Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне біздің көрнекті қайраткеріміз Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазиннің есімінің берілуін үлкен жауапкершілікпен қабылдады. Оқушылар мен мұғалімдерге, ғалымның өмірбаяны туралы көбірек білуге мүмкіндік беретін бірқатар іс-шаралар өткізілді. Осылайша, «Химия» және «Биология» мамандықтарының оқытушылары мен студенттері «ЖАҢА АТПЕН - ЖАҢА ЖЕТІСТІККЕ!» кураторлық сағатының қатысушылары болды.
Желтоқсан айының 9-шы жұлдызында Қостанай облысы жоғарғы оқу орындары арасындағы «5 жаңа тұлға» облыстық байқауының нәтижесі белгілі болды. Негізі байқауды ұйымдастырушы "Челябі мемлекеттік университеті" Қостанай филиалы болып табылады. "Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы"ММ қолдауымен"Жайдарлы жастар" қоғамдық қоры ұйымдастырушылық және қаржылық қолдауды қамтамасыз ететін тең ұйымдастырушы болып табылды.
2018 жылдың 7-8 желтоқсанында Қарағанды қаласындағы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасы базасында «Қазақстан - менің Отаным» атты IV Республикалық студенттік конференция өтті. Аталмыш конференцияға Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Ыбырай Алтынсарин атындағы АрМПИ, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің және Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері қатысты.
2018 жылдың 7 желтоқсанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде 2019 жылы оқып жатқан түлектері "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" - "Серпін" әлеуметтік жоба бойынша жұмысқа орналастырудың кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде, 2018 жылғы білім алған "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" - "Серпін" Қостанай облысында жұмысқа орналасқандар түлектердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты: білім беру мекемелерінің жергілікті атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен, Қостанай облысында жұмысқа орналасқан "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" - "Серпін" әлеуметтік жоба түлектерімен өзара іс-қимылын күшейту.
2018 жылдың 7 желтоқсанында Медиация және қоғамдық дипломатия мектебі оқытуының аясында Медиация мектебінің тыңдаушылары алғаш рет Қостанай қалалық сотына барды. Студенттерді келісу рәсімдерінің жүргізілуін көрсету үшін мамандандырылған қалалық соттың судьясы Гүлсара Елтайқызы Рахметуллина қарсы алды. Кездесу барысында қалалық соттың медиация кабинетіне экскурсия жасалды, медиация процесінің ерекшеліктері мен мақсаттары туралы айтылып, медиация қағидаларының мәнін қысқаша түсінік берілді.
Конференция Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті-Елбасы қоры мен ҚР БҒМ ғылым комитеті мемлекет тарихы институты өткізді. Оған қатысушылар қатарында мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық өкілдіктер басшылары, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, отандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, Түркия, Ресей, Қытай, Украина, Әзірбайжан, Тәжікстан елдерінен танымал ғалымдар қатынасты.
Қостанай облысының Мемлекеттік Мұрағатының базасында мұрағат қызметінің мамандары Қостанай қаласының жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдарымен бірге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылады және шетелдік мұрағаттардағы Қазақстан тарихы бойынша «Мұрағат-2025» республикалық бағдарламасына құжаттарды анықтауда тақырыптарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізді. Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің атынан тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, қашықтық және қосымша білім беру факультетінің деканы Самаркин С.В., қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ярочкина Е.В., Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Исенов Ө.И. қатысты.
2018 жылы 6 желтоқсанда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті (Қостанай қ.) ЮНЕСКО-ның бастамасымен тұрақты дамудағы білім беруде ЮНЕСКО-ның Жаһандық программасы ретінде көпжылдық келісімнің жалғасы болып табылатын «Тұрақты даму мүдделерінде үздіксіз білім беру: жаңа сын-тегеуріндер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның 2-кезеңі өткізілді. Конференция үздіксіз білім берудегі ғылыми ізденіс нәтижелерінінің өзекті мәселелерін қорыту мен тарату мақсатында өткізілді.
2018 жылғы 6 желтоқсанда Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы мен бірлесіп ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму үшін білім беру жөніндегі Ғаламдық іс-қимыл бағдарламасы ретінде бастамашылық еткен көп жылдық диалогтың жалғасы болып табылатын «Тұрақты даму мүддесіндегі үздіксіз білім беру: жаңа сын-қатерлер (II кезең)» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция үздіксіз білім берудің өзекті мәселелерінің шешімдерін ғылыми іздестіру нәтижелерін жинақтау және тарату мақсатында өткізілді.
5.12.18 орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы барысында 3-4 курс студенттері мен оқытушылары "Білім беру жүйесін жаңарту тұрғысында мектеп пен ЖОО ынтымақтастығы" тақырыбында семинар өткізілді. Жұмыс барысында келесі сұрақтар талқыланды: Білім беру жүйесін жаңарту тұрғысында заманауи сабақтың жаңа талаптары: қиындықтар мен оң тәжірибелер. Студенттің креативті тұлғасын қалыптастырудағы оқытушының рөлі. Студенттердің критериалды бағалауы. Жаңартылған жүйеде жоғары сапалы жұмысқа қабілетті маманды дайындаудағы ЖОО рөлі..