19 наурызда ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден және Қостанай облысы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасының бастығы Н.Қ.Нөгербеков 2015-2016 жылдарға арналған дін саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған меморандум Қостанай облысы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасы мен ҚМПИ АНТ (ақпараттық-насихаттау тобы) – «Дінтану орталығы» арасындағы өзара қарым-қатынас шегін анықтайды.

19 наурызда ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден және АНТ студент-волонтерлері А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты.

12 наурызда ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай «Заманауи Қазақстандағы дін рөлі» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты. Дөңгелек үстел жұмысына мұсылман және православтық конфессия өкілдері, Қостанай облысының тәжік, татар-башқұрт ұлттық-мәдени орталықтарының басшылары, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері қатысты.

3 наурызда ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден және «Дінтану орталығы» - ҚМПИ АНТ мүшелері Б.Х.Альшанова, К.К.Әбілмәліков, Д.Е.Әбенов және Т.А.Еришева Қостанай облыстық Дін істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған оқыту семинар-тренингке қатысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар ҚМПУ-дың ақпараттық-түсіндірме тобы