Рухани-адамгершілік тәрбиені жүзеге асыру шеңберінде 2014 жылдың 28 ақпан күні «Тарих» мамандығының 2 курс студенттері Облыстық орыс Драма театрының қойылымын тамашалады. Аталмыш қойылым француз драматургы Жан-Мари Шевреның «Под небом Парижа» пьесасы бойынша сахналған. Ол біздің тамыры тереңде жатқан мәңгілік құндылықтарымыз туралы баяндайды.
28 ақпанда 2014 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының № 2 жатаханасында Психология және педагогика факультетінің студенттері «Салауатты- өмір салты» атты іс-шара өткізді. Бірінші сұрақтар қою арқылы студенттердің өз ойларымен бөлістік.
28 ақпан күні сағ. 15.30-да археология және этнология орталығында «ХХ ғасырдың 20-40 жж. Қостанай өңірінде араб және латын тілдерінде жарияланған мерзімді басылымдар» тақырыбында облыстық мұрағат қорынан жинақталған материалдар бойынша фотокөрме ұйымдастырылды. Фотокөрмеге «Тарих» мамандығының 2-4 курс студенттері қатынасты. Фотокөрмені археология және этнология ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері және кафедра оқытушылары ұйымдастырды.
2014 жылдың 28 ақпан күні «Тарих» мамандығының 3 курс студенттері Тың игерудің 60 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Тың игерушілерге арналған іс-шараны «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы және Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ұйымдастырды. Өйткені, 60 жыл бұрын,1954 жылдың 28 ақпан жұлдызында Қостанайға жас тың игерушілердің алғашқы легі келіп жетті. Студенттерге Тың игеру жылдарын фотогалереядан көріп қана қоймай, тың игеру ардагерлерімен танысуға мүмкіндік туды.
Қазақстан тарихы кафедрасының апталығы шеңберінде 2014 жылдың 27 ақпан күні сағат 15. 30-да № 210 аудиториясында Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, тарих магистры Нурпеисова Э.Т. «Тарих» мамандығының 2 курс, орыс бөлімінің студенттері үшін «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» пәнінен «Алтын Орда: нығаюы, әлсіреуі және құлдырауы» тақырыбында ашық семинар сабағын жүргізді. Студентттер келесі сұрақтарды талқылады: 1. Территориясы және халқы; 2. Алтын Орданың ішкі және сыртқы саясаты; 3. Алтын Орданың халықаралық байланыстары. Сабақ қойылған мақстатына жетті.
Ақпан айының 26 мен 27 жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт аясында, ҚМПИ ректораты, экология және биология мәселелерін зерттеуге арналған ғылыми-зерттеу орталығы (НИЦ ПЭБ)/ жаратылыстану – математика факультеті және жаратылыстану ғылымдары кафедрасы мен мүдделі ұйымдар мен мекемелер бастамасымен, «БИОАЛУАНТҮРЛІЛІКТІ ЗЕРТТЕУ МЕН ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАР ЖЕЛІЛЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕГІ ЖЕТІСТІКТЕР»» атты, (б.ғ.д., профессора Т.М. Брагинаның мерейтойына орай), Халықаралық ғылыми - практикалық конференциясы өтті.
Біз, Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының, психология және факультет «Педагогика және психология» мамандығының қазақ бөлімінің 3 курс студенттері 27.02.14. күні Қостанай Мемлекеттік Университетіне «Қазақстанда психология ғылымының дамуы» атты пікір-талас турниріне қатынастық. Қостанай Мемлекеттік Университетіне «Үкімет» яғни, жақтаушы тобы қазақстанда психология ғылымы дамыды деді.
Қазақстан тарихы кафедрасының апталығы шеңберінде 2014 жылдың 26 ақпан күні сағат 12.30 тарих және өнер факультетінде «Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар Қазақстан тарихы сабақтарында» атты оқу-әдістемелік семинары өтті. Семинарды Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары: тарих магистры Абильмаликов К.К., тарих магистры Еришева Т.А., тарих магистры Нурпеисова Э. Т. жүргізді.
Ақпан айының 26 жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт аясында, ҚМПИ экология және биология мәселелерін зерттеуге арналған ғылыми-зерттеу орталығы (НИЦ ПЭБ)/ жаратылыстану – математика факультеті және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының ұйымдастыруымен, «БИОАЛУАНТҮРЛІЛІКТІ ЗЕРТТЕУ МЕН ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАР ЖЕЛІЛЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕГІ ЖЕТІСТІКТЕР» Халықаралық ғылыми - практикалық конференциясының бірінші күні өтті.
2014 жылдың 24 ақпанында сағат 17-00-де ҚМПИ Студенттер үйінің акт залында шетел тілі факультетінің құрылғанына 1 жыл толу мерекесіне орай салтанатты іс-шара болып өтті. 1 курс студенттері музыкалық бағдарлама дайындап, үш тілде ән айтып, би биледі. Факультет деканы мен факультет түлектерінің бейне құттықтаулары, институт тарихы туралы бейнебаян іс-шараның ажарын ашты. Студенттер үйінің 50-ден астам тұрғындары осы мерекенің қонағы болды.