Филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары 2018 жылғы 12 қазан күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақырыбында өткізілген ақпараттық-насихаттау шарасына қатысты.
2018 жылдың 8 мен 11 қазан аралығында мәжіліс залында қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша білім алатын қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінің студенттеріне арналған жиналыс өтті. Бес жүзден астам студент қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінің деканы С. В. Самаркинмен ұсынылған біздің ЖОО-да кредиттік оқыту технологиясының ерекшеліктері туралы ақпарат алды. Moodle, Platonus қашықтықтан оқыту бағдарламаларында қашықтықтан оқыту орталығының бастығы П.Н.Радченко болды.
2018 жылдың 11 қазан күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің акт залында «Студенттер қатарына қабылдау-2018» кеші өтті. Бекболат Жазықбаев пен Дана Нұрахмет «Өмір шіркін» әнімен сахнаны ашқаннан соң, университет ректоры, профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы студенттерді құттықтап, студенттік билетті Арбада би билеуден Халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 1 курс студенті Мұхтарова Маликаға табыстады.
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің Қазақстандық моделін насихаттау бойынша республикалық дәріс өткізу аясында Қостанай облысы 2018 жылы 11 қазанда Қазақстан Халық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті. Қонақтарың алдында Қостанай облысы Ғылыми Сараптамалық Топтың төрағасы А.Б Бекмағамбетов сөз сөйледі, ол облыстық Ғылыми Сараптамалық Топ жұмысы және «Қазақтану» жобасының маңыздылығы туралы, О.Н. Евдокимова, ҚМПУ Қазақ Халқы Ассамблея кафедрасының меңгерушісі жастар санасын рухани жаңғырту және патриотизм бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясындағы Қазақ Халқы Ассамблея кафедрасының қызметі туралы айтып берді.
2018 жылдың 11 қазанында шетел тілдері кафедрасы Kundelik.kz электрондық журналдар мен күнделіктерінің бірыңғай жүйесі бойынша тренинг ұйымдастырды. Тренингке 5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 5В011800 - «Орыс тілі және әдебиеті», 5В011900 - «Шет тілі: екі шет тілі» мамандықтарының 3-4 курс студенттері қатысты. М. Қозыбаев атындағы №23-ші орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі - Ажиниязова Жанна Мұратқызыспикер ретіндеқатысты.
2018 жылдың 10 қазанында айында ақпаратты кітапхана орталығында тарих ғылымдарының докторы Байдалы Рауан Жомартұлымен кездесу өткізілді. Кешті жаратылыстану факультетінің 3 курс студенті Сәбит Зере жүргізді. Кездесуге психология және педагогика факультеті, әлеуметтік – гуманитарлық факультеті, филология факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты. Жаратылыстану факультетінің 1 курс студенттері Саясат Кәусар мен Шахиева Айгерім ұстаз жайында өлеңдер оқыды.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің психология және дефектология кафедрасының оқытушылары Демисенова Ш.С., Бисембаева А.К., Молдахметова Г.М., Григорова Ю.Б., Калиниченко О.В., Қостанай облысының білім беру әкімшілік Басқармасының республикалық ғылыми-практикалық «Қостанай Дарыны» орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген, білім беру мекемелерінің психологтар арасында "Ең үздік психолог - 2018" сайысында қазылар алқасы ретінде қатысты.
16 қазан күні Л. Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен өлкемізден шыққан ақын, азапты айдауда болған алашордашылардың бірі – Файзолла Сатыбалдыұлының 135 жыл толуына арналған «Көкірегі алтын көмбе – Файзолла Сатыбалдыұлы» атты портрет – кеш өтті. Кешке Жазушылар одағының мүшесі, ақын Серікбай Оспанов, ҚР ұлттық қауіпсіздік ардагері, полковник, Сатыбалды ишанның шөбересі – Рамазан Зияуйтденов, Файзолла Сатыбалдыұлының ұрпақтары, ҚМПУ профессоры Өтеген Исенов және 3 курс «тарих» мамандығының студенттері қатысты.
2018 жылдың 5 қазаны күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің А201 аудиториясында ҚМПУ «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастаруымен «Ядролық қарудан бас тарту: осы шешімінің нәтижесі қандай? Осы шешімге сіздің көзқарасыңыз қалай? Ядролық қарудан бас тарту арқылы біз не жоғалттық?» тақырыбында факультет аралық қазақ және орыс тілінде дебат турнирі өтті. Университетіміздің «Парасат» пікірталас клубының қолдауымен өткен турнирде қатысушылар алты аудиторияға бөлініп, берілген тақырыпты талдап, ойынды қызу бастап кетті.
Ұстаз – ұлағатты есім. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаз еңбегін елемеу – қасиетсіздік. Қазақстанда бұл мереке қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтіледі. Филология факультетінде де бұл мереке елеусіз қалған жоқ. Қазан айының 5-күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен ұлағатты ұстаздар күніне орай мерекелік шара өтті.