2018 жылдың 28 маусымынан 1 шілдесіне дейін Ақтөбе қаласында «Татар кызы 2018» атты сұлулық пен өнер байқауы өткізілді. Бұл шарада қыздар татар тілін білу, тамақ дайындау, сән үлгісі, интеллектуалдық, көркем сөз және қолөнер жарыстарында өз өнерлерін көрсетті. Сайыс барысында қыздар «Қазақстан Ақтөбе» телеарнасына, экскурсияға барды, Достық үйінің балаларымен танысты. Сондай-ақ, қыздар чак-чак пен шаш өру мастер-класстарына барды.
Caspian Center өкілдері мен дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің ынтымақтастығы нәтижесінде 2018 жылғы наурыз айында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті мен Caspian Center арасында бірлескен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Осы шарт аясында «Туризм» мамандығының студенттері Түркиядағы сәнді қонақ үйлерде өндірістік практикадан және халықаралық тағылымдамадан өте алады. Осы бағдарлама Caspian Center құрылтайшысы, «Түркия еліндегі 5* сәнді қонақ үйлерінде өтетін тағылдама» жобасының жетекшісі Камран Әлиев пен Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті арасында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жүзеге асырылды.
4 маусымнан 15 маусым 2018 жылы аралықтарында филология факультетінде Көптілділік орталығында жазғы тіл мектебі жұмыс істеді. Жазғы мектеп шеңберінде ҚМПУ 30 оқытушысы және қызметкерлері ағылшын тілінен деңгейін тілдік ортада арттыра алды. Күн сайын сабақтар компьютерлік технологияларды және оқытудың инновациялық әдісін пайдаланумен өтті. Мектеп бағдарламасы әртүрлі болып, тілді пысықтаумен мамандық дағдыны қалыптастыру, ой - өрісін кеңейтуге, сол сияқты ағылшын тілді елдер туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған.
2018 жылдың 9-10 маусым аралығында Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендианттарының Қауымдастығы, MOST бизнес-инкубаторының бастамасымен Астана қаласының Тәуелсіздік Сарайында жастардың бизнес-жобаларына арналған «Startup Bolashak – Менің Арманым» ұлттық байқауының 1/4 ширек финалдық кезеңі өткізілді. Іс-шара ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің жауапты хатшысы А.А. Өрсариев, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігіне қарасты басқару өкілеттілігі бөлімінің бастығы Б. Касымова, MOST бизнес-инкубаторының директоры А. Хамитов, MOST Жас кәсіпкерлер клубы акселерация бағдарламасының үйлестірушісі Д.Бабич және тағы басқалар.
Қазіргі жастар өз Отанын сүюге, біздің тарихымызды жасаған мемлекет және қоғам қайраткерлерін, ағартушыларын білуге тиіс. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстанның барлық аймақтарында еліміздің танымал тұлғаларын мәңгі есте сақтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Осы бағдарламаның арқасында Қостанай қаласында Ы.Алтынсариннің кесенесі қайта жөнделді. Ыбырай Алтынсарин – қазақтың педагог-ағартушысы, жазушы, фольклорист, қоғам қайраткері және ғалым-этнограф. Алтынсарин қазақ халқының зайырлы білім беруіне бастау болды.
5 маусым күні Final International University ректоры, профессор Abdullah Oztoprak Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне Дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің шақыруы бойынша келді. Бұл сапардың мақсаты университеттің әкімшілігімен, ынтымақтастықтың негізгі нысандарын айқындау және жоғары оқу орындарының өзара әрекеттесу жолымен танысу болды. Келісімді дайындауға, кездесуді талқылауға интернационалдандыру жөніндегі проректор Педагогика ғылымдарының докторы, философия докторы, өнер шебері Ева Сметанова қатысты.
2-3 маусымда Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің волейболдан ұлттық құрамы командасы бапкердің басшылығымен Ташлыков Василий Семенович ТмПДШСжТ аға оқытушымен Астананың 20 жылдығына арналған «Бірқалыпты спорт» жобасының аясында «Болашақ энергиясы» облыстық жастар волейбол турниріне қатысты. Бұл жарыстар екінші жыл өткізілуде. Екінші жылы институт ұжымы жүлделі орындар алады. Биыл біздің команда екінші орынды иеленді. Жарыстар «Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» спорт кешенінде өтті.
29 мамырда Көптілділік орталығында түрлі деңгейде тіл үйрену курстарында сертификат тапсыру өтті. 2017-2018 оқу жылында ҚМПУ оқытушылары, қызметкерлер мен студенттері үнемі ағылшын тілі сабақтарына қатысты. Оқу кезінде тыңдаушылар түрлі әдістермен оқып, жаңа білім алып, оларды өз мамандықтарында пайдаланатын болды, сол сияқты ағылшын тілін коммуникация тілі ретінде пайдаланып, өздерін еркін сезінді.
Синьцзян аграрлық кәсіби-техникалық университетінің жеті студенті біздің Университет негізінде орыс тілі бойынша тілдік курстардан өтті. Қытай елінің білім алушылары біздің Университетімізге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2018 жылдың 22 қаңтары мен 10 маусым аралығында білімдерімен алмасты. Орыс тілі бойынша білім беру курстарын Ищанова Раиса Садыкпаевна және Арсаева Сара Болтаевна сынды білікті оқытушылар жүргізді.
2018 жылдың 23 мамырында физика-математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы О.С. Телегина және Қостанай қаласының әуесқой астрономы С.В. Солопов, 5В011000 - «Физика» мамандығының 3 курс студенттерімен қала сыртына шығып, аспандағы жұлдыздарды бақылауды ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: астрономия пәнінен дәріс және практикалық сабақтарда алынған білімдерін бекіту. Бақылауға дейін, студенттер жыл мезгілдеріне байланысты күндізгі және кешкі мезгілде бақылау жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктерімен танысты.