2018 жылдың 22 қыркүйегінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің спорт алаңында студенттер мен оқытушылар арасында Денсаулық күніне арналған спорттық іс-шаралар өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтының негізгі элементтерін насихаттау; студенттерде өз денсаулығына бағалы қарым-қатынасты қалыптастыру; мықты командаларды анықтау; әр түрлі топ студенттері арасындағы байланысты нығайту; қозғалыстарды үйлестіруді дамыту, тез шешім қабылдай білу. Міндеттері жатақханадағы спорттық-бұқаралық және тәрбие жұмысын жақсарту; дене және психикалық өзін-өзі дамытуды қамтамасыз ету; патриоттық тәрбиеге ықпал ету болып табылады.

2018 жылдың 22 қыркүйек күні Денсаулық күніне орай Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде спорт ойындары өтті. Спорт мерекесін құттықтау сөздерімен Дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің деканы Кифик Наталья Юрьевна, Әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі басқарма басшысы Жүсіпов Абай Жангелдіұлы бастап берді. 1 курс студенті Салима Башиева спортшыларға керемет әнін тарту еткен соң, Жарыс регламентін Дене шынықтыру орталығының оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Төлегенов Аманжол Бақытжанұлы таныстырып кетті.

2018 жыл қыркүйектің 21 жұлдызы күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Жоғарғы білім беру саласындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелері мен болашағы: білім берудің ортақ бағдарламалары» атты университеттік білім беруді дамыту, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру, ортақ білім беру бағдарламаларын жасаудағы ынтымақтастықты дамыту бойынша Болгариялық, Румыниялық, Голландиялық, Ресейлік серіктестердің хатысуымен Халықаралық форум өтті.

2018 жылдың 21 қыркүйегінде жаратылыстану ғылымдары кафедрасы «География» мамандығының 3 курс студенті Танат Данагул, «Қызылжар-2018» жас ғалымдардың халықаралық симпозиумына қатысты. Тақырыбы Қазақстан мен Ресейдің шекаралас облыстарында туризмнің дамуы. Іс-шараға Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарының өкілдері - П.П. Ершов атындағы Ишим педагогикалық институты (Тюмень мемлекеттік университетінің филиалы, Ишим қаласы), Оңтүстік-Орал мемлекеттік университеті (Челябинск қаласы), Су және экологиялық проблемалар институты (Барнаул қаласы), Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік ғылыми-зерттеу университеті.

2018 жылдың 20 қыркүйегінде еліміздің барлық өңірлерінде бір уақытта Астана қаласының 20 жылдығына орай, «Астана - бейбітшілік бесігі» - атты тақырыпта жалпықазақстандық ашық диктант жаздыру акциясы болып өтті. Диктанттың негізгі мақсаты – жастардың мемлекеттік тілде сауаттылығын арттыру, патриотизм мен ел бірлігін нығайту. Бұл аталған шараға 5В011700 - қазақ тілі мен әдебиеті, 5В012100 - қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері қатысты.

2018 жылдың 20 қыркүйек күні «Жас Отан» ЖҚ және «Болашақ» Ассоциациясы атынан ауылдық жердегі мектеп оқушыларын "English for Jastar" ағылшын тіліне оқыту мақсатында оқытушыларды тарту партиялық пилоттық жобаны жүзеге асыру хабарланған болатын. Жобаны ағымдағы жылдың 1 маусымында «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңес отырысында Елбасы қабылдаған болатын. Жобаны орындау мерзімі: қыркүйек – қараша. Жоба 84 аулдан 7000 оқушыны қамтиды.

Қазақ тілінің дамуына қосқан орасан зор үлесі үлін, соның ішінде қазақтың ұлы ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің мұраларын зерттеп, жарыққа шығарған еңбегі үшін Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Ы. Алтынсарин атындағы орталықтың аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікбай Оспанов Ақмола облыстық мәдениет басқармасының жетекшісі Г. Бекназарованың ықылас хатымен марапатталды.

2018 жылдың 15 қыркүйегінде ACADEMICA жобасы бойынша қазақстандық жоо-әріптестерінің қорытынды мониторинг өтті. Бұл мониторинг осы жоба үшін үшінші болып табылады және жобаның негізгі кезең дерін талдауды қамтиды. Ақырғы жоба сондай-ақ жобаны дамытудың барлық негізгі кезеңдерін жүзегеа сыруды, оны нақтыіс-қимылмен қамтамасыз етуді және мониторингі соңында серіктестердің жобаның орнықты даму әлеуетін көрсетуге бағытталды.

2018 жылғы 15 қыркүйек күні профессор, физика-математика ғылымдардың кандидаты, еңбек сіңірген тәлімгер, ғалым Даулетбаев Тобыл Еслямгалиевич атындағы дәрісхананың салтанатты ашылуы өтті. Дәрісхананың ашылуына қатысқандардың үлкен қызығушылығын танытқан Т.Е. Даулетбаевтың ғылыми еңбектерінің көрмесі дайындалды. Салтанатты кешті Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры профессор, тарих ғылымдарының докторы Әбiл Еркiн Аманжолұлы ашты және өз сөзінде «Тобыл Еслямгаливичтің мықты ғалым мен педагог ғана емес, өте парасатты, әділ әрі қайырымды тұлға болғанын» атап өтті.

14 қыркүйек күні ҚМПУ акт залында 1 курс студенттері мен университеттің белсенді студенттері арасында танысу мақсатында кездесу өтті. Кездесу универститетіміздің өнерлі жастары ұйымдастырған концерттік бағдарламамен басталды. Университетіміздің үш титулы, сұлулық байқауларының жеңімпаздары, вокалдық сайыстардың жеңімпаздары, біздің мақтаныштарымыз өз өнерлерін көрсеткеннен соң, сахнаға Әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі басқарма басшысы Жүсіпов Абай Жангелдіұлы, Студенттер мен Жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімі басшысы Есімханов Қуаныш, Студенттер мәдениет үйі басшысы Шөкенов Жалғасбек шығып, Басқарманың негізгі жұмысы, Университет қабырғасындағы студенттік ұйымдардың мақсаттары, үйірмелер жайлы толық ақпарат берді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар