2019 жылдың 23 қаңтары күні сағат 11:00-де Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет акт залында, Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» көрмесі кешеніндегі «Нұр әлем» павильонында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу салтанаты тікелей эфирден ұстаздар мен студенттер назарына ұсынылды. «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен өткен іс-шараға Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, «Дарын» сыйлығының иегерлері, жас ғалымдар, шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, ерекше қажеттіліктері бар жастар, жас әскери қызметкерлер қатысты.

2019 жылдың 23 қаңтарында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тұлғаның мектепке дейінгі, бастауыш оқыту және тәрбие кафедрасы өткізген «Өздігінен білім алу (Self-education) – педагогтың кәсіби қызметінің негізі» // атты онлайн конференцияға доцент Данильченко Галина Ивановна қатысты. Конференцияға облыстық және аудандық білім беру ұйымдарынан келген педагогтар қатысты, қалалар: Қостанай, Рудный, Лисаковск, Жетіқара, сонымен қатар Ақмола, Қарағанды облыстарынан.

Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде 2018 жылдың 23 қаңтары күні Облыстық Qostanai телеарнасы «Ақ орамал» бағдарламасында «Ғасырлардың зарын шерткен» тақырыбында қобыз аспабының тарихы жайында қызу пікірталас болды. Кеш қонақтары 300 жылдық тарихы бар Қызылорданың киелі қобызы мұрагері, қазіргі Қостанай қаласының тұрғыны Алан Тойғанов, әнші әрі термеші Қыдырбек Қиысқан, көріпкел Ақсұлу апай және Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ Өнер кафедрасының аға оқытушы Ш.К.Есмаганбетовалар қатысты.

2019 жылдың 22 қаңтарында ҚХА кафедрасында «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы: консультативтік-кеңес берудің  конституциялық органға көшіру ерекшеліктері» білім беру жобасының шеңберінде «Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің тұжырымдамалық негіздері» атты диалог алаңы өтті. Кездесу жаратылыстану-математика факультеті жаратылыстану кафедрасының мемлекеттік тілде оқитын «Химия», «География», «Биология» мамандықтарының студенттеріне арнап ұйымдастырылды.

2019 жылдың 21 қаңтарында ҚХА кафедрасында «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы: консультативтік-кеңес берудің конституциялық органға көшіру ерекшеліктері» білім беру жобасының шеңберінде «Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің тұжырымдамалық негіздері» атты диалог алаңы өтті. Кездесу жаратылыстану-математика факультеті жаратылыстану кафедрасының «Химия», «География», «Биология» мамандықтарының студенттерімен өткізілді.

Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ және «Қостанай қаласы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ НЗМ тәжірибесін трансляциялау (тарату) бойынша жоспарланған жұмыстарды келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады: ПОҚ біліктілігін арттыру және оқыту; мектептермен озық педагогикалық тәжірибе алмасу; орта білім мазмұнын жаңартуды ескере отырып, білім беру бағдарламаларының жаңа дизайнын әзірлеу; екі жақты ғылыми-әдістемелік кеңес беру және қолдау.

2019 жылдың 18 қаңтарында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Жақып Қалқаман Хасенұлы, Тарих ғылымдарының кандидаты Вишниченко Валерий Георгиевичпен «Этносаралық келісім – мемлекеттің қарқынды дамуының кепілі» тақырыбында студенттердің қатысуымен диалог алаңы өтті. Кездесуге Қазақстан халкының ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Евдокимова Ольга Николаевна және орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Карбенова Зауре Оразбекқызы.

2019 жылдың 18 қаңтарында Көкшетау қаласында есімі   отандық және шетелдік жоғары білім беру жүйесіне,  тарих ғылымына кеңінен танымал ғалым, ұстаз, тарих ғылымдарының докторы, ҚР тарих және әлеуметтік ғылымдар академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері,  Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры Әбуев Қадыржан Қабиденұлының 80 жасқа толуына және университеттегі тарихи білім берудің қалыптасқанының 25 жылдығына арналған «Отан тарихының деректануы мен тарихнамасының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

2019 жылы 18 қаңтар айында декандарға, кафедра меңгерушілеріне, әдістемелік бюро төрағаларына және мамандықтардың әдістемелік комиссияларының төрағаларына арналған жыл сайынғы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел бағдарламасы мамандықтарға байланысты пәндер бойынша кітапханалық қорды толықтыру, электронды ресурстар оқу залындағы силлабустардың электронды базасының жағдайы, ҚМПУ мерейтойына арналған профессор-оқытушылар құрамының ғылыми еңбектерінің библиографиялық көрсеткішін дайындау.

2019 жылдың 17 қаңтарында Жаратылыстану-математика факультетінде 1 курс студенттернің жиналысы болды. Факультет деканы Шумейко Т.С. білім беру жетістіктерін бағалау жүйесіндегі өзгерістер туралы студенттерге қайтадан хабарлап ерекше назар аударды. 

Декан орынбасары Баймаганбетова Б.Б. 1 курс студенттерін қысқы емтихан сессиясы нәтежелерімен таныстырды. Сондай-ақ, студенттердің оқу процессінің оң аспектілері туралы өз пікірлерін білдіріп, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын енгізді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар