2018 жылдың 26 наурыздан 30 наурыз аралығында Тарих және өнер факультетінің Өнер кафедрасында әдістемелік кафедра апталығы өтті. 26-наурыз (09:30) Өнер кафедрасында апталықтың ашылуы барысында аға оқытушы Қасаболат А. Ж. 3-курс «Бейнелеу өнері және сызу мамандығы» мамандығы студенттерімен «Қазақстанның сәулет өнері» тақырыбында ашқы сабақ өткізді. SMART- мақсат бекітілген, Блум таксономиясы әдіс-тәсілі қолданылды. Қазақстанның архитектурасының даму жағдайы, стилі туралы толық ақпарат берілді. Видео аудио жазбалар көрсетілді.
28-наурыз, 29-наурыз күндері өнер кафедрасы бейнелеу өнер және сызу мамандығының аға оқытушысы А. Ж. Қасаболат «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бизнес тренері А. Ә. Ә. Абуталиповпен бірлестікте институт қабырғасында институт ректоры Е. А. Әбілдің қаржылық қолдауымен жастар арасында бизнесті дамыту, бизнес жобаны дайындап үйрену мақсатында «Студенттерді бизнес жоба дайындауға үйрету, старт-ап жобаны меңгеру» тақырыбында орыс және қазақ тілдерінде семинар-тренинг өтті. Семинар тренинг екі бөлімнен, бірінші бөлімде теориялық мәліметтермен қамтылды. Екінші бөлімде студенттермен практикалық жұмыс жүргізіліп, студенттермен шығын кірістерді есептей білуге, бизнес моделдермен таныстырылып, тәжірибе алмасты.
2018 жылдың 29 наурыз күні Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары 4 курс студенттерінің өндірістік практикасы бойынша «Өндірістік практика – құзіреттілікті арттыру негізі» тақырыбындағы қорытынды конференциясын өткізді. Конференцияның басты мақсаты студенттердің өндірістік (педагогикалық) практикасының нәтижесін қорытындылау, оның ұйымдастырылу және өткізілу сапасын анықтау, машықтану барысындағы қиындықтарды шешудің жолдарын қарастыру.
2018 жылдың 29 наурызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында өнер кафедрасының әдістемелік апталығы шеңберінде «Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды енгізу тәжірибесінен» атты әдістемелік семинар өтті. Іс-шараның мақсаты мұғалімдерді «Өрлеу» БАҰО біліктілікті арттыру курстарында оқыту нәтижесінде алынған педагогикалық жұмыс тәжірибесімен таныстыру болды. Әдістемелік семинарды Өнер кафедрасының аға оқытушылары М.Ж.Ордашева, К.А.Жакаева, А.А.Қасаболат, Н.К.Әмірхамзиндер өткізді.
1 сәуір барлық әлемде ресми түрде «Құстар күні» болып табылады. Жыл сайын ЖМФ жаратылыстану ғылымдары кафедрасында аталған мерекеге арналған іс-шаралар өткізіледі. Биылғы жыл да бұл дәстүр өз жалғасын тапты. 29 наурызда оқытушылар Брагина Т.М., Брагин Е.А., Рулева М.М., Бобренко М.А. және «Фмфи» бедвочерлер клубының белсенді мүшелері «Құстар күні-2018» іс-шарасы өткізілді. Мерекені ашу құрметі дәстүрлі түрде ҚМПИ ЭБМ ҒЗО директоры, бедвочерлер клубының тәлімгері – Брагина Т.М., клубтың ғылыми кеңесшісі Брагин Е.А. және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі Ручкина Г.А. берілді.
28-29 наурыз аралығында дене шынықтыру, спорт және туризм факультетіне Г.И. Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінің өкілдері- Ресей Федерациясының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Роман Козлов, ғылыми зерттеулер жөніндегі декан орынбасары Вахитова Романа және дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі Цапов Евгений Геннадьевич. Қонақтар Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетімен студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығына, конференцияларға, семинарларға және жобаларға қатысу туралы келісімге қол қойды. Сапар барысында академиялық бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Чернявская О.М. шақыруымен дөңгелек үстел өткізілді.
28-наурыз күні Қостанай қаласы №5 мектеп-гимназияда 1-4 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмысына Сапиева М. С., Қасаболат А. Ж. Амирхамзин Н. Х. әділқазылық жүргізді. Ұйымдастырушы қалалық дарынды балалармен жұмыс жүргізу "Дарын" зерттеу ғылыми орталығы. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы негізінде "Тәрбие және білім" бөлімі бойынша жүзеге асырылды. 8-секция робототхника, технология, этнотолерант, денсаулық, қорғашаған ортамен танысу, бейнелеу өнері және музыка өнері, және ағылшын тілі. "Бейнелеу өнері және музыка" секциясы бойынша 17 оқушы қатысты.
2018 жылдың 28 наурызында Филологиялық факультетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері жаңа ақындық жолын бастаған Игорь Рулевтің шығармашылық кешіне барып қайтты. Кештің арнайы қонақтары Наталья Закора, Владимир Алексанин, Максим Гольцварт болды. Аталған іс- шара Ы. Алтынсарин кітапханасының қабырғаларында өткізілді. Жас ақын қонақтарға өзінің «Красная роза» атты алғашқы өлеңдер жинағын ұсынды. Рулевтің поэзиясы трагедиялық сарында жазылған.
2018 жылғы 28 наурызда «Premium palace» мейрамханасында ҚМПУ Ректор балы салтанатты кеші ұйымдастырылды. Бал – бұл қашан да керемет әсер қалдыратын және тиянақты дайындықты қажет ететін ерекше іс-шара. Кеш барысында барлық факультеттердің дарынды та талапты шәкірттері ұйымдастырып, көрермендер назарына ұсынған сиқырлы Disney әлемінің ертегілері көрсетілді. Әсем әуен ойнап, нәзік би барлығына жайдары көңіл күй сыйлады. Ректор балының 1-ші қатысушыларының, яғни студенттеріміз жұп болып билеген «Вена вальсінен» бастау алды. Әсем әуенге орындалған вальс биі керемет әсер қалдырды.
2018 жылдың 28 наурыз күні "Қостанай қаласы әкімшілігінің білім беру бөлімі №5А мектеп - гимназиясы" ММ базасында "Ашылудың қадамдары" атты кіші мектеп оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың қалалық байқауы ұйымдастырылды. "Ағылшын тілі" бөлімі бойынша әділ қазылар алқасы ретінде п.ғ.к., доцент, шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Соловьева Н.А., философия ғылымдарының докторы (PhD), аға оқытушы Данилова В.В., шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Подавец О.Д. шақырылды.