2018 жылы 26 қазанда Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасымен және «ГрИн» Қостанай облысының Азаматтық Альянсы» қоғамдық қорымен бірлесе отырып «Рухани жаңғыру Қазақстанның төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуының негізгі факторы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды, оның басты міндеттері келесідей болды: қоғамдық сана шеңберінде елдің мемлекеттік саясатын қолдау деңгейін көтеру.
2018 жылғы 26 қазанда History Lab (221 кабинет) өлкетану клубының кезекті отырысы өтті. Клубтың ғылыми кеңесшісі - қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Сергей Владимирович Самаркин, жергілікті өлкетанушылардың қатысуымен өткен және алдағы іс-шаралар туралы ақпарат берді. Шағатаева Зауреш Жарасбаевна, Қостанай педагогикалық колледжінің студенттер тобының жетекшісі, Введенка ауылына баруы туралы шағын есеппен сөз сөйледі.
«Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен «English for Zhastar» жобасының шеңберінде 2018 жылы Қазақстанның түрлі өңірлерінен еріктілер ауылға жіберілді. 2018 жылғы 20 қыркүйекте конференциядан кейін студенттер «Нұр Отан» партиясының бірінші төрағасымен бірге аудандарға аттанды. Студенттерге ағылшын тілі сабақтарын өткізуге арналған арнайы бөлме бөлінді. Бірінші күні тіл үйрену деңгейін анықтау үшін студенттер онлайн тестілеу өткізді. Әрбір студентке 20-25 оқушыдан 2 топ (бастауыш және орта аралық) берілді.
2018 жылғы 26 қазанда ақпараттық – кітапхана орталығынның оқу залында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған кітаптардың тұсаукесері өтті. Шараға қоғамдық пәндер, құқық негіздері және экономика кафедрасының профессор– оқытушылар құрамы мен студенттері шақырылды. Оқулықтарды кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент А.Б.Амантаева, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Т.Қ.Әлібек, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Т.Тобылов.
2018 жылдың 26 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы Ақкужинова Бибігүл Бүркітқызы, Жастар қанаты төрағасы Мухамеджанов Әлібек және Филология факультетінің деканы Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызы мен ҚМПУ студенттер арасында кездесу өтті. Диалог алаңы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын талқылауға арналды.
Қазіргі заман талабына сай жастардың саналы түрде мамандықты дұрыс таңдауы басты мәселелердің бірі. Осы тұрғыда кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары ағымдағы жылдың 23-25 қазаны аралығында мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру мақсатында облыс аймақтарына барды. Кафедра оқытушылары Г.А. Сейсембай мен Т.Т. Сейсембай Таран ауданы және Рудный қаласы, Б.Б. Есенғазина мен А.Қ. Абдрашева Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарындағы мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
2018 жылдың 25-ші қазан күні жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «Назарбаев зияткерлік мектептері» автономды білім беру ұйымының «Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының химия пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Оқушыларға білім берудегі және білімін бағалаудағы заманауи көзқарастар: Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жұмыс тәжірибесі» атты әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға шақырылған мұғалімдердің барлығы ҚМПИ түлектері болып табылады (Антаева Г.Т., Нурушева А.Б., Мұхтарұлы Е., Кинжекеева Г.М., Тулубаев Н.Б., Нурсултанова К.А., Дарибаева С.А.).
2018 жылдың 21-25 қазан аралығында Алматы қаласында Бірінші Республикалық ерікті студенттер слеті өтті. Бұл жиынға біздің университет студенттері, Психология және педагогика факульетінің 3 курс студенті Нұрахмет Дана мен 2 курс студенті Лантух Яна барған болатын. Дәріс тақырыптары біздің елдегі және аймақтағы еріктілер күшін дамыту. Басты мақсат: делегаттар мен лектор арасында білім мен тәжірибе алмасу. Кездесу диалог түрінде өтіп, форум қатысушылары өз ойымен бөлісіп, өз көзқарасын жеткізе білді. «Красный Полумесяц Казахстана» ҚҰ өкілдері біріші медициналық көмек тақырыбында, презентация көрсету арқылы, ифаркт, инсульт, сынық және эпилепсин кезінде қандай көмек көрсету керек екендігін айтып, екі сағаттық дәріс өткізді.
2018 жылдың 25 қазанында филология факультетінің «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 1 курс студенттері мен шет тілдер кафедрасының оқытушысы Жаукина С.А. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «балабақша-мектеп-интернат» Қостанай қаласының арнайы кешені» КММ барды. Мектеп оқушылары мен студенттер бірлесіп «Үш тілділік әлемінде» тақырыбында ақпараттық стенд жасауды ұйымдастырды. Студенттер осы тақырып бойынша балаларға арнап өте қызықты және пайдалы материалдар дайындапты.
2018 жылдың 24 қазанында "СолтүстікҚазжерқойнауы" ӨД геологиялық мұражайына "География"мамандығы орыс және қазақ бөлімдерінің 1 курс студенттері дәстүрлі экскурсиядан өтті. Мұражай меңгерушісі Вера Петровна біздің студенттерді мұражайдың құрылу тарихымен және түрлі экспонаттармен таныстырды. Сонымен, студенттер геологиялық мұражай 1956 жылы геологиялық коллекциялық материалдарды есепке алу және сақтау үшін құрылғанын білді. Мұражайда сан алуан үлгілер және оның ішінде сирек кездесетін минералдар бар.