Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 754 қаулысына сай академик Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілуімен құттықтаймыз!
2018 жылғы 27 қарашада Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Е.М. Жайлебаев университет студенттерімен кездесуі өткізді. Е.М. Жайлебаев өз сөзінде түлектерге мемлекеттік қызметке түсу үшін қажетті ақпаратты түсіндірді және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабында көзделген үміткерлерді іріктеу критерийлеріне ерекше назар аударды.
2018 жылдың 21-27 қараша аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің қызметкерлері үшін "Work Related Stress and Burnout and Coping Strategies"тақырыбындасеминарөткізілді. Семинарды Словакиядан келген, Трнавақаласындағы Әулие Кирилл және Мефодия университетінің PhD докторы, психолог, психология ғылымдарының докторы Андреа Барановска жүргізді. Семинарда Андреа күйзеліс табиғи туралы, қоса алғанда күйзеліс физиологиясын, және адам жағдайына қалай күйзеліс әсер ететінін, күйзелісекінегізгі эмоциясын дайындады.
26 қарашада ҚМПУ менторлік жобасы (кураторы Важева Н.В.) қатысушыларының алғашқы отырысы өтті. Өткен оқу жылының аяғында ҚМПУ сайтында жарияланған сайыстың шартына сай жас ұстаздар конкурсының соңғы сатысына дайындық туралы сұрақтар қаралды. Мәжіліске қатысушылар өздерінің тәлімгерлерімен келді. Ректордың кеңесшісі п.ғ.д., профессор Бектурганова Р.Ч. қатысушыларға конкурсқа байланысты қосымша бағдар берді. Тілек білдірген 12 үміткердің бүгінгі күні жетеуі іріктеліп алынған. Үміткерлердің ашық сабақтары 2019 жылдың ақпан- наурыз айларына белгіленді.
26 қараша 2018 жыл Психологиялық Педагогикалық факультетінің Психология және дефектология кафедрасының студенттерімен ММ «№3 Мектеп – гимназиясының » психологы Пряхин Евгений Александровичпен кездесу өтті. Жас маманның жұмыс өтілімі 5 жыл болсада, Евгений Александровичтің кәсіби әрекетінде қолданып жүрген табысты бірқатар актуалды тәжірибелік жұмыстары бар. Мектептегі Психолог жас мамандардың перспективалары және мәселелері кездесудің басты тақырыбына айналды.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті (Жаратылыстану-математика факультеті, Жаратылыстану ғылымдарының кафедрасы) қатысатын, «Ауылшаруашылық ресурстарын тұрақты түрде қолдану үшін инновациялар мен Оңтүстік-Батыс Сібірдің (ReKKS) және Қазақстанның құрғақ далаларындағы климатқа бейімделуі» пәнаралық халықаралық ғылыми жобасы «КЛИЕНТ II – тұрақты инновацияларға арналған халықаралық серіктестік» МББФ қаржыландыру шарасының бір бөлігі болып табылады.
2018 жылдың 26 қарашасында ҚМПУ - нің қоғамдық пәндер, құқық жэәне экономика негіздері кафедрасы оқытушылары тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Әлібек Тамара Қайыржанқызы мен философия ғылымдарының кандидаты, доцент Амантаева Айгүл Бақытжанқызы педагогика және психология, жарактылыстану-математика факультеттерінің 1 - курс студенттерімен дәстүрлі түрде өткізілетін Тұңғыш Президент күніне арналған жаңа форматтағы лекторий өткізді. 1-кезең: 1990ж. сәуірі-1995 ж.тамызы аралығы.
2018 жылдың 26 қарашасында «Таңдаған спорт түрлерінен спорттық дағдыларды дамыту» пәні бойынша Дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен тәжірибесі кафедрасының және Кітапхана мен ғылыми орталықтың бірлескен іс-шарасы өткізілді. Кафедраның аға оқытушысы, жоғары аттестаттау комиссиясының доценті Бикташева Ғалия Шарафовна «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының бірінші курс студенттері «Elsevier» және «ThompsonReutors» электрондық ақпараттық порталдарын пайдалана отырып пән бойынша халықаралық ғылыми жұмыстармен таныса алатын ақпараттық-кітапханалық орталығында семинар өткізді.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің қабырғасында Жас Отан ЖҚ қолдауымен, «Парасат» дебат клубы ұйымдастыруымен 2018 жылдың 24-25 қараша аралығында «Жастар жемқорлыққа қарсы» атты обылыстық пікірсайыс турнирі өткізілді. Аталмыш турнирге Арқалық, Рудный, Қостанай қалаларының пікірсайысшы жастарынан құралған 36 команда қатысып, өз арасында жеңімпаздарын анықтады. Турнир барысында жастар бойындағы патриоттық сезім мен жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуді, азаматтылық пен отансүйгіштікті жастар арасында дамытуға арналған турнир мақсаты орындалды.
23 қараша мен 24 қараша аралығында дене тәрбиесі, спорт және туризм факультетінің студенттерімен жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларымен студенттер арасында жаяу туризм техникасы бойынша қалалық жарыс ұйымдастырылып өткізді. Бұл іс-шараның басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау және студенттерді спорттық туризмге және белсенді демалысқа тарту. Капитандар үшін жеке жарыстар өткізілді, сондай-ақ команда туристік кедергілер жолында туризм техникасының білімдері мен дағдыларын көрсетті.