2019 жылы 12 ақпанда Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық универсиетінің ұйымдастыруымен облыстық «Үштілділік – болашаққа сенімді қадам!» атты онкүндігі шеңберінде «Үштілді білім беру: 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыру арқылы жаһандық азаматтыққа жақындау» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференция жұмысына Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының өкілдері, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ оқытушылары, облыстың жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері қатысты.

2019 жылдың 11 ақпанында Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ Студенттік Парламент төрағасына үміткер студенттер, Жаратылыстану-математика факультеті, География мамандығының 3 курс студенті, қазіргі таңда Жоғары студенттер кеңесінің төрағасы Жаманкулова Махаббат, Психология және педагогика факультетінің 2 курс студенті, ҚМПУ студенттер Альянсының вице-лидеры Төлегенова Айзат және Филология факультеті, Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының 3 курс студенті, Қазақ-түрік лицейінің түлегі, университеттің қоғамдық өмірінің белсенді студентті Әмирғалиев Әліби жергілікті «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының таңғы «Тобыл таңы» бағдарламасында қонақта болды. Бағдарлама басында үміткерлер өздерін толық таныстырып, сайлаудың өту барысы жайлы әңгіме қозғады.

2019 жылы 11 ақпанда ҚМПУ қабырғасында жоғары оқу орнымыздың оқытушылары мен студенттеріне арналған брифинг болып өтті. Бұл брифингке «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Бәсекелестік рәсімдерін ұйымдастыру департаментінің менеджері Г. Тоқпаева қатысты. Брифинг барысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді таңдау ережелері талқыланды. Одан бөлек, үкіметаралық гранттар, сонымен бірге шет елдік серіктес жоғары оқу орындарының гранттарына ие болу талаптары қарастырылды.

8 ақпан күні Ө.Сұлтанғазин ҚМПУ-де «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламаларына талап етілетін мамандарын даярлаудың шарты: тәжірибе және перспективалар» атты брифинг өткізді. ҚМПУ-деоқу-әдістемелік басқармасы мен «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы бастамасы болды. Брифингке «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушылары, кафедра түлектері, студенттер, іс-тәжірибеден өтуші тәрбиешілер мен Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің әдіскерлері және т. б. қатысты.

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында бастамашыл тақырып, әлеуметтік жоба аясында «Биология» мамандығының 2 курс студенттері куратор Ж. Т. Сүйіндікованың жетекшілігімен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында іс-шаралар топтамасын өткізеді. 2019 жылдың 8 ақпанында "Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!" атты тақырыбына зияткерлік ойындар өткізілді. Зияткерлік ойынның мақсаты: танымдық іс-әрекетті жандандыру, студенттердің салауатты өмір салты туралы дұрыс түсінігін қалыптастыру.

2019 жылдың 6 ақпанында психология-педагогикалық факультетінің "Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру" кафедрасында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттерінің оқыту мен тәрбие тәжірибесі бойынша қорытынды конференция өтті. Студенттер іс-тәжірибеден Қостанай қаласы әкімдігінің № 61 бөбекжай балабақшасында өтті. Конференцияға кафедра оқытушылары және 2 курс студенттері қатысты. Оқыту мен тәрбие практикасының мақсаты: педагогикалық іс-әрекеттің практикалық дағдыларын меңгеру.

4 ақпанда конференц-залда «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Қостанай облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сабыр Дулатұлы Молдағалиевпен «English for Jastar» партиялық жобасы бойынша кездесу өтті. Жобаның мақсаты: ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту үшін ауыл балалары мен мұғалімдеріне тілдік орта құру, волонтерлік қозғалысты дамыту. Жоба ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, әкімдіктердің қолдауымен жүзеге асырылады.

2019 жылдың 4 ақпаны күні Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ акт залында ауқымды «МИСС ҚМПУ-2019» сұлулық байқауына іріктеу кезеңі өтті. Қыздарды өз ісінің мамандары, балалар шығармашылығы мектебінің қоюшы-режиссері Чеботарь Константин, «МИСС Қостанай» продюссері, "ROSMODEL" моделдік агеттігінің директоры Айсұлу Туткушева іріктеді. «МИСС ҚМПУ-2019» байқауының бас модераторы, студенттер мәдениет үйі басшысы Шөкенов Жалғасбек. Байқауда университеттің 20 сұлу - әрі талантты арулары бағын сынады.

2019 жылдың 1 ақпанында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 80 жылдығына арналған Алтынсарин оқулары «Білім беру практикасы сапасын жоғарылатудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция – педагогикалық жоғары оқу орны мен білім беру ұйымдарының ынтымақтастығы мен өзара іс-қимыл бағдарламасы бойынша педагогикалық жоғары оқу орнының жыл сайынғы ғылыми-әдістемелік іс-шарасы.

Университетімізде жастар жылы қарсаңында блогиада өткізілді. Іс-шараны педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ермаганбетова Ақбота Жаңалыққызының жетекшілігімен ««NEWdem» студенттердің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру» студенттік жобасы ұйымдастырды. Блогиада  барысында 1 ай ішінде жастар жылы, отбасы құндылықтары, педагог мәртебесі, латын әліпбиіне көшу, достық құндылығы, инновация және де басқа тақырыптарда пост жазылды. 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар