2018 жылы 25 желтоқсанда Жаратылыстану кафедрасында өткізілген «Жоғары оқу орындарында заманауи педагогикалық технологияларды жаңартылған тәрбиелік құрамдас бөлігі ретінде» біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын меңгеру нәтижесінде алынған идеялардың кәсіби практикасын енгізу бойынша әдістемелік семинар университеттің оқытушыларына арналды. Семинарды аға оқытушы Курлов С.И., аға оқытушы, биология магистрі М.А. Бобренко, аға оқытушы, биология магистрі М.М. Рулева жүргізді.

2018 жылғы 24 желтоқсанда неміс тілін екінші шет тілі ретінде оқитын 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2 курс студенттері Рождество (Weihnachten) мерекесіне арналып безендірілген дәрісханада жиналып, рождество мерекесіне арналған әндер, сахналық қойылымдар және дәмді тағамдармен атап өтті. Қатысушылар мерекені көңілді, қызықты және есте қаларлықтай өткізу үшін бар күш-жігерлерін жұмсады. Қатысушылар үшін мереке өте жарқын, жылы және шынайы оқиға болды. 

2018 жылдың 21 желтоқсанында қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінде «ЖОО білім беру үдерісінде педагогикалық технологиялар элементтерін пайдалану» атты әдістемелік семинар өтті.  Педагогика кафедрасының аға оқытушысы Е.Н.Иванова ассоциограммаларды, бейнесюжеттерді, Screencast, лекциядағы рефлексия, Сase-study және семинарлық сабақта рефлексия, СОӨЖ-де жобалық әдісті қолдану, Б. Блум таксономиясы және тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі бойынша СӨЖ-де тестілеу туралы әңгімеледі.

2018 жылдың 20 желтоқсанында ҚМПУ профессор-оқытушылар ұжымы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ұсынған бағдарламалар аясында әдістемелік семинар жұмысына қатысты. Семинардың мақсаты жаңартылған орта білім беру мазмұны және критериалды бағалау жүйесін енгізу контексінде ПОҚ-тың педагогикалық шеберлігін жетілдіру болып табылады. Семинар барысында жаңартылған оқу бағдарламаларына жауап беретін педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдану ұсынылды.

2018 жылының 20 желтоқсанда Университеттің «Рухани жаңғыру» жоба офисінде «Қазақстан өркениеттердің әлемдік қауымдастығында» республикандық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны ұйымдастырған Ө. Сұлтангазин атындағы ҚМПУ әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің қоғамдық пәндер, құқық негіздері және экономика кафедрасы. Осы конференцияның жұмысына біздің және басқа облыстардан, БАҚ, ЖОО, колледждер мен мектептердің өкілдері қатысты.

Әр адамның өмірінде білім алуды қай кезде болса да,  жалғастыруға болады. 2018 жылдың желтоқсан айында У. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ психология және дефектология кафедрасының аға оқытушылары Б. К. Каирова мен А. Х. Үсембаева Қостанай қаласындағы медициналық колледжінің студенттерімен профориентациялық жұмыспен білімді жалғастыру және кәсби бағдар беру мен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесті. Колледждің акт залында оқытушылар аудиторияның назарына психологиялық-педагогикалық факультеттегі мамандықтар туралы медиамматериалдармен жабдықталған ақпаратты ұсынды.

Соңғы жылдары университет қабырғасында студенттік жобаларға аса көңіл бөлініп жүр. «Өнер» кафедрасының осы ғылым саласындағы бағындырып жүрген белестері бір төбе. Соның бірі: «Жылы жүрек» әлеуметтік жобасы. Жоба негізі былтырғы кафедраның «Айналайын» әлеуметтік жобасының жалғасы болып табылады. Жобаға «Музыкалық білім» және «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 1-ші курс студенттері қатынасты. Жоба аясында студенттер 19-шы желтоқсан күні "Жанұя "отбасы үлгісіндегі балалар ауылы"КММ барып, мерекелік іс-шара өткізді.

18 желтоқсан 2018 жылы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Исина Д.А. «Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі Барвинов орта мектебі» КМУ 9-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар жұмысы жүргізді. Оқу профилін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау барысында оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында қолдау көрсету. Аталған оқу орнының оқушылары әңгімелесуді белсенді қолдап, келесі сұрақтар қойды: болашақ мұғалімдерді қандай білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жүзеге асырылады; оқу ақысы бойынша бөліп төлеу мүмкін бе; өткен жылы грантқа түсу үшін қандай балл жинау керек; топтағы студенттердің саны қандай; студенттердің бос уақытын өткізу қызметі қалай ұйымдастырылады.

"Биология", "Музыкалық білім", "География", "Бейнелеу өнері және сызу", 2 Шет тілі мамандықтарының 1 курс студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған "Менің Отаным - Қазақстан" атты эссе байқауына қатысты. Байқауды орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Д.А.Исина мен кафедраның аға оқытушысы Қ.С. Бримжанова ұйымдастырды. Байқауға жоғарыда аталған мамандықтардың 17 студенті қатысты, 14 желтоқсанда қазылар алқасы үздіктерді анықтады: 1 орын - Дусмагамбетова Ақмарал, 2 орын - Бисембаева Амина, Сарсенбаева Әлия, 3 орын - Құрманбаева Гүлім, Бакубаева Азиза, 2 Шет тілінің мамандық студенттері барлық жүлдегерлері. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларды шығармашылық конкурстарға қатысуға шақырамыз!

2018 жылдың 14 желтоқсанында ҚМПУ қабырғасында Қостанай облысы бойынша "ГРиН" Азаматтық альянсының қамқорлығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Азаматтық бастамалар конгресі өтті. Конгресс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, осы қызметке азаматтық қоғам мен қоғамдық кеңестердің өкілдерін белсенді тарту бойынша жұмысты күшейту жолдары туралы диалог құрылды. Конгресс шеңберінде ҚР Қостанай облысындағы 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруды сыртқы талдау мен бағалаудың арнайы мониторингтік топтың отырысы болды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар