар сайыс кеші өтті. Сайыстың мақсаты - 1 курс студенттерін оқу орның тарихымен таныстыру.

«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының 1 курс студенті Рыбалко Софья Андреевна Павлодар қаласында бодибилдинг, фитнес бойынша юниорлар арасында өткен ҚР чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Рыбалко Софьяға бодифитнес бойынша спорт шеберлігінің кандидаты СШК атағы берілді. ППФ жас спортшыны жеңісімен құттықтап, спортта және оқуда жетістіктер тілейді.

31 қазан 2014 жылы сағат 12:30-14:20 710 аудиторияда "Cytology and histology"дисциплинасы бойынша ашық сабақ өтті. Сабақ түрі: лаборатория.

2014 жылдың 31 қазанында Балалардың қосымша білім алатын аймақты оқу – әдістемелік орталығы, Қостанай облысы әкімділігінің білім басшылығы және ҚМПИ, тарих және өнер факультеті, өнер кафедрасыны, оқу шеберхана корпусында «Жас дарын» облыстық сайыс қорытынды кезеңі өтті. Сайыс бейнелеу өнері және декоративті-қолданбалы өнер «Жас дарын» атты - «Мен және менің отбасым» тақырыбында өткізілді.

Осы айдың 30 қазанында Қостанай қалалық балалар шығармашылық үйінің акт залында әнші Гүлнұр Оразымбетованың «Арманым-ай» атты ән кешін тамашалауға факультеттің оқытушылары мен 1 курс студенттері барды. Ән кеші сазды да, сырлы әуендерге толы болды. Әнші репертуарындағы жаңа әндерді тыңдаған ән сүйер қауым бір серпіліп қалды. Студенттер де әншінің өнеріне тәнті боп, кеш соңында естелікке әншімен бірге суретке түсті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар