Ақпан айының 1 жұлдызында облыстық Достық үйінде қоғам қайраткері В.Г. Вишниченко 70 жылдық мерей тойына орай жеке тектік қорының тұсаукесері өтті. Валерий Георгиевич көп жыл бойы республика мен облыста ірі қоғам қайраткері, белгілі саясаткер, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚХА құрылуының бастауында тұрған, этносаралық келісімнің қазақстандық моделін дамытуға елеулі үлес қосқан дана басшы және жаны жайсаң, кең жүректі қарапайым адам ретінде таниды.

2019 жылдың 1 ақпанында Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен Сарыкөл ауданының мектеп түлектерімен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті. Іс-шараға кафедра меңгерушісі Д.А. Жуламанова мен оқытушы А.И. Рядинская кіріспе сөздерін айтып өтті. 2019-2020 оқу жылына ҚМПУ-ға түсу ерекшеліктері, филология факультетінің жетістіктері, білім беру үрдісі туралы болашақ талапкерлермен әңгімелесті. Сонымен қатар, іс-шараға 1-2 курс студент белсенділері қатысты, олар біздің университет қабырғасында оқу туралы, студенттердің бос уақытын қалай ұйымдастыру туралы өз пікірлерімен бөлісті.

2019 жылы 1 ақпанда Алтынсарин оқуларын өткізу аясында «Білім беру машықтануының сапасын жоғарылатудың өзекті мәселелері» =Актуальные проблемы повышения качества образовательной практики» атты кітап-иллюстрациялық көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде "Рухани жаңғыру" басым идеялары аясында заманауи білім берудің өзекті мәселелері бойынша материалдар, инклюзивті білім беру бойынша басылымдар, инновациялық білім беру технологиялары бойынша кітаптар ұсынылды.

2019 жылдың 30 қаңтарында Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті мерекелік көңіл-күйге ие болды - 50 жылдық жұмыс тәжірибесі бар және 26 жылдық тәжірибесі бар оқытушы, доцент ВАК, Бикташева Галия Шарафовна мерейтойын атап өтті. Бикташева Галия Шарафовна 1971 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына (университетке) Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын үздік бітіргеннен кейін келді. Ол қарапайым оқытушыдан, кафедра меңгерушісінен, доцент мен факультет деканына дейінгі жолынан өтті. 

2019 жылғы 28-і қаңтарда ҚМПУ 80-жылдығына және университетімізге физика-математикалық ғылымдарының докторы,  ҚР ҰҒА академигі Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазинның есімі берілуіне байланысты  «Start up Bolashak 2019», студенттік стартап жобаның финалдық кезеңі өтті. Финалда «Туризм», «Дене шынықтыру және спорт», «Бейнелеу өнері және сызу», «Тарих», «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламаларының 5 командасы қатысты. «Бейнелеу өнері және сызу» БББ студенттері Абдрахманова Дилара, Қауатаева Дарина, Ибраев Алишер дайындаған «HANDMADE FROM KAZAKHSTAN» кәдесый өнімдер студиясы атты жобалары 3 орынды иеленіп, 50000 теңгемен марапатталды (ғылыми жетекшілері: п.ғ.к. Сапиева М.С., кафедраның аға оқытушысы Жусупова Д.Ж.).

2019 жылдың 28 қаңтарында университетіміздің 80 жылдығына және ҚМПУ-ға Ө.М. Сұлтанғазиннің есімі берілуіне орай, «Startup «Bolashak» – 2019 институтішілік студенттер конкурсы болып өтті. Кез-келген елдің әл-ауқаты оның инновациялық және технологиялық әлеуетіне байланысты. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси бағыттарының бірі болып саналатын стартаптарды дамыту жобасы, соңғы жылдары көптеген табысты жобаларды халықаралық деңгейге ұсынуда. 

2019 жылының 28 қаңтар айында ақпаратты кітапхана орталығының оқу залында ақын-жазушы, сатирик, этнограф, ғалым С. Кенжеахметұлының 80 жылдығына арналған «Қаламы қарымды қаламгер» атты тақырыпты кеш өтті. Кештің қадірлі қонағы «Наш Костанай» газетіyнің бас редакторының орынбасары, журналист Жақсанов Оразалы Отынбайұлы қатысты. Іс-шараға филология, жаратылыстану-математика және психология-педагогика факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты.

25-27 қаңтар аралығында Алматы қаласында "Достық" спорт кешенінде Жастар жылының ашылуы аясында ұлттық студенттік баскетбол лигасының ұйымдастыруымен "барлық жұлдыздар матчы" , "Jastarfest – 2019" фестивалі өтті. Ойынға NBSL сайтының ойын статистикасына сәйкес, студенттік баскетбол лигасының 20 ойынщысы шақырылды. Қостанай облысынан 3 спортшы қатысты, олардың біреуі – "дене шынықтыру және спорт" мамандығының 2 курс студенті Клещенков Александр. Ойын нәтижесі бойынша команда екінші нәтиже көрсетіп, грамоталармен және медальдармен марапатталды.

2019 жылдың 24 қаңтарында аға оқытушы Данильченко Г.А. «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарының 2 курс студенттерімен (орыс бөлімі) «Біз этносаралық қақтығыстарды, терроризм мен экстремизмді тудыруға қарсымыз!» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Мақсаты: Студенттердің бойында толеранттылық сезіміндерін ояту, қоғамдағы болып жатқан әр түрлі шынайы жағдайларға философиялық тұрғыда және сыни көзқараста қарай білуге тәрбиелеу, қазақстандық патриоттық сезімдерін нығайту.

Халықаралық білім күні (International Day of Education) 2019 жылдан бастап алғаш рет әлем бойынша 24 қаңтар күні атап өтілуде. Халықаралық білім күнін атап өту аясында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ЮНЕСКО Кластерлік бюросымен бірлесіп, Қазақстанда, Қырғыстанда, Тәжікстанла және Өзбекстанда онлайн-кездесу ұйымдастырды, оның қатысушылары Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жас ғалымдар Кеңесі мүшелері мен студенттері, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің өкілдері болды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар