7, 12 және 13 қазанда «Нұр Махаббат» ҚБ шартының талаптарына сәйкес ректор кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден Қостанай қаласының гуманитарлық, әлеуметтік-техникалық және педагогикалық колледждерінің студенттерімен Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Ғ.Шаймерден Қазақстанның қазіргі уақытта тап болған жаһандық қарсы шығу мен геосаяси сипаттағы қауіптер туралы әңгімелеп, Қазақстан халқының алдында осы қауіпті жеңіп шығу міндеттері тұрғанын баяндады.

1 қазанда Ақтөбе қаласынан келген «Аңсар» кеңес беру-оңалту орталығы» ҚБ директоры «Исламдық радикализм – қоғамға төнген қауіп пен тұрақсыздық факторы» тақырыбында дәріс оқыды. А.Сабдин – кәсіби теолог, Стамбул университеті теология факультетінің түлегі, исламтанушы, дәстүрлі емес мұсылмандық ағымдар саласының маманы. Өз дәрісінде ол исламдағы түрлі радикалдық ағымдар туралы әңгімеледі, салафизм белгілері мен басқа да радикалдық сипаттағы бағыттар жайында баяндап, олардың іс-әрекеттерінің деструктивті салдары жайында тыңдармандарды сендіре білді.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айы бойы ҚМПИ АНТ – «Дінтану орталығы» мүшелері Ғ.И.Шаймерден, К.К.Әбілмәліков, Д.Е.Әбенов Қостанай облысының ауылдық жерлері мен қала мекемелерін аралап, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша дәрістер мен семинар-тренингтер өткізді.

2015 жылғы 10-11 маусымда ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден Астана қаласында «Дін және әлемнің тұрақты дамуы» тақырыбында өткен V әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне қатысты. Бесінші съезд тақырыбы саяси және әлеуметтік-экономикалық сала бағытында өтті.

8 маусымда Қостанай облысының Дін істері жөніндегі басқармасында ҚМПИ «Дінтану орталығы» және «Социум & Я» қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. ҚМПИ «Дінтану орталығынан» аталған шартқа АНТ мүшелері К.К.Әбілмәліков пен Д.Е.Әбенов қол қойса, «Социум & Я» қоғамдық бірлестігінен оның басшысы М.К.Журкабаев қол қойды

29 мамырда Қостанай облысы бойынша Дін істері жөніндегі басқармада «Дін саласының өзекті мәселелері бойынша полиция учаскелік инспекторларына арналған жадынаманың» тұсаукесері өтті. Аталған кітапшаны дайындауға ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден, ҚМПИ «Дінтану орталығы» АНТ мүшелері К.К.Әбілмәліков және Д.Е.Әбенов белсене атсалысты. Кітапшада облыс аумағында таралған дәстүрлі емес ағымдар мен топтардың қысқаша мазмұны, олардың қызметтерінің кері тұстары және теріс шариғат элементтері баяндалған. Сондай-ақ олардың қоғам үшін әлеуметтік қауіптілігі де жазылған.

22 сәуірде ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И. Шаймерден және «Дінтану орталығының» ҚМПИ АНТ мүшелері К.К. Әбілмәліков пен Д.Е. Абенов «Социум & Я» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Қостанай педагогикалық колледжінің студенттері үшін оқыту семинар-тренингін өткізді. Семинар «Қазақстанның дамуындағы рухани құндылықтар мен ұлттық дәстүрлер рөлі» тақырыбына арналды.

21 сәуірде ҚМПИ ректор кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден және «Дінтану орталығы» - ҚМПИ АНТ мүшелері К.К.Әбілмәліков пен Д.Е.Әбенов Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің білім алушыларына арналған оқу семинар-тренингіне қатысты. Семинар «Социум & Я» ҚБ және Қостанай облысының Дін істері жөніндегі басқармасы жанындағы ҚМУ «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» өзара әрекеті ретінде ұйымдастырылды.

17 сәуірде ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И. Шаймерден және «Дінтану орталығының» ҚМПИ АНТ мүшелері К.К. Әбілмәліков пен Д.Е. Абенов Қостанай облыстық Әділет департаменті мен Қостанай аудандық Мемлекеттік табыс басқармасы (Затобол ауылы) қызметкерлерінің алдында баяндама оқыды.

2015 жылғы 8 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Алматы қаласының республикалық ақпараттық-насихаттау тобы сарапшыларының қатысуымен облыстың ЖОО мен колледж АНТ (ақпараттық-насихаттау тобы) мүшелеріне арналған оқу семинары өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар ҚМПУ-дың ақпараттық-түсіндірме тобы