Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Т.Р. Пчелкина мен Д.А. Исина "1-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардыңбайқауы"республикалық байқауыдың облыстық кезеңіне қазылар мүшесі ретінде ат салысты. Байқау 9 қарашада кіші және орта жастағы оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру және зерттеушілік дағдыларын дамыту мақсатында өткізілді.
2018 жылы 6,8 қарашасында филология факультетінің «Шет тілі: екі – шет тілі» мамандығы бойынша, 3 курс студенттеріне арналған ақпарат күндері өткізілді. Кітапханаға келіп түскен шет тіліндегі жаңа әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Студенттер оқыту әдістемесі, аударма теориясы, лингво-тілтану, фонетика, грамматика, лингвистикадағы ақпараттық технологиялар бойынша кітаптармен танысты. Сондай-ақ «Мектептегі шет тілі» Республикалық әдістемелік-педагогикалық журналдар ұсынылды.
Жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасы Елбасының "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" атты мақаласының бағыттарын талқылау аясында 08.11.2018 ж. дөңгелек үстел: "Жастар басымдылығы - білім" тақырыбында өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты, қазіргі заманғы реформалар процесінде - Қазақстан Республикасы мұғалімдерінің педагогикалық практикасының нәтижесі жаңартылған білім беру үлгісінде ұйымдыстырылды. Мысал ретінде: Қостанай қаласынан НЗМ ФМН.
2018 жылдың 6-7 қараша аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» тапсырысы бойынша, «Стратегиялық коммуникациялар» медиа-агенттік» ЖШС ұйымдастыруымен «Білім ал – капиталыңды өсір!» тақырыбында қаржылық сауаттылықты дамыту мақсатында оқу өтті. Дәріс, тренинг форматында өткен оқуға әр түрлі жастағы адамдар қатысты. Жеке қаражат пен отбасылық бюджетті, ұйымның бюджетін жоспарлау, өз қаражатыңды орынды жұмсау және көбейте білу, цифрлық банктік қызметтердің жаңа құралдары мен басқа да көптеген пайдалыр ақпараттар айтылған бұл оқу екі күнге созылды.
6 қараша 2018 жылы Балғабай Гаухар Закарянованың жетекшілігімен «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенттерімен «Рухани Жанғыру» бағдарламасының аясында кездесу өтті. Кездесу барысында Гаухар Закарьяновна осы бағдарламалардың негізгі бағыттары:бәсекелестікке қабілеттілігі, прагматизм, ұлттық идентификацияны сақтау, мәдени ұғым, эволюциялық даму және ой-көкіретің кенейуі туралы ақпараттармен бөлісті. Соңымен қоса біздің университет қабырғасында жүзеге асырылатын жобалар оқылды.
6 қарашада Дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінде факультет түлегі А.В. Қаратаевпен кездесу өтті. Кездесуге «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенттері және «Туризм» мамандығының 1 курс студенттері, ДШСжТ факультетінің деканы Кифик Н. Ю п.ғ.к., доцент Огиегко Н.А., ДШСжТ кафедрасының оқытушысы И.Гурская келді. Студенттер өздерінің жолдасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің зейнеткер полковнигі, ғалым, жергілікті тарихшы, жазушы, ақынның қызықты өмірі мен қызметімен танысуға мүмкіндік алды.
2018 жылдың 5 қарашасында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың (5 қараша 1993 ж.) Жарғысымен бекітілген «Болашақ» Халықаралық шәкіртақысының 25 жылдығын атап өтті. Бағдарлама мақсаты – ел экономикасының басым секторларына мамандар мен кадрлар дайындау. Бағдарлама негізі, академиялық оқу (магистратура, докторантура) мен әлемнің дәрежесі жоғары университеттері мен компанияларында ғылыми өндірістік тағылымдама өту. Осыған орай, «Болашақ» түлектері - Ибрагимова Светлана Викторовна мен Ибраев Қанат Закарьянұлы, Шаймурунов Саята Жұматұлы басшылық ететін Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі басқарма қаламыздағы ЖОО студенттерімен танысу-білісу кездесуін ұйымдастырды.
2018 жылғы 5 қарашада «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Edukey» білім беру орталығының қолдауымен, «NEWdem студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттыру» студенттік startup жобасының жетекшісі, педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ермаганбетова Акбота Жаналыковнаның ұйымдастырумен «Ақпараттық компьютерлік технология – табысты мұғалім мектебі» тақырыбында мастер-класс өткізілді.
2 қараша 2018 ж. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Жылы жүрек» атты cinema project өткізілді. Бұл іс - шараны педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ермаганбетова Акбота Жаналыковна «“NEWdem” студенттердің әлеуметтік белсенділіктерін қалыптастыру» startup жобасы аясында ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – студент жастарды қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелей отырып, қоғамдық белсенділіктерін арттыру. Cinema project - ке барлығы 8 жоба ұсынылды.
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушылары Белан О. Р. және Кубеев М. С., сондай-ақ жаратылыстану - математика факультетінің биология және география мамандығының 4 курс студенттері Атрощенко О. және Коляда Я. 30.10-2.11.2018 уақыт аралығында филология және психология-педагогика факультеттерінің бірінші курс студенттері арасында "Таза қала" атты тренингін өткізілді. Осы іс - шараның мақсаты - табиғатқа деген жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру; қоршаған ортада болып жатқан барлық жағдайларға ортақтастық және қамқорлық сезімдерін дамыту.