2014 жылдың 18 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Ашық есік күні өткізілді. Институт қабырғасында аталмыш іс-шараны жыл сайын ұйымдастыру дәстүрге айналған. Ағымдағы жылы Ашық есік күніне Қостанай қаласы мен облысы мектептерінен 550 астам оқушы қатысты
2014 жылдың 17 сәуірінде шетел тілдері факультетінде жыл сайын өтетін мұғалімдер мен білім орындары оқытушыларының облыстық ғылыми- практикалық конференциясы болып өтті. Конференцияға физика- математикалық лицей, №5, №11, №2, №1 орта мектептерінің және Қостанай медицина колледжінің мұғалімдері қатысты. Конференция үш негізгі блоктан тұрды- пленарлық отырыс, мастер- класс және дөңгелек үстел. Пленарлық отырыста «Қытай, Макау университетінің ағылшын тілі орталығында жұмыс тәжірибесінен» тақырыбында есеп- баяндама тыңдалды (п.ғ.к., шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Кудрицкая М.И., шетел тілдері кафедрасының оқытушысы, психология магистрі Кудрицкая Е.А.).
Сәуірдің 11 - жұлдызында оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Төлеген М.Ә., шетел тілдері факультетінің деканы Дорошок Е.Л., шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Кудрицкая М.И. Қазақстандағы АҚШ елшілігінің өкілі, ағылшын тілінің оқытушысы Би Дженикспен htth:// kazakhstan.umerbassy.gov/beejenkins- fellow/html кездесті. АҚШ елшілігі өкілімен кездесу барысында ҚМПИ мен Огайо штатындағы Кен мемлекеттік университеті арасында студенттер және оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасының шарттары талқылынды. Би Дженикс Эквадор, Италия, Армения және Құрама Штаттарда тұрып, жұмыс істеген.
2014 жылы 10-11 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты « VIA DOMITIA» француз өкілдерін қарсы алды, француз тілі оқу орталығының директоры Паскаль Казанова және халықаралық қарым- қатынас проректоры Жан луи Марти Перпиньян қаласынан келді. Университет ҚМПИ –мен 2010 жылдан бастан қарым-қатынас жасап жатыр, сол кезден бастап екі ұйым бір-бірімен студенттер және мұғалімдермен айырбас жұмыстарын жүргізіп жатыр. Институттың ректоры К.М.Баймырзаев соңғы кездескенде екі ұйымның дамуы туралы сөйледі. Болашақта институт магистратураның үздік студенттеріне оқуды өздері төлейтінін айтты
2014 жылдың 11 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ЭКСПО-2017 арналған студенттік инновациялық жобалар байқауының қорытынды кезеңдері өтті. Байқаудың басты мақсаттары мен міндеттері: 1) Қазақстан Республикасының интеллекті әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу; 2) Студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру; 3) Дарынды студенттерді таңдау және оларға қолдау көрсету.
2014 жылдың 11 сәуірінде педагогика кафедрасы апталығы аясында «ЖОО-дағы заманауи білім беру технологиялары» тақырыбында әдістемелік семинар өтті (жоо оқытушылары мен студенттер үшін). Семинар бағдарламасына сәйкес кафедра оқытушылары жобалық оқыту технологиясы мен ойын технологияларын қолдану, сондай-ақ деңгейлі білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Семинарды педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Б.М. Өтегенова ашып, білімді жаңғырту жағдайында келешек педагогтердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жоо-да білім беру үрдісінде әдіс-тәсілдерді пайдалану қажеттілігін атап өтті.
Шетел тілі факултетінде жыл сайын өтетін «Ғылым жас зертушілер көзімен» ғылыми-тәжірибелік конференция өтткізілді. Пленарлық отырыста мыналар сөз сөйледі: - Халықаралық қатынас пен инновациондық дамудың және ғылым бөлімінің басшысы Баймухамбетов Б.Ш. - Шет тілі факултетінің деканы – Дорошок Е.Л - ВАК доценті, ҚМПИ профессоры – Оспанова А.С. - Шет тілі кафедрасының меңгерушісін-Кудрицкая М.И. - Практикалық лингвистика кафедрасының меңгерушісінің қ.а. - Бикенова Г.С.
2014 жылдың 9 сәуірінде ғылым, халықаралық байланыстар және инновациялық даму бөлімі зияткерлік меншіктің авторлық құқығын қорғау туралы ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырып, өткізді. Семинарға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылар құрамы, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, жас оқытушылар белсене атсалысты. Ғылыми-зерттеу жұмыс нәтижелерін практикаға енгізу ережелері туралы ғылыми жұмыстар және шетелмен байланыс жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.А. Әбіл баяндады.
2014 жылдың 8 сәуірінде «Кафедра апталығы» бағдарламасына сәйкес жоо студенттері мен педагогикалық колледж оқушылары, жас мұғалімдер, оқытушылар үшін институттың 75 жылдығына арналған студенттік ғылыми-практикалық «Педагогикалық ғылым жастар көзімен» атты конференция өтті. Аталған конференция түрлі секцияларда мемлекеттік және орыс тілдерінде төмендегі бағыттар бойынша өтті: 1. Қостанай облысындағы кәсіби-педагогикалық білімнің қалыптасуы. 2. Педагогтің тұлғасы мен дәрежесі: тарих және замануилық.
Кафедра апталығы ҒӘО бекіткен кесте бойынша 31 наурыз бен 5 сәуір 2014 жыл аралығында өтті. Кафедра апталығының әдістемелік мақсаты: оқу-тәрбиелік және ғылыми-зерттеушілік үрдісті белсендіру. Міндеттері: педагогикалық тәжірибені жалпыландыру; кафедраның студенттік ұжымымен қатынасының анализі (мониторинг негізінде); студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын зерттеу топтары қызметінің аясында белсендіру; Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары мен Қостанай қаласы мен Қостанай облысының жалпы білім беретін мекемелерімен арақатынасу.