14 қараша 2018 жылы Л. Н. Толстой атындағы кітапханада «Екі жүз жыл өтті..» осы сөздермен кеш басталды, 9 қарашада орыс жазушысы, ақын, махаббат тақырыбы мен орыс табиғатының жыршысы Иван Сергеевич Тургеневтің туғанына 200 жыл толды. Оған "Орыс тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері шақырылды. Қатысушылар мектеп оқулықтарынан таба алмайтын еркін әңгіме түрінде жүргізді: Тургеневтің ерекшеліктері оның шығармаларында, тек жазушы ретінде ғана емес, және жеке тұлға, азамат ретінде, тереңдік туралы жасырылған.
–14 қараша күні Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Алтын Орданың 750-жылдығына орай «Түркі генезисі және Алтын Орда» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің модераторы Аманжол Күзембайұлы болды.Осы шарада т.ғ.д., профессор Еркін Аманжолұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Алтайтану және түркітану ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Сартқожа Қаржаубайұлы, Тұғұрұлхан Қоғамдық Бірлестігінің Шежірешілер Алқасының Хатшысы, Журналистер Одағының Мүшесі, Өлкетанушы Шалқарбек Карабаев, «Қазақстан тарихы» интернет-жобасының жетекшісі, ҚР Ақпарат саласының үздігі Алтынбек Құмырзақұлы, Тұғұрұлхан Қоғамдық Бірлестігінің Ақпарат Басшысы, Дүниежүзілік Қазақтар Қауымдастығы мен Қазақстан Республикасы Тарихшылар Конгресі Мүшесі Бахытхат Солтанбай, Тұғұрұлхан Қоғамдық Бірлестігінің мүшесі Ерланқан Данияр қатысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың А. "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде және болашақ мамандықты таңдау барысында білім алушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында ағымдағы жылдың 13 қарашасында Федоров ауылында аудан әкімі Тауба Қайыржанұлы Исабаев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Динара Әбдікәрімқызы Бектыбаеваның қатысуымен 9, 11 сынып оқушылары үшін "Мамандықтар әлемі" кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша III аудандық форум өткізілді.
2018 жылғы 12 қарашада ардагерлер кеңесі отырысында ҚР «Педагог мәртебесі» заңының талқылауы өткізілді. Қазақстанда педагогтардың мәртебесі туралы заң 2019 жылы бекітіледі, қазір қоғамдық талқылау сатысында. Заңда педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру үшін, оқу жүктемесін қысқарту бойынша ынталандыру, қажетсіз тексерулерден қорғау және басқа да шаралар көзделетін болады. Ардагерлер кеңесі мүшелері өздерінің ұсыныстарын ортаға салды. Заңды талқылауға Б.М. Өтегенова, п.ғ.к., педагогика кафедрасының меңгерушісі.
2018 жылдың 12 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің конференц-залында журналисттік жолда талай жыл еңбек еткен Хасенов Ермекбай Қайыпұлымен кездесу өтті. Талантты журналист 1987 жылы «Жалын» Алматы баспасында алғаш басылымға шыққан «Батыр Сұлтан» (Кеңес үкіметінің батыры Сұлтан баймағамбетов жайлы) деректеме повесінің авторы, «Өнегелі ғұмыр» деректеме повесінің авторы, көптеген очерктер мен мақалалардың авторы, журналистер арасындағы облыстық конкурстың жеңімпазы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Мәдениетінің еңбегі сіңірген қызметкері (2009), «Қазына» сыйлығының лауреаты (2005).
Университетімізде студенттердің startup жобасының саны жыл сайын артып келеді. Биылғы оқу жылынан бастап педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ермаганбетова Акбота Жаналыковнаның жетекшілігімен «NEWdem студенттердің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру» студенттік startup жобасы белсенділік танытуда. Жобаны жарнамалау, студенттердің медиа-сауаттылықтарын қалыптастыруда облыстық телеарналармен тікелей тығыз байланыс орнатты.
2018 жылғы 9 қарашада «Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ» педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрларды даярлатып жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру курстарының нәтижелері бойынша жаратыластану ғылымдары кафедрасының оқытушылары Суюндикова Ж.Т., Баубекова Г.К. «Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша формативті бағалау кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдері» атты әдістемелік семинар өткізді.
09.11.2018 ж. Жаратылыстану-математика факультеті, «Химия» мамандығының 3-курс студенттері ақын, жазушы, филология ғылымдарының кандитаты, профессор Серікбай Оспановпен «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» бағдарламасы аясындағы «Алтынсарин әлемі» атты кездесу кешін ұйымдастырды. Бұл кеште ақын ағамыз студенттерге «Алтынсарин және оның мұраларын зерттеу» туралы біраз ақпарат беріп, өзінің көптеген жаңалықтарымен бөлісіп, студенттерді айтарлықтай таңқалдырды. Сонымен қоса, студенттер тарапынан ақын ағамызға: «Бізге қызық… Сіздің ойыңызша ақындық өмір, ақындық әлем қандай өмір, оның қыры мен сыры неде? Сізге осы өмір несімен ұнайды?», «Осы өмір жолыңыздан түйіп, түсінгеніңіз көп те шығар... Алайда өзіңіздің жүрегіңіз бағынатын, өмірлік ұстанымыңыз қандай?» деген біршама қызықты да, мәнді-мағыналы сұрақтар қойылды.
2018 жылдың 6 қарашасында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының "География" мамандығының студенттері Қайрат Аяулым, Есеналина Әйгерім "Қазақстан Ұлттық Банкі" РММ Қостанай филиалы өткізген " Егемен Қазақстанның қалыптасуындағы теңгенің рөлі " тақырыбындағы студенттік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Педагогикалық білім беру магистрі Г.К.Баубекова, география магистрі К.И.Омарова жетекшілік ететін "Теңгеге дизайндағы бейнелеген табиғат нысандарын талдау" тақырыбына ұсынылған баяндамаллар Қостанай облысының жоғары оқу орындары ұсынған 32 ғылыми жұмыстар арасында іріктеу кезеңінен өтті.
2018 жылдың 9 қарашасында біздің ЖОО-да өлкетанушылар клубының кезекті отырысы өтті. Бізге отырысқа қатысқан Қостанай облысы Мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік есепке алу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Марина Александровна Алексеенко негізгі баяндамашы ретінде қонақ болып келді. Марина Александровна мұрағаттық және ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы-Қазақстандағы жер аударылған халықтардың тағдыры туралы. Ол жер аудару мәселесі бойынша халықаралық және республикалық форумдардың бірнеше рет қатысушысы, Қостанай облысындағы неміс диаспорасы туралы жарияланымдардың авторы.