2018 жылғы 2 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде психология-педагогика факультеті ұжымының ұйымдастырылуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, аудармашы, педагог Спандияр Көбеевтің туғанына 140 жыл толуына орай атаулы аудитория ашылды. Ыбырай Алтынсарин ашқан қазақ-орыс мектебінде сауат ашып, ұлт ұстазының ізін қуып, жолын жалғастырған Спандияр Көбеевтің бастауыш сынып балаларына арналған «Үлгілі тәржіма», «Үлгілі бала» оқулықтары мен қазақ даласындағы алғашқы романдардың бірі «Қалың мал», одан кейінгі «Орындалған арман» ғұмырнамалық еңбегін білмейтін жан кемде-кем.
2018 жылы 2 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті Қостанай облысының архивімен бірлесе отырып «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы мұрағаттың рөлі» ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды. Іс-шара алдында «ҚОМА» ММ құжаттарының тақырыптық экспозизияларымен «Мұрағатшы болу – мақтанышымыз!» фотоқұжаттар көрмесі қатысушылар назарына ұсынылды. Конференцияда келесі тақырыптар қозғалды: «Қостанай қалалық мемлекеттік архивінің материалдары бойынша 1936-1939 жж. Қостанай облысы тұрғындарының рухани өмірінің жағдайы», «Қостанай қалалық мемлекеттік архивінің құжаттары бойынша Қостанай нақты ғылымдар мектебі тарихынан», «Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянына қатысты тарихи деректер» және т.б.
2018 жылдың 2 қарашасында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығының 6697 әскери бөлімінің қызметкерлері филология факультетінің оқытушылары және студенттерімен бірлесіп «Студенттердің адамгершілік құндылықтарын жаңғырту» атты дөңгелек үстел өткізді. Кездесуде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы “Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек,”-деген мәселе төңірегінде әңгіме өрбіді.
2018 жылдың 1 қарашасында "Мен-машықтанушымын" тьюторлық жоба аясында "Мен-машықтанушымын: кәсіпке апарар жолым" атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қостанай қаласынан және облыс бойынша 20 жас мұғалім, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінен тәжірибелі педагог – тәлімгерлер,сол сияқты "Білімді Ел-Образованная страна" газетінің штаттан тыс тілшісі Анна Баксараева қатысты. Жас оқытушылар мектепте бейімделуден қалай өткендері, қандай қиындықтарға кезіккендері жайында айтып,өз жетістіктерімен бөлісті.
2018 жылдың 31 қазанында ҚМПУ психология және дефектология кафедрасында "Ересектерге шет тілін оқытудың психологиялық ерекшеліктері" атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел қатысушыларына ППФ деканы Н.А. Айдналиева Қазақстандағы тіл ахуалын дамытудың басымдықтарын белгілей отырып, құттықтау сөз сөйледі. ҚМПУ вице - ректор Ева Сметанованың ұсынған Словакиядағы ересек және жастардың шет тілін үйрену тәжірибесі талқылау үшін қызықты болды.
2018 жылдың 31 қазан күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің екінші қабатында белсенді студенттердің ұйымдастыруы және қатысуымен қайырымдылық жәрмеңкесі өткен болатын. Мақсатымыз Ренитопатия ауруының 5 деңгейіне шалдыққан Шишкина Викторияға қаржылай көмек. Белсенді студенттер қолдан дайындаған тағамдарын: торт, бауырсақ, тәтті тоқаштар т.епб. қонымды бағаға сатты. Біздің қызметшілер мен студенттердің қолдауы арқасында жиналған қаржы ауруға шалдыққан бүлдіршінге көмек жіберілмек.
2018 жылғы 31 қазанда Францияның Қазақстандағы елшілігінің ынтымақтастық пен мәдени шаралар жөніндегі кеңесшісі Лор Кастен мен халықаралық Вальбон орталығының өкілі Жереми Кампоново Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде болды. Сапарадың мақсаты - ҚМПУ-дың Францияның Қазақстандағы елшілігімен ынтымақтастығы туралы келіссөз мерзімін ұзарту. Осы келіссөз төңірегінде елшілік білім және мәдени байланыстарды дамытуда ҚМПУ-ға қолдау көрсетуге міндеттеме алды.
2018 жылдың 29-31 қазаны аралығында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы мен «Қостанай әкімдігінің физика-математикалық лицейі» ММ-нің ынтымақтастығы аясында ҚМПУ қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Т.Р. Пчелкина «Мектептегі ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында практикалық семинарын өткізді. Семинар барысында оқушы жобаларының типтік қателіктері, өзекті мәселелерді таңдау, зерттеудің жаңалығын негіздеу, әдістерді таңдау, ғылыми ақпаратты іздеу және өңдеу мәселелері талқыланды.
2018 жылдың 28-30 қазан аралығында Тюмень қаласында «Жас Евразия» халықаралық жастар форумы өтті. Атаулы іс-шараға біздің университетімізден Жаратылыстану-математика факультетінің 3 курс студенті, Жоғары студенттер кеңесінің төрағасы Жаманкұлова Махаббат пен Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 4 курс студенті Шалғымбаев Диас барған болатын. Форум 4 топтан тұрды: «Гуманитарлық ынтымақтастық және мәдениетаралық диолог», «Жас кәсіпкерлік», «Трансганиялық ынтымақтастық жобалары» және «Ауыл территорияларын дамыту».
2018 жылдың 25-27 қазан аралығында Зеренді ауылында (Көкшетау қаласынан 50 шақырым жерде) "Aurora Garden" демалыс орталығы базасында жастармен жұмыс әлеуетін арттыруға бағытталған өңірлік тренингтер өтті. Аталған іс-шаралар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік Банктің гранттық қолдауымен "Жастар саясатын іске асыру бөлігінде ҚР БҒМ институционалдық дамуын қолдау" (Zhas project) жастар корпусын дамыту жобасының екінші компоненті шеңберінде, әсіресе жастардың әлеуметтік осал топтары арасында қоғамдық пайдалы қызметті оқыту бағдарламасын іске асыру арқылы қоғам өміріне жастардың тартылуын ынталандыру және өмірлік маңызды дағдыларды дамыту мақсатында іске асырылады.