2018 жылдың 13-15 сәуір аралығында Астана қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында, «Болашаққа бағдар. Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстармен таныстыру мақсатында республикалық көрме өтті. Барлық шенді-шекпенді, кәсіпкер, ғылым, білім саласы мен БАҚ өкілдерінің басын қосқан арнайы көрмеде, біздің институт атынан іс-сапарға барған Жастар және суденттер ұйымымен жұмыс бөлімінің маманы Есімханов Қуаныш және Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Дастан Мұратұлы Қостанай өңірінің, ҚМПУ дәріс беретін ұстаздар С. Оспанов, Ө.Исенов, Т.М.Брагин сынды жазушылар,
2018 жылдың 14 сəуірінде ГУ негізінде "М. Горький атындағы гимназия Қостанай қаласының білім бөлімінің əкімшілігі" қоғамдық пəндерден Республикалық ғылыми жобалар сайысының қалалық кезеңі өтті. Сайыстың мақсаты мен міндеттері қатысушылардың ғылыми- іздемпаздық жəне оқу - танымдық əрекеттерін үстемелеу; талантты жəне дарынды жас ғалымдарды іздеу жəне қолдау көрсету; Қазақстан Республикасының интеллектуалды əлеуетін қалыптастыруды насихаттау. Орыс тілі жəне адебиеті бөлімінің жұмысына ҚМПУ оқытушылары қатысты.
Кафедраның аптаның бағдарламасы әрдайым бай және қызықты болды. Кафедраның көптеген қызметі дәстүрге айналды, бірақ жаңа форматтар пайдаланылды. Аудиториялардың есіктерінде физика, астрономия, технология, математикадағы (жаңа түсініктер, олардың мағыналары, қосымшалары, ашылуы, гипотезалары, қиындықтары) заманауи жетістіктері туралы ақпараттық парақтар ілінген Уақыт кестесіндегі залда «Вечеринка» плакаты орналастырылды - жалған әңгіме, оған «танымал ғалымдар» қатысқан, олардың ғылыми ашылуылар әзіл ретінде жазылған. Студенттерге, тізімінде айтылмаған ғалымдардың қайсысы «ұмытып кеткен» екенін, ғылымға қандай үлес қосқанын анықтауды ұсынылды.
Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда маңызды орын - студенттерді іскерлік қарым-қатынас технологиясы бойынша игеру үдерісі. Мектептің профессорлық-оқытушылар құрамындағы басқару коммуникациясының мәдениеті мұғалімнің кәсіби шеберлігінің ажырамас бөлігі болып табылады. Педагогика кафедрасының әдістемелік апталығы аясында «Дефектология» мамандығының ІІ курс студенттерімен іскерлік қарым-қатынас, кәсіби этика мәселелері бойынша кәсіптік этика, кәсіби қарым-қатынас деңгейінде тиімді қарым-қатынас жасау, болашақ мұғалімдердің біліктілігін қалыптастыру мақсатында 13-ші сәуір күні «Білім берудегі менеджмент» пәні бойынша ашық практикалық сабақ өткізілді.
Сұлулығы мен ақылы ұштасқан қазақ қыздарының байқауы - "ҚМПИ аруы" өз мәресіне жетіп, оқу орнымыздың ең сұлу да талантты ару қызы анықталды. Байқауға институттың ақылына көркі сай 10 бойжеткені қатысқан болатын. Үстіміздегі жылда біз «ҚМПИ аруы» байқауын өткізген болатынбыз, осы жылы шырайлы жүзіне шуақ тұнған қазақ қызының ғасырдан ғасырға жеткен қадірлі, кәусар болмысын дәріптеу мақсатында, «ҚМПИ аруы» байқауын ұйымдастыруды жөн көрдік,- деп атап өтті, байқаудың ұйымдастырушысы Жалғасбек Шокенов.
2018 жылы 9-13 сәуір аралығында педагогика кафедрасының оқытушылары ғылыми еңбектерінің көрмесі ашылды. Аталған көрменің мақсаты: оқырман студенттердің педагогика ғылымын оқып-үйренуге қызығушылықтарын қалыптастыру, өз бетінше білім алу үдерісіне көмек көрсету. Көрмедегі экспозиция құрамына соңғы жылдары жарық көрген басылымдар кірді. Көрме қабырғасында педагогика кафедрасының оқытушыларының монографиялар, оқу құралдар және ғылыми мақалалар ұсынылды: Монографиялар «Проблемы развития образования и воспитания: теория и практика» Өтегенова Б.М., Айдналиева Н.А., Шумейко Т.С., Шалгимбекова А.Б.
2018 жылдың 13сәуірінде Педагогикалық шеберлік орталығының Қостанай қ. филилалы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетімен (бұдан әрі - ҚМПУ) бірлесе отырып, «Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды. Конференцияның мақсаты: сабақты зерттеу әдістерін іске асыруда озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату; қатысушылар арасында білім мен тәжірибе алмасу; Lesson Study шеңберінде ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту.
2018 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан театр қайраткерлерінің одағының мүшесі, Қостанай облысының 2017 меценаттар клубының лауреаты, әлеуметтік гуманитарлық факультетінің, өнер кафедрасының аға оқытушысы Сапиев А.С. «Шабыт палитрасы» атты меретойлық жеке көрмесінің ашылуы өтті. Тарихи тақырыптар, этюді шығармалар, пейзаждар, графикалық жұмыстар және 40 кескіндемелер суреттер ұсынылған. Сапиев А.С. композициясында қазақ эпосының аты аңызға айналған батырлар, туған жердің сұлулығымен айқын белгелінген.
ФМжЖТП кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес 12 сәуір, 2018 16.30-17.20 кезінде A-203 аудиторияда, жаратылыстану-математика факультетінің түлектерімен және Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің мамандарымен кездесу өткізді (жауапты ф.м.-ғ.к., доцент Қалжанов М.У.). Кездесу дөңгелек үстел форматында өтті. Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің сектор жетекшілері Киякбаева Айжан Лаиковна, Жакибаева Сауле Куанышбаевна және де ҚМПИ-ның түлектері:, Физико-математикалық лицейінің мұғалімі - Салимов Алмаз Баймарзаулы (2016 ж. «Физика» мамандығы), №10 ОМ математкиа мұғалімі -Тайжанова Алтынкыз Канатовна (2017 ж. «Математика» мамандығы) шақырылды.
12 сәуір 09.30-15.00 аралығында жаратылыстану-математика факультетінің базасында Ғалымдардың күніне арналған «Мектептегі жаратылыстану-математикалық және техникалық пәндерді оқыту» атты студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өтті (жауапты доцент Калжанов М.У., аға оқытушы Шевченко И.М.). Конференцияның басты мақсаты студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, студенттердің ғылыми қызметтегі мүмкіндіктерін толық ашуға ықпал ету. Конференция қатысушылары: жаратылыстану-математика факультетінің 2-4 курс студенттері.