2018 жылдың 14 наурызында Медиация және Халықтық Дипломатия мектебінде Қостанайлық Әлеуметтік Білім Колледжінің директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, кәсіби медиатор Кадалинова Марияш Тлеугабыловна өткізді. Лектор өз сөзінде «Медиация» ұғымын, қағидаларын қарастырды. Тыңдаушыларды медиация негіздері мен медиация процесімен және медиацияның сот процестерінен артықшылықтарын атап өтті.
Оқытушы мамандығын студенттер арасында танымал ету, оқытушылық қызметке деген қызығушылығын арттыру, бастапқыда мұғалім болуға талантты дарынды студенттерді анықтау және қолдау мақсатында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері арасында «Мұғалім: мамандықты меңгеру» атты эссе байқауы өтті. Конкурсты Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Ы.Алтынсарин атындағы орталық және педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді. Байқау Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, «Туған жер» бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші Индустриялық революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» атты Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған.
ҚМПИ Жаратылыстану-математика факультеті «Биология», «География» мамандықтарының студенттері 2018 жылдың 13 наурыз күні А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аграрлық-биология факультеті бтология және химия кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген«Қазіргі биологияның теориясы мен практикасы, методологиясы» студенттер мен жас ғалымдардың III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Конференция жұмысына Қазақстанның қалалары, таяу және қиыр шетелдердің ЖОО және ғылыми-зерттеу орталықтарының 140-тан аса өкілдері қатысты.
11 наурызда жоғары оқу орындарының арасындағы VІІ қысқы Универсиада аяқталды. Универсиада 10 күнге созылды, оған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының 36 командасы қатысты. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының командасы шаңғы жарысы, президенттік көпсайыс, қысқы спорттық бағдарлау, гір спорт, пауэрлифтинг, футзал және қазақ күресінен спортшылар болды. Универсиаданың соңғы күні пауэрлифтингтен жарыстар өткізілді.
Мұғалім мамандығын насихаттау, түлектердің педагогикалық іс-әрекетке деген қызығушылығын жоғарылату, мұғалім болуға ұмтылған дарынды мектеп түлектерін анықтау және оларды қолдау мақсатында облыстық мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында «Мұғалім: мамандыққа оқушылар көзімен қарау» атты облыстық эссе байқауы өтті. Конкурсты Ы.Алтынсарин орталығы және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай Дарыны» ӨҒПО ұйымдастырды. Байқау Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, «Туған жер» бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші Индустриялық революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» атты Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған.
2018 жылғы 12 наурыз күні әмбебап оқу залында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кездесуге Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Дастан Мұратұлы және әлеуметтік – гуманитарлық факультетінің 3 курс студенттері, филология факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Іс-шараны Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Дастан Мұратұлы кіріспе сөзімен бастап, Елбасы кітабындағы басты тақырыптарға тоқталды. Сондай-ақ, ондағы реформалар мен Елбасының үкіметке қойып отырған талаптарын, Қазақстан халқына жүктелген тапсырмаларын түсінікті етіп жеткізіп берді.
2018 жылдың 6-9 наурызында Ресей Федерациясының Сасово қаласында қысқы триатлонның (полиатлон) жасөспірімдер арасындағы ашық чемпионаты өтті. Бұл жарыста «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының бірінші курс студентті Левин Евгений және 2 курс студенті Макушенко Вячеслав қатысты. Чемпионаттың қорытындысы бойынша Вячеслав екінші орынды иеленді және өткен оқиға туралы ақпаратпен бөлісті: «Павлодарда 7-ші Қысқы Универсиадаға қатысып, 30 қатысушы арасында 1-ші орынды иелендім. Жеңу оңай емес еді. Ауа-райы және жарыстардың шарттары біздің жағымызда болмады...»
2018 жылы 1 наурыз Павлодарда Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында VII Қысқы Универсиада басталды. Көктемнің алғашқы күнінде 2 мыңға жуық жас спортшыны жинаған ойындардың ашылу салтанаты өтті. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының командасы жеті жарияланған спорт түрлері ұсынылған. Қысқы Универсиада бағдарламасында 9 спорт түрлері болды: шаңғы, президенттік қыс көпсайыс, қысқы бағдарлау, футбол, армрестлинг, ауыр атлетика, пауэрлифтинг, баскетбол, қазақ күресі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 5 наурызда Парламент Палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлей отыра, Қазақстан халқына жаңа әлеуметтік бастамаларымен сөз бастады. Президенттің кең ауқымды әлеуметтік жобаларын талқылау барысында психология және дефектология кафедрасының оқытушылары әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған жаңа әлеуметтік бастамалардың маңыздылығын атап өтті. «Жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру және студенттік жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту» атты үшінші бастамасы ерекше қызығушылық тудырды.
2018 жылдың 6 наурызы күні Қостанай мемлекеттік институтының акт залында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Концертте институттың тек қана ерлер ұжымы өнер көрсетті. Концерт басталмас бұрын, көрермен назарына институт ректоры бастаған ерлер ұжымының видео құттықтауы ұсынылды. Мерекелік концерт фортепианоның керемет жанды әуенімнен оқылған өлең жолдарымен ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікбай Оспановтың құттықтау сөзімен басталып, әлеуметтік және академиялық жұмыс ісі жөніндегі проректор Г.А.Мусабекованың құттықтауымен жалғасын тапты.