2007 жылдан бастап Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» акциясы өткізіліп келеді. Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Биылғы жылы қазылар алқасының шешімімен үш кітап таңдап алынды: Немат Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» және Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары. 2018 жылғы 24 қазанда ғылыми-көпшілік әдебиеттер бөлімінде Қостанай педагогикалық колледжінің 1 курс студенттері үшін Ш.Құдайбердіұлының «Үш анық» шығармасы бойынша талқылау-кездесуі өткізілді.
Ақын Ғафу Қайырбековтың туғанына 90 жылдығына орай 2018 жылғы 24 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеттің ақпаратты – кітапхана орталығында «Қазақ поэзиясының жұлдызы» атты әдеби – музыкалық кеш өтті. Кештің мақсаты: ақын, туралы, ой-пікірімізді айту, оның өмір жолымен шығармашылығымен танысу,өлеңдерінен сыр шерту. Кешке ақын, филология ғылымының кандидаты, КМПУ профессоры Серікбай Оспанұлы қатысты. Кешті жаратылыстану факультетінің 3 курс студентті Сәбит Зере жүргізді.
2018 жылғы 23 қазанда ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы Scopus & Science Direct базаларын қолдану арқылы ғылыми жұмыстардың сапасын жақсарту бойынша оқыту семинарын ұйымдастырды. Elsevier компаниясының өкілі Дина Шайхислам Scopus базасында индекстелінетін журналдарда мақалаларды жариялау мүмкіндіктері мен ережелері туралы толық ақпарат берді. Семинарда Science Direct деректер базасында мәліметтерді іздеу тиімділігін арттыру, қолданылатын іздеу жүйесінен тәуелсіз қажетті мағлұматқа қол жеткізу сұрақтары қарастырылды.
2018 жылдың 22 қазанында Халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық орталығы ҚМПУ-нің қосымша және қашықтықтан оқыту факультетімен бірлесіп "Ағылшын тілін оқыту әдістемесіндегі инновациялық тәсілдер: оқу дағдыларын дамыту"тақырыбында онлайн-пікірталас өткізді. Пікірталас "Шет тілі: екі шет тілі" мамандығының студенттері, ҚМПУ шет тілдер кафедрасының оқытушылары (О. Д. Подавец, А. Б. Асанова, М. И. Кудрицкая, А. И. Уали), Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары мен студенттері қатысты.
2018 жылдың 22 қазанында «Әлеуметтік және гуманитарлық» факультетінің, Құқық және экономика мамандығының 3 курс студенттері: Гаппар Айзере, Матығұлов Дәуіржан, Қуаныш Сымбат, Өмірбаева Құрманкүл, Мухамедрахимова Жансулу, Оспанова Камила, Рахимгалиева Анара және Бекмагамбетов Р.К., Разуваева М.В. мұғалімдерімен бірге «Әлеуметтік процестерді мемлекеттік және азаматтық қоғам тұрақтылығының факторы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы модельдеу» конференциясына белсене қатысты.
2018 жылғы 22 қазанда Әмбебап оқу залы Лев Николаевич Толстойдың 190 жылдығына арналған «Көркем сөз алыбы» атты оқырман конференциясын өткізді. Шарада философия ғылымдарының кандидаты, ҚМПУ қауымдастырылған профессоры Б. Х. Әлшанова және кітапхана ісінің ардагері С. С. Юсупова сөз сөйледі. Жазушының туған және жерленген жерін – Ясная Полянаны көру мүмкіндігіне ие болған қонақтар өздерінің сапарлары жайындағы әсерлерімен бөлісіп, Лев Толстойдың шығармашылығы туралы пікірлерін білдірді.
Психология және дефектология кафедрасының оқытушылары: Смаглий Т.И., Демисенова Ш.С., Тойымбетова Д.С. 1-7 сынып оқушылар арасындағы "Зерде" ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстары республикалық сайысының облыстық деңгейінде қазылар мүшесі ретінде ат салысты. Сайыс орта және кіші мектеп оқушыларда интеллектуалды-шығармашылық потенциалын арттыру және жеткіншектерде зерттеуші іс-әрекет дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Аталмыш сайыс 2018 жылдың 20 қазанында өткізілді.
2018 жылдың 20 қазанында филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Есіркепова К.Қ. Қазақстан-Қостанай ұлттық телеарнасының тілшілеріне латын әліпбиінің ереже, емлелеріне қатысты сұхбат берді. Сұхбаттың мақсаты - латын графикасына негізделген әліпбиге көшу барысынан хабардар ету. Қазіргі таңда латын әліпбиіне көшу бағытын жүзеге асыру мақсатында өте ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бірі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жасаған жобасы.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын талқылау жұмыстары Қостанайда жалғасуда. Жолдауды талқылауға университетіміздің оқытушылары да үлес қосып жүр, соның бірі филология ғылымдарының кандидаты, доцент Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызы.
2018 жылғы 18 қазанда педагогикалық пәндер циклін оқу аясында 5В010200 – "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының 4 курс студенттері үшін сабақ тақырыбын ескере отырып, "мектепке дейінгі және бастауыш білім беру" кафедрасының меңгерушісі п.ғ. к. Е. Д. Ли мен аға оқытушы Ш. Е. Жандауова Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" базасында сабақ ұйымдастырды.