2018 жылдың 19-20 сәуір аралығында Алматы қаласындағы Қыздар Мемлекеттік педагогикалық университетінде, Қазақстан Республикасының базалық жоғары оқу орындары студенттері арасындағы 5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбилеу» мамандығы бойынша IX Республикалық пәндік олимпиада өтті. Оған «Психология және педагогика» факультеті, «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбилеу» мамандығының 3 курс студенттері Асанова Әлия, Әкімбек Айзат, Өтебай Нүргүл, Умиркулова Мохира қатысып, 3 орынға ие болды. Оларға жетекшілік жасап, педагогикалық-әдістемелік көмек көрсеткен факультеттің аға оқытушысы, магистр Султанбекова Жадыра Хамитбековна.
2018 жылдың 18-ші сәуірінде барлық мамандықтардың психология-педагогика факультетінің 1-3 курстарының белсенділерімен көшбасшылық апталығы аясында Қостанай қаласында жастар ұйымдарының басшыларымен кездесу өтті. Кездесу мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері мен қаланың жастар ұйымдары арасындағы серіктестік қатынастарды дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Қостанай облысының «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Түлеев Ерлан Серікұлының айтуынша, жастар бүгінгі күні республиканың болашағы ғана емес, сонымен бірге аймақтың дамуына бағытталған халықтың ең бастамасы.
2018 жылдың 17-ші сәуірінде Психологиялық-педагогикалық факультетінің бірінші және үшінші курс ақсақалдары арасында көшбасшылық апталығы шеңберінде «ППФ-нің үздік жетекшісі» байқауы алғаш рет өткізілді. Байқаудың мақсаты студенттердің көшбасшылық потенциалын қалыптастыру, жасырын көшбасшыларды анықтау, күшті ерік-жігерді қолдау. Іс-шараға психология-педагогика факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Іс-шараның басында Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы А.Б Саламатова сөз сөйледі.
2018 жылдың 17 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің акт залында «Ректор кубогы 2018» Жайдарман ойыны өтті. Қазақ КВН Одағының, Республикалық Жастар қоғамының бірлестігі, Қостанай КВН филиалының директоры Бәкір Марғұлан басқарған ойында Арқалық қаласы, Рудный индустриялдық институты, №17 мектеп, ҚӘТК, ҚМУ, Политехникалық колледж жайдарман топтары өнер көрсетті. Ойын өте жоғары дәрежеде өтті. Әділ қазылардың шешімі бойынша 13 топтың ішінен 3 орын Біздің «ҚМПУ құрамасы» болса, Зерек колледжінен келген «Эверест» тобы 2 орынды қанжығасына байлады.
17 сәуірде Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедарасының апталығына орай Антаев Ж.Т. «Құқық және экономика негіздері» мамандығы студенттерінің педагогикалық практика өту барысындағы туындаған мәселелер мен ой - пікір алмасу» тақырыбында дөңгелек стол отырысын өткізді. Оған «Құқық және экономика негіздері» мамандықтарының 3-ші және 4-ші курстарының студенттері, практика жетекшілері мен әдіскерлері Духин Я.К., Кифик Н.Ю., Амантаева А.Б., және «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 2 курс студенттері қатысты.
17 сәуір 2018 жылы Қостанай қаласындағы «Алау» теледидарында «Көкейтесті сұбхат» бағдарламасында «Суицид» мәселесі бойынша студия қонағы Костанай мемлекеттік педагогикалық университетінің психология және педагогика факультетінің аға оқытушысы Каирова Баян Кусаиновна қатысты. Онда көтерілген мәселелер: Суицид дерте әлде тағдыр ма? Суицидтің шығу себептері? Суицид дертінің емі иманда дейді, соған келісесіз бе? Суицидке әйелдерге қарағанда еркек адамдар көп барады екен, соның себебі неде? Суицид тығырықтан шығудың жолы емес екенін балаларға қалайша жеткізуге болады?
2018 жылдың 16 сәуірінде көшбасшылық апталығы аясында психология және педагогика факультетінің барлық мамандықтарында Қазақстан Республикасы астанасының 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі – Астана» атты кураторлық сағаттар өткізілді. Кураторлық сағаттардың негізгі мақсаты студенттерді патриотизм сезімі мен Отанға деген сүйіспеншілікті дамыту мақсатында студенттерді Астана қаласының тарихымен таныстыру. Негізгі міндеттері: Қазақстанның жетістіктерін паш ету, Астананың қазіргі заманғы және қауіпсіз қала, республиканың тарихи-мәдени, ғылыми-білім беру және іскерлік орталығы, елдің инвесторлар үшін тартымды экономикалық дамуының көшбасшысы ретіндегі оң имиджін ілгерілету.
16-сәуірде ҚМПУ-дың 3-курс студенттерінің алдында ҚМУ-дың «Діни мәселелерді зерттеу орталығы» бөлімінің басшысы – Д.А. Дисюков және ҚМПУ-дың «Еркін пікір» студенттік ақпараттық-насихаттау тобы сөз сөйледі. Д. Дисюков әртүрлі тоталитарлық діни ұйымдардың азғырып-көндірушілері белсенді қолданатын нейро-лингвистикалық бағдарламалау туралы айтып, деструктивті секталардың көшбасшылары өз қызметінде пайдаланатын басқа да психологиялық әдістемесінің мәнін мазмұндады.
2018 жылдың 13-15 сәуірінде ЧеЛ.МУ спорт кешенінде әйелдер мен ерлер командалары арасында дәстүрлі волейболдан жарыс өтті. Бұл жарыстар ҚР ІІМ-нің еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты, КСРО спорт шебері Александр Родновтың құрметіне өткізілді. Жарысқа Қостанай облысының барлық жоғары оқу орындары мен колледждері қатысты. Тартысты жарыстың нәтижесінде ҚМПУ әйелдер командасы дәстүрлі волейболдан XVI дәстүрлі турнирдің жеңімпазы атанды.
11-15 сәуірде Алматы қаласында жылдамдық, кедергі және боулдеринг пәндері бойынша жасанды бедерде спорттық өрмелеуден ҚР чемпионаты өтті. Боулдеринг - бұл күрделі шекті жолдармен, бөлінген уақыттағы мүмкіндіктер саны ескеріліп, қысқа сериялы 5-8 тосқауыл арқылы шыңдарға жету үшін биіктікке өрмелеудің жаңа бір түрі. Спортшы жолды көрмей жолға келеді және оған 4 минут уақыт бөлінеді. Аз мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ішінде ең ұзақ жолды еңсерген ойыншы ұтады.