2018 жылдың 16 мамырынан 21 мамыр аралығында «Дене шынықтыру және спорт» және «Туризм» мамандықтарының студенттері оқу тәжірибеден өтті. Осы тәжірибе аясында бірінші курс студенттері Щербаков кенті (Алтынсарин ауданы) - Қостанай ҚМПИ спорттық-сауықтыру базасында маршрут бойынша 6 күндік жорық жасады. Жорықта студенттер өз дағдыларын қалыптастыратын көптеген құндылықтарға ие болды: санаттағы жорықтарды ұйымдастыру және өткізу, отта тамақ дайындау, шатыр тігу және ең бастысы - командада жұмыс істеу.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің экология және биология мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу орталығы/REKKS (Германия, Ресей, Қазақстан) бірлескен жобасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 21 мамырында ҚМПУ-базасында жобаның бірінші кезеңінің қорытындылары негізінде, Қостанай облысы бойынша жоспарлы ғылыми экспедиция аяқталғаннан кейін халықаралық семинар өткізілді. Семинар барысында Германия тарапының өкілдерімен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті арасында ресми ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

2018 жылдың 21 мамырында әмбебап оқу залында Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Репрессияға ұшыраған қазақ руханияты» кітап көрмесі ашылды. Көрмеде қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандардың портреттері, сондай-ақ Отан тарихындағы ең қайғылы кезеңді - сталиндік репрессияны көрсететін құжаттар, кітаптар, журналдар, жинақтар ұсынылған. Ғ. Мәулетовтың «Үрей мен Үміт = Страх и надежда» кітабы ерекше орын алады, құжаттық материалдар негізінде «Халық жаулары» ретінде атылған біздің жерлестеріміз, белгілі мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер туралы баяндайды.

ҚМПУ жанында 2018 жылдың 16 мамырында ҚМПУ ЭБМ ҒЗО/ReKKS «Топырақ мезофаунасы және оның тіршілік ету ортасы жағдайында антропогенді және климаттық факторлардың әсерінен Солтүстік Қазақстан дала экожүйелерінің өзгеру динамикасы» жобасы негізінде «Қазақстан аумағындағы құрғақ дала мен Сібір оңтүстік-батыс аудандарында ауыспалы климат жағдайында тұрақты ауылшаруашылық табиғатын пайдаланудың амалдарын жасау саласындағы инновациялар» тақырыбы бойынша халықаралық теориялық семинардан кейін жоба мүшелері: Германияның алдыңғы қатарлы ғалымдары профессор, доктор Георг Гуггенбергер, ReKKS жоба үйлестірушісі, PhD Шибистова Ольга Борисовна, ҚМПУ, Экология және биология мәселелері ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері, профессор, биология ғылымдарының докторы Татьяна Михайловна Брагина 2018 жылдың 17 мамырынан 20 мамыр аралығында Қостанай облысы бойынша экспедицияға шықты.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде 2018 жылдың 16 мамырында ҚМПУ ЭБМ ҒЗО/ReKKS «Топырақ мезофаунасы және оның тіршілік ету ортасы жағдайында антропогенді және климаттық факторлардың әсерінен Солтүстік Қазақстан дала экожүйелерінің өзгеру динамикасы» жобасы негізінде «Қазақстан аумағындағы құрғақ дала мен Сібір оңтүстік-батыс аудандарында ауыспалы климат жағдайында тұрақты ауылшаруашылық табиғатын пайдаланудың амалдарын жасау саласындағы инновациялар» тақырыбы бойынша халықаралық теориялық семинар өткізілді.

2018 ж. 11 мамырда Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде   Қазақстан  халқының Ассамблеясы кафедрасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулықтар қазақ тілінде» жобасын іске асыру мақсатында алғашқы қазақ тіліне аударылған он сегіз оқулықтарды талқылау өтті. Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары - жобалық офистің басшысы Балғабаева Г.З., Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының кафедра меңгерушісі  Евдокимова О.Н.

9 мамыр күні Ұлы Жеңістің 73-жылдығына арналған «Наш Костанай» газеті мен Қостанай қаласы әкімінің жүлдесіне ашық жеңіл атлетикадан жүгіріс өтті.   Жүгіріс Жеңіс саябағынан  2-Қостанайға дейінгі аралықты қамтыды, оған 500-ден астам адам қатысты. 10 шақырым қашықтықта «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті, шаңғы жарысының спорт шебері Ковалев Владислав жеңімпаз атанды, оған 10 000 теңге сертификат берілді, ал «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының бірінші курс студенті спорт шеберіне үміткер Даненбаев Руслан үшінші орынға иеленді.

2018 жылы 8 мамырда алғаш рет қазақтың белдесу күресінен «Халық барысы» республикалық турнирі өтті. Қостанай облысының атынан осы жарыста «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы сырттай бөлімінің 2 курс студенті Талғат Жиентаев қорғады. Күрестен Вице-чемпион –атағын қорғау үшін: грек-рим, дзюдо, еркін және қазақ күресіснің әр түріне республиканың ең мықты өкілдерімен белдесуге тура келді.

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында 2018 жылғы 5 мамыр күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, облыстық маслихат депутаты, профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Василий Степанович Крячко мен Иван Михайлович Любинскийді келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады. Құттықтау сөзінде, ректор адам жан дүниесінің ең басты байлығы - ата-бабалардың ерлігінің жадымызды мәңгі сақталуда екендігін атап өтті. Қазіргі  тыныш біздің, бейбіт  заманымыз жылдыр бойы ата-бабаларымыздың қаны-тері және баға жетпес еңбегінің арқасында келді.

2018 жылғы 04 мамырда ҚМПУ №1 спорт залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған ұлттық спорт түрлері бойынша ашық біріншілігі өтті. Конкурсқа ҚМПУ-дың 30-дан астам білім алушылары қатысты. Жарыс тоғыз құмалақ пен асық атудан өтті. Студенттер жарысқа аса қызығушылық танытып қатысты. Чемпиондар мен жүлдегерлердің барлығына ҚМПУ спорт клубының сертификаттары берілді. Біздің университеттің студенттері жарыстың қорытындысы бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізді...

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар