2019 жылдың 16 қаңтарында Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында "Нұр Отан" партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен жабдықталған "Bilim ortalygy" ашылу салтанатын өткізіп, өз жұмысын бастады. Бұл жиынға Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет студенттерi де қатысты. Алдағы уақытта кез келген жас буын кітапхананың ақпараттық ресурстарын пайдаланып, ұлттық ойындарымыз тоғызқұмалақ, асық ойнап, дойбы мен шахматтан қабілетін сынап, қазір жастар арасында танымал 3D вертуалды шынайы көзілдірік ойындарын да ойнауға болады.

Психологиялық-педагогикалық факультеттің басым бағыты оқушыларды кәсіптік бағдарлау, оларды кәсіптер әлемімен таныстыру болып табылады. Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында елеулі жұмыстар жүргізілуде. "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу "(қазақ бөлімі) мамандығының 1 курс студенттері мен топ кураторы Ш. Е. Жандауова және "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының 2 курс кураторы Кушмурзина Д.Х. студенттері қысқы демалыс кезінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді мектеп оқушыларына мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталған жұмыс жоспарына сәйкес қысқы демалыс кезінде кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді. Осылайша, Бегалы Ақниет Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы 37 мектеп – лицейіне, Арал қаласындағы № 220 Мектепке Қонысбаева Аружан, Арқалық қаласындағы №6 мектепке Болат Ұлбосын барды, Өтегенова Арайлым-ОМ, Зарина Умаржанова-Түркістан облысы, Кентау қаласы "Тұран" ОМ, Үсіпбек Балнұр Үсіпбек Гүлнұр-Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Өтемісұлы кенті, Қарабай Гүлжанат-Қарақұм ОМ. Оқушылардың жалпы саны-240 адам.

2019 жылы 11 қаңтар айында ҚМПУ филологиялық факультетінің көптілділік орталығы, ағылшын тілінде сабақ жүргізетін оқытушыларға арналған “Active Methods of Teaching English” атты шеберлік - класс циклын ұйымдастырды. Аталған іс-шараны өткізу үшін филология факультетінің тілдік дайындық оқу-тәрбие орталығының және шет тілдер кафедрасының оқытушылары Кускадамова К.С., Асанова А.Б. қатысты. Шеберлік - класс циклы бағдарламасының мақсаты оқу жоспарының мазмұнын ағылшын тілінде оқытумен ықпалдастыру және қатысушылардың тілдік құзыреттілігін жақсарту болып табылады.

2019 жылдың 11 қаңтар күні Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет қабырғасына UStudy тестілеу бағдарламасы арқылы, алда болатын ҰБТ-ге дайындық жүргізіп жатқан, Қостанай облысы аудандарының орта мектептерінде білім алатын биылғы мектеп бітіруші түлектер келді. Әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі басқарма басшысы Жүсіпов Абай Жангелдіұлы бастаған топ оқушыларды күтіп алып, бірге университетті аралап, таныстыру жұмыстарын жүргізді.

2019 жылғы 11 қаңтарда мансапты жоспарлау және мемлекеттік қызметтер басқармасының қызметкерлері Кабдрахметов Н.И. және Ковалева Н.В. кәсіптік бағдар беру (үгіт-насихат) жұмысын өткізу шеңберінде Қарабалық кентінің орта мектептеріне барды. Кәсіптік бағдар жұмысымен М. Горький (№1), А. Құнанбаев (№2) және М. Сералин атындағы орта мектептердің 60-тан астам түлектері қамтылды. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің тарихы, мамандықтары және педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері туралы, сондай-ақ 2018 жылы университетке белгілі ғалым Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімін беру туралы әңгімеледі; жастарды Қазақстанның білім беру кеңістігінде жетекші орын алатын және іргелі білім беретін – бэкграунд, ЖОО бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға мүмкіндік беру, республикалық бюджет қаражаты есебінен де, жергілікті атқарушы органдар есебінен де бөлінетін гранттардың санымен қызықтыруға тырысты.

2019 ж. 09 қаңтарында жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында "2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамытудың Жол картасын" жүзеге асыру» тақырыбы бойынша әдістемелік семинар ұйымдастырылды. "Биология" мамандығының көптілді бөлімі кафедрада 7 жыл бұрын ашылды. Осылайша, біз еңбек нарығында сұранысқа ие студенттердің 3 шығарылымын жасадық, олар тек Қостанайда ғана емес, Астана мен еліміздің басқа да қалаларында жұмыс істейді.

8 қаңтарда "Золотой фазан" демалыс базасында қысқы "тағылымдамадан өтушілер мектебі" өткізілді. Семинар Қостанай облысы мектептерінің жас мұғалімдер Кеңесінің төрағасы Әміржан Закариевич Жұмабеков өткізген "танысайық" тренингінен басталды. Құттықтау сөзімен педагогика ғылымдарының докторы, ректор кеңесшісі Бектұрғанова Римма Чингисовна сөйледі. Ол университет ректоры Е. А. Әбілге жобаны ұйымдастыруға көмектескені үшін алғысын білдірді.

Ескі жаңа 2019 жылдың басталуына дейін бірнеше күн қалды және Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында жаңа жылдық ертегі өтті. Бұл ертегіні "Педагогика және МНО" 4 курс студенттері білім беру бағдарламасының мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының сыйға тартты. Студенттердің жақсы мақсаты-ата-анасы жоқ балаларға қуаныш сыйлау. Аяз ата мен Ақшақар шыршадағы оттарды жағып, барлығымен бірге хороводқа тұрды. Балалар өлеңдер айтты, жұмбақтар шешті, би биледі. 

Қыркүйек айында мұғалімдерге гүл сыйлау қайырымдылық акциялары - үлкен пікір талас туындатты. Мейірімділік танытуға - жылдың кез келген уақыты ыңғайлы деп ойлаймыз. Біздің кәсіби педагогикалық қызметіміз әлі алда, біз топпен ұйымдастыра келе бүгінгі жаңа-жылдық мерекені оны көңілді өткізуімізге және де экономика жағынан шығындалмауымызға шешім шығардық. «НАДЕЖДА» жануарларды қорғауға арналған қоғамдық бірлестігінің үй жануарларына арналған азық-түлік сатып алуға жарты қаражат жұмсалды.

2018 жылдың 27 желтоқсан күні «Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану-математика факультетінің аға оқытушылары Абдимоминова Д.К., Баймаганбетова К.Т. әдістемелік семинар өткізді. Әдістемелік семинарда оқытушылар әдістемелік әдіс-тәсілдермен қызу бөлісті, түрлі сұрақтар қою арқылы пікір алмасты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар