2018 жылдың 26 сәуірі күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің конференц-залында «Жастардың жемқорлыққа қарсы бастамасы» клубы мен студенттер арасында кездесу өтті. Клуб мақсаты: патриотизмді дамыту, жемқорлық арқылы заң бұзушылыққа қарсы келуге, сын тұрғысынан және логикалық ойлау, белсенді азаматтық ұстаным, адалдық пен әдептілікке тәрбиелеу. Ал кездесу мақсаты бұл жағдайға бей-жай қарай алмайтын ЖОО-ның басын қосу.
2018 жылдың 26 сәуірінде А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің экономикалық факультетінің базасында «Оқу үдерісіндегі сандық теңдеу: теориялық, әдістемелік және практикалық аспектілер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл шараның модераторы Н.Т. Сартанова экономика ғылымдарының кандидаты, ҚМУ қаржы және банк ісі кафедрасының доценті. Дөңгелек үстелде қатысушылар: Экономика факультетінің оқытушылары мен студенттері.
Түрлі-түсті костюмдер мен шығыс тәттілері , отты Кавказ биі, өзбек әндері және грек аңызы«Орфей және Эврика» театрлық қойылымы қойылған көңілді атмосферада Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен 25 Сәуір Қазақстан халқының бірлігі күніне жобалық проектпен бірге өткісзген «Бірлігіміз жарасқан!» атты фестивалі өтті. Осылайша, аудиториялардың бірінде студенттер көрермендерді Қазақстанда өмір сүретін этностардың дәстүрлерімен, фольклорымен, ұлттық тағамдарымен, әдебиеттімен таныстырды.
2018 жылдың 25 сәуірінде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасында аға оқытушылар Мұқалиева Б.Х., Саламатова А.Б. «Психологиялық-педагогикалық цикл пәндерін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолдану» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Семинардың мақсаты: білім берудің қазіргі заманғы үлгісін қалыптастыру арқылы білім сапасын арттыру. Мақсатты аудитория: мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары мен студенттері.
2018 жылдың 24 сәуірінде тілдер дайындығының оқу тәрбие орталығының филология факультетінің аға окытушылары Абишева С.К. және Сержан-Абдрахманова Ш.К. Қостанай Достық үйінің әлеуметтік-массивті іс-шаралар бөлімінің жетекшісі Набиева Зульфия Рафиковнамен ППФ 1 курс студентерімен кездесу ұйымдастырылды. Облыстық Достық үйінің басты қызметі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен халық Ассамблеясының стратегиясын іске асыру болып табылады. Достық үйінің қызметі ұлтаралық келсімнің одан әрі дамуы, әртүрлі халықтар мәдениетін құрметтеу, бейбітшілік пен достықтың сақталуын қамтамасыз етудегі ең манызды мемелекеттік миссияны жүзеге асыру болып табылады.
2018 жылдың 24 сәуірі күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің конференц-залында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі, Аймағамбет қажы Спанұлы мешітінің найм имамы Балахмет Әлішер Ертайұлы, Қостанай облысы әкімдігі, Жастар саясаты жөніндегі басқарманың, жастар бөлімінің бас маманы Индира Дәулетханқызы және А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Болат Қалиев пен университет студенттері арасында «Діни сауаттылық» тақырыбында кездесу өтті.
Филология факультеті «Шетел тілі: Екі шетел тілдері» мамандығының III курс студенттері Әбдіғаппарова Айсара Балтабекқызы және Нұрмахамбет Балгүл Бейбітжанқызы 2018 жылдың 09 сәуірі мен 20 сәуірі аралығында академиялық ұтқырлықпен Сорбонна Париж Ситэ университетінің Алматы қаласындағы филиалы, Сорбонна-Қазақстан институтында «Ғылыми зерттеулердің методологиясы» пәні бойынша француздық білім модульінен білімдерін тереңдетіп, тәжірибемен алмасты.
2018 ж. 23 сәуірде әмбебап оқу залында Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық Қаһарманы , партизан жазушы Касым Қайсеновтың туғанына 100 толуына орай «Жауынгер жазушы » атты портрет кеші өтті. Кешке Дене шынықтыру және спорт факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Оқырмандар назарына «Жауынгер жазушы» атты электрондық шолу жасалып, шығармалары мен естеліктерінен үзінділер оқылды. Кеш соңында Қасым ата жайында түсірілген «Қасым » атты фильмнен үзінді көрсетілді. Шараны ұйымдастыруға ӘГФ деканы Шахаман З.Б. қолдау көрсетті.
Көптілдік орталығында Ағылшын тілі күні. 23 сәуірде Көптілдік орталығында ағылшын тіліне арналған қызықты викторина - ойыны өтті. Бұл шараның мақсаты- студенттерді ағылшынша сөйлейтін елдердің салттарымен таныстыру, нақты айтқанда Ұлыбритания, АҚШ, Австралия мен Жаңа Зеландия. Қатысушылар екі топқа бөлінді. Қатысушыларға бес тақырып ұсынылды: тарих, әдебиет, салттар , көрікті жерлер, тіл. Әрбір тақырып Ұлыбритания, АҚШ, Австралия және Жаңа Зеландияға байланысты сұрақтардан тұрды.
2018 жылғы сәуір айының 21 жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика және психология факультетінің 2 курс студенттері Қостанай облыстық бейімделу орталығында барып, ондағы балалармен «Достық» тақырыбына тәрбиелік іс-шаралар өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – балалардың достықты қадірлеуге, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнату дағдыларын нығайту. Іс-шараның бағдарламасында балалармен ойындар, сайыстар, әртүрлі психологиялық жаттығулар және арт-терапия өткізу жоспарланды.