2018 жылдың 16 қарашасында Үкімет Қаулысымен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілді. Осыған орай 2019 жылдың 20 ақпанында кафедраның оқу-әдістемелік апталығы аясында "Шетел тілі: екі шетел тілі", "Қазақ тілі және әдебиеті", "Тарих" мамандықтарының 1-3 курс студенттері "Өмірзақ Сұлтанғазиннің тағдыр жолы" атты фильмін тамашалады. Өмірзақ Махмұтұлы математик, ҚазКСР Ғылым Академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғарыштық зерттеулер институтының директоры болды.
Облыс аудандарының білім беру бөлімдері өткізетін жоғары және орта арнйы оқу орындарын шақыруымен кәсіптік бағдар беру сипатындағы іс-шараларға қатысу жақсы дәстүрге айналды. Таран ауданы да ерекше болды. Ағымдағы жылдың 19 ақпанында Таран ауданы әкімдігінің білім бөлімі ұйымдастырған университет қызметкерлері мен студенттері "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Саналы Азамат" базалық бағытын жүзеге асыру аясында "мамандықтар жәрмеңкесіне" қатысты.
2019 жылдың 15-17 ақпан күндері Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде "KGU CUP XIII"атты дәстүрлі халықаралық турнир өтті. Турнирді Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен "Ахмет Ұрпақтары"дебат клубы ұйымдастырды. Турнир жартылай финалға, финалға, сондай-ақ, жастардың финалына шығатын 5 іріктеу кезеңінен өтті. Турнирге барлығы 48 команда қатысты. Ағылшын тіліндегі пікірталасқа У. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің филология факультеті шетел тілдері кафедрасының студенттері: Темірханова Диана (2 курс), Темірбекова Аружан (1 курс) және Уткельбаев Жәнібек (4 курс) қатысты.
2019 жылдың 1-19 ақпан аралығында жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану кафедрасы оқытушылары, атап айтсақ, б.ғ.д., профессор Т:М. Брагина, магистр, ғылыми және халықаралық қатынастар басқармасының ҒЗО басшысы М.А. Бобренко және биология магистрі, аға оқытушы М.М. Рулева халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама халықаралық жоба қатысушысы профессор Т.М. Брагинаның жәндіктерді зерттеуде инновациялық молекулярлық-генетикалық әдістері грантының меңгерілуі бойынша жүзеге асырылды.
2019 жылдың 18 ақпанында Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ақпараттық – кітапхана орталығында «Бір ел- бір кітап » акция шеңберінде Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы бойынша пікір талас алаңы өтті. Пікірталасқа филология факультетінің 1-3 курс студенттері және жаратылыстану-математика факультетінің 1 курс студенттері қатысты. «Бір ел - бір кітап» акциясының мақсаты жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, оқу мәдениетін қолдау мен дамытуға, рухани мұраны сақтауға жәрдемдесу болып табылады.
2019 жылы 18 ақпан күні ақпараттық кітапхана орталығында «Педагогика кафедрасы күні» өтті. Оқытушылар үшін педагогикалық ғылымдар бойынша әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылып, ғылыми басылымдар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми және оқу-әдістемелік журналдар ұсынылды. Келесі кітаптар оқытушылардың қызығушылығын тудырды: Хан, Н.Н. Педагогика / Н.Н. Хан, К.К. Жампеисова, Ш.Ж. Колумбаева; КазНУ им. Абая.- Алматы, 2017; Әбенбаев, С. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. – Астана, 2017; және тағы басқа баспалар.
Шетел тілдері кафедрасында 18 ақпан күні кафедраның әдістемелік апталығы аясында "ағылшын тілінде ЕНН циклінің пәндерін оқытуда сын тұрғысынан ойлауды дамыту" атты мастер-класс өтті. «Ағылшынтілі «белгісіз», оған кезкелген мектеп пәндерін бейімдеуге болады»,-депес ептейді Виктория Данилова Ө. Сұлтанғазинатындагы КМПУ философия докторы (PhD), п.ғ. к., педагогика және психология магистрі, шеттілдер кафедрасының аға оқытушысы Қостанай облысында өтіпжатқан «Үштілділік – болашаққа сенімді қадам» атты онкүндікте Виктория Данилова физика, химия, биология және информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Ағылшынтілінде ЖҒБ циклінің пәндерін оқытуда сынитұрғыдан ойлауды дамыту» атты мастер-класс өткізді.
2019 жылдың 18 ақпанында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің медициналық пунктінде, «Мисс ҚМПУ 2019» сұлулық байқауының демеушілерінің бірі, көз линзаларын сатумен айналысатын «Элит Оптика» компаниясы университет қызметкерлері мен студенттерін тегін қабылдап, құрылғылар арқылы көздерін тексеріп, кемшіліктерін анықтап, линзаларға кеңес беріп, өз тауарларын ұсынды. Іс-шара ұйымдастырушылары Әлеуметік-тәрбие ісі жөніндегі басқарма.
15.02.2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті филология факультетінде «Латыннегізді қазақ әліпбиі» оқу-әдістемелік кабинеті ашылды. Кабинет жаңа қазақ әліпбиін көпшілікке үйретуде, қазақ тілінің жаңа емле ережелерін түсіндіруде әдістемелік көмек көрсетеді, тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға атсалысады. Ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырады.
2019 жылдың 15 ақпанында қызмет көрсету колледжінде медиация мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында «Медиация – дауларды баламалы реттеу» атты дөңгелек үстел өтті. Кездесуде колледж студенттері баяндама жасады. Кашкарова Александра медиация институтының даму тарихына тоқталса, Дей Артур Қазақстан Республикасындағы медиацияның қалыптасуы мен болашағы туралы әңгімеледі. Қостанай облысы ҚХА-ның медиация Кеңесінің мүшесі, Қостанай облыстық сотының отставкадағы соты Л. Г. Прохорова медиацияның қағидалары мен артықшылығы туралы әңгімелей отырып, медиативті процестерді ойдағыдай өткізу тәжірибесімен бөлісті.