2018 жылдың 13 қыркүйек күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеттің конференц-залында Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен, Облысымдағы Діни ұйымдар мен ақпараттық түсіндіру топтары қатысқан «Дін саласында жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптасыру» тақырыбында конференция өтті. Конференция басын Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Үмбетов Жанболат Жұмабайұлы бастап берді.

2018 жылдың 12 қыркүйегінде Көкшетау мемлекеттік университетінің базасында ACADEMICA жобасының аяқталуына мониторинг жүргізілді (ACADEMICA-жоба № 561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2- CBHE-JP (2015 - 3552/001 - 001). ACADEMICA жобасының серіктестері, оның үйлестірушілері және Қазақстандағы Erasmus + бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Т.Ш. Тасболатова мониторинг процесіне қатысты. Мониторинг шеңберінде жұмыс бөлімдері (ДП) бойынша есептер тыңдалды.

6-10 қыркүйек аралығында Ресей Сасово қаласында полиатлоннан әлем чемпионаты өтті. 10 қыркүйекте rsh-hex-rrs (оқпен ату, күш гимнастикасы, шаңғы роллер жарысы) және rsh-hex-cr (оқпен ату, күш гимнастикасы, кросс) үш сайысты спорттық пәндерде полиатлоннан халықаралық жарыстар аяқталды. Жарысқа екі мемлекет қатысты – Ресей және Қазақстан. Ресей он бес субъектімен ұсынылды. Жарыс ұлдар мен қыздар, ерлер мен әйелдер және ардагерлер арасында өтті.

Дене тәрбиесі, спорт және туризм факультетінің мұғалімдері мерекелерде де жоғары спорттық және жаттықтырушылық жетістіктерді көрсетеді! Мәселен: ШКО Қатан-Қарағай қаласында асық атудан ҚР бірінші тарихы чемпионаты өткізілді жарыс 13-16 шілде аралығында өтті. Қостанай облысының әйелдер командасы 1-ші орын, ерлер командасы 2-ші орын иеленді. 2-8 қыркүйек аралығында Чолпан-Ата қаласында асық атудан 3-ші Дүниежүзілік көшпелі ойындары өтті. Қостанайлық Ахметов Мухтар 3-ші орын иеленді.

Қыркүйектің тоғызыншы жұлдызында ұлы орыс жазушысы Л.Н.Толстойдың 190 жылдығы болды. 21 қыркүйек күні Қостанай қаласының жазушымен аттас кітапханасында осы күнге арналған іс-шара өтті. Атаулы іс-шараға «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының бірінші курс студенттері қонақ ретінде шақыртылды. Іс-шараның мақсаты: жас оқырмандарға Толстой шығармашылығын жан-жақтылығы үшін, ойының кеңдігі үшін, терең философиялық өміршеңдігі үшін құрмет тұратындығын және жақсы көретіндігін көрсету болды. Лев Николаевич және оның жарқын, құнды тағдыры жайында көп айтылды А.М Горький айтқандай: «Толстой-ол толық әлем».

Ақпараттық кітапхана орталығында 2018 ж. 3 бастап 6 қыркүйекке дейін «Бірінші курс студенті күні» іс-шарасын өткізді. Ақпараттық кітапхана орталығының директоры Безаубекова С.С. студенттерге құттықтау сөз сөйледі. Анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Сусик Т.С., библиограф Альмухамбетова Н.Н. студенттерді ақпараттық кітапхана орталығының тарихымен, бөлімдерімен, ақпараттық ресурстармен пайдалану ережелерімен таныстырып, кітапхана орталығының негізгі бағыттарын атап өтті. Іс-шара барысында студенттер өзін-өзі ақпараттандыруға дағдыланды. Бұл студенттердің болашақ білім және ғылыми-зерттеу жұмыстарында ресурс ретінде пайдаланатыны сөзсіз. Дәрісте презентация көрсетілді.

2018 жылдың 5 қыркүйегінде А-201 аудиторияда композитор Ерсайын Нарымбаевпен «Музыкалық білім» мамандық студенттерімен шығармашылық кездесу өтті. Ерсайын Нарымбаев 4 жыл Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында тұрды. Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын тамамдаған. Бүкіл әндері Қостанайға ғана емес, республикаға танымал сазгер жастайынан өнерге құштар болған. Сазгердің ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Алдыңнан терезеңнің жүріп өттім», «Бір-ақ күн еді», «Жанарсыз адам келеді» әндері, сонымен қатар басқада ақындардың сөзіне жазылған «Сырласқан қыздар қайда екен?», «Ерте солған гүлдер», «Бұрым туралы баллада» т.б. әндерін дүниеге әкелді.

2018 жылдың 1 қыркүйек күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет алаңында білім күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиын басында кешегі мектеп түлектері, бүгінгі студент жастарды осы бір керемет кезеңнің басталуымен Университет ректоры, профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы құттықтап, студенттерге сәттілік тіледі. Бұл күн 79 жылдық тарихы бар біздің университет табалдырығын алғаш аттағалы жатқан 1 курс студенттері үшін өткенге деген сағыныш пен болашаққа деген үміттің мерекесі.

2018 жылғы 12 - 26 тамыз аралығында Ақмола облысының Зеренді ауданында «Zeren-2018» Республикалық жазғы жастар білім беру лагері өтті. Лагерь 3 ауысымда өтті: 1 ауысым - «Digital ұрпақ», 2 ауысым - «Рухани жаңғыру трендтері», 3 ауысым - «Жастар және бизнес». Лагерь ұйымдастырушылары ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі, Ақмола облысының әкімдігі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы және Қазақстан жастарының конгресі болды. Қостанай облысының делегациясына Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылым магистрі Бекенова Асия Қықпайқызы кірді.

ҚМПУ Ғылым жəне халықаралық байланыс  басқармасының ұйымдастырылуымен "Ғылым қоры" АҚ өкілінің қатысуымен өңірлік ғалымдар мен кәсіпкерлердің басын қосқан семинар өткізілді. Онда Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 31 қазанындағы №381-V ЗРК «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтер нәтижесін коммерциаландыру туралы» заңын жүзеге асыру аясында 2018 жылға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтердің нәтижесін коммерциялау жобаларын гранттық қаржыландыруға конкурс өткізу үшін Конкурсқа Қостанай қаласы мен Қостанай облысынан әлеуетті өтініш берушілер қатысуының реті түсіндірілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар