2018 жылдың 26-30 қарашасы аралығында Дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен тәжірибесі кафедрасының апталығы өтті. Кафедра апталығы аясында «Еуропа-Азия» халықаралық туристік фестивалі ұйымдастырылды, оның бағдарламасы: халықаралық студенттік конференция, оған қатысушылар Ө.Сұлтанғазы атыдағы ҚМПУ студенттері, Тұран университеті, Алматы, Словакия, оқытушыларға арналған халықаралық конференция. Қатысушылар Ө.Сұлтанғазы атыдағы ҚМПУ, Тұран университеті, Алматы, Словакия.

30 қарашада факультетаралық КВН ойыны өтті. КФН ойыны факультеттерден 6 комаданың және студенттік жатақхананың командасының қатысуымен өтті. Дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің 18-21 тобының студенттері Вишняков Илья, Корщиков Антон, Нафиков Руслан, Кайпов Адиль, Турченко Семён кіретін «Хрущев командасы» атынан өнер көрсетті. Ойын барысында біздің команда керемет актерлік шеберлік, тамаша стиль, жоғары юмор сезімімен әуесқой жаңкүйерлердің жүректерін жаулап алды және өздерін лайықты деңгейде көрсетті.

2018 жылдың 30 қарашасында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет акт залында ҚМПУ кубогы үшін факультетаралық КВН ойыны өтті. Әр факультеттен барлығы 5 команда қатысты, олар: Жатақхана намысын қорғаған «Сборная Общаги», Әлеуметтік-гуманитарлық факультет атынан «План Б», Филология факультетінің «Театр Абсурда» құрамасы, Жаратылыстану-математика факультетінен «Над пропастью по ржи», Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті атынан «Команда имени Хрущева».

30 қараша күні «Химия» мамандығының студенттеріне Н.Ә. Назарбаевтың жаңа мақаласына сәйкес «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Біздің жеріміз - көптеген материалдық мәдениет объектілерінің пайда боған орны екені, біздің мамандық студенттерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Қазақстан тарихы туралы, халықтың рөлі және қазақ даласының адамзатқа сыйлаған ұлы жаңалықтары туралы жан-жақты әңгіме болды. Біз Қазақстан тарихының жекеленген фрагменттермен емес, қазіргі ғылымның биіктігінен түсінілуі керек деген тұжырымдарды қабылдаймыз. «Бұл мәселелердің барлығы жақсылап ойлануды қажет етеді. Олар біздің дүниетанымымыздың негізі, және халықтың өткені, бүгіні және болашағына қатысты».

2018 жылдың 30 қарашасы күні Қостанай Жоғары Экономикалық колледжі базасында 2018 жылғы көшбасшылар конференциясы өтті. Конференция басында Жастар маслихатының VII жиын депутаттарының видеороликтері көрсетілді. Кейін конференцияның мәртебелі қонақтары: «ҚазТұтынуОдағының Қостанай Жоғары экономикалық колледжі» директоры, облыстық маслихат депутаты – Байғабелов А.У., Қостанай қалалық маслихат хатшысы – Сәндібеков Б.Н., Қостанай қалалық әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің басшысы – Жылқыбаева З.Б. ортада сөз сөйледі.

2018 жылдың 30 қарашасында РИПКСО – филиалы АО НЦПК «Орлеу» базасында біліктілігін арттырудың қорытындысы бойынша кафедра аға оқытушылары Задорожная С.Н. және Айсина С.Т. «Музыкалық пәндерді оқытудағы инновациялық технологиялар» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Задорожная С.Н. Casestudy әдісін жоба әдісі ретінде әдістерді енгізді. Айсина С.Т. ассоциаграмм және таксономии Блум әдісін ұсынды. Олар сондай-ақ курстардың нәтижесі бойынша портфолиосын ұсынды.

2018 жылдың 30 қараша күні ҚР Бірінші Президенті Күніне арналған ӘГФ студенттерінің арасында футболдан чемпионат өтті. Жарысқа бес команда қатысты: «Тарих 1 курс», «ҚжЭН 2-3 курс», «17-21», «Тарих 3 курс» және «Тарих 4 курс». Чемпионат қорытындысы бойынша «Тарих 3 курс» командасы жеңіске жетті. Ерекше ойындарымен көзге түскен: Жиенкулов Александр, Тайжанов Адиль, Сегизбаев Алмат, Каратаев Адильхан, Захаров Артем, Бидалов Айдарбек, Райский Артем, Ибраев Шынгыс, Жолдыбай Данияр, Асылбек Акжол, Какимжан Канаш, Акмолдаев Нурбол.

Қараша айының 29-ыншы жұлдызында «Музыкалық білім» мамандығының студенттері факультет мұғалімдері мен студенттеріне арнап ҚР тұнғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік мерекесіне орайластырылған шағын мерекелік концерт ұйымдастырды. Концерттің басты мақсаты: ел тарихын, жер тарихын және де қойнауы қазынаға толған әсем табиғатын музыка арқылы тыңдармандарға жеткізу. Студенттер фортепиано аспабында еліміздің белгілі композиторларының шығармаларын ойнап, домбыра аспабында күй шертіп, фортепиано сүймелдеуімен ән шырқап, елімізді жырға қосты.

2018 жылғы 29 қарашада ақпараттық кітапхана орталығының әмбебап оқу залында жаратылыстану – математика факультетінің биология, география мамандығы бойынша 2,3 курс студенттеріне арналған «Ақпарат күні» өткізілді. Студенттер молекулярлық биология, микробиология және вирусология, эмбриология, географияға байланысты жаңа кітаптармен танысты. Кітаптар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылды. Сонымен бірге «География және табиғат», «Биология және салауаттылық негізі», ғылыми-әдістемелік журналдары ұсынылды.

Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ 2017 жылдан бастап «Әлеуметтік қызмет» жобасы іске асырыла бастады. Бұл жобаның негізгі аспектілерінің бірі студенттер мен оқытушылардың волонтерлік жұмысы болды. Волонтерлік қозғалыс жастардың мәдени, экономикалық және қоғамдық өмірге қатысуының тиімді механизмдерінің бірі ретінде қарастырылады. 2018 жылдың қараша айында Балалар және жастар ұйымдарының қауымдастығы «Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қолдауыменен «Мен - волонтермін!» жобасы бойынша «Қостанайдың үздік волонтері» байқауын өткізді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар