3 наурызда Қостанай кооперативтік колледжінде «Еркін пікір» САНТ (студенттік ақпараттық-насихаттау тобы) дебюті өтті. Топ басшылары – ҚМПИ АНТ – «Дінтану орталығы» мүшелері К.К.Әбілмәліков және Д.Е.Әбенов. Студенттердің баяндамалары түрлі деструктивті діни ағымдардың жастарды өз қатарларына тарту мәселелеріне арналды.

2016 жылғы 18-19 ақпанда Діни зерттеу орталығының бастығы, ҚМПИ «Дінтану орталығының» АНТ мүшесі Ғ.Шаймерден Қостанай облысы Меңдіқара және Ұзынкөл аудандық дінтану оқытушылары үшін өткізілген оқыту семинарының жұмыстарына қатысты. Семинар жұмысы барысында Ғ.Шаймерден Қостанай облысы аймағында өз қызметтерін жүргізіп жатқан деструктивті діни ағымдарға арналған «Дінтану негіздері» курсын оқытудың теориялық ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқыды. Ғ.Шаймерден баяндамасында Қазақстанның діни қауіпсіздігі проблемаларына арналған мәселелерді көтерді.

2016 жылғы 8 ақпанда ҚМПИ «Дінтану орталығының» АНТ мүшелері К.Әбілмәліков пен Ғ.Шаймерден дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің 1 курс студенттеріне діни экстремизмнің алдын алу жөнінде семинар-тренинг өткізді. Күнделікті қарапайым өмірден мысалдар келтіре отырып, олар студенттерге түрлі деструктивті діни ағымдардың қолданатын әдіс-тәсілдер туралы әңгімеледі.

2016 жылғы 1 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында институт оқытушыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде дәріс оқылды. Кездесуге Мемлекеттік қызмет істері министрлігі департаментінің қызметкерлері шақырылды. Кездесу барысында Мемлекеттік қызмет істері министрлігі департаментінің қызметі жайлы ақпарат беріліп, ұжым 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарымен танысты.

Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу және конфессияаралық келісімге тәрбиелеу мақсатында 2016 жылғы 27-30 қаңтар айында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жатақханасында Марал Ишан атындағы қалалық мешіттің жастармен жұмыс істеу бөлімінің қызметкерлері жатақханада тұратын студенттермен кездесті. Кездесуде исламдағы түрлі ағымдар жайлы ақпарат берілді. Кездесу барысында студенттер дін жайында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты, жан-жақты жауаптар ала білді.

2016 жылғы 26 қаңтарда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында психология-педагогика факультетінің студенттері үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласын талқылау шарасы өтті.

2015 жылғы 11 желтоқсанда Қостанай қаласының білім басқармасында қоғамдық тыңдалымдар өтіп, оған педагог қызметкерлер, мемлекеттік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, әлеуметтік маңызы бар жобалардың қатысушылары қатысты.

2015 жылғы 9 желтоқсанда институтта студенттердің дін қызметкерлерімен кездесуі өтті. Кездесуге Қостанай қаласы Марал Ишан мешітінің имамы Бахытжан және Константино-Еленинский соборынан Андрей әкей қатысты. Кездесу гуманизмді жоғары рухани негіздегі құндылық ретінде тәрбиелеу, студент жастардың діни толеранттығы, діни экстремизм мен терроризмнің пайда болуының алдын алу шаралары, діни қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатындағы діни фактордың рөлі мәселелеріне арналды.

2015 жылғы 3 желтоқсанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша конференция өтті.

2015 жылғы 25 қарашада институт студенттерінің Қостанай қаласы мешітінің Имамымен кездесуі өтті. Кездесу жастардың діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизмнің алдын алу және жастар арасында конфессияаралық келісімді тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Қазіргі таңда жастардың дәстүрлі емес діни ағымдар туралы білімдерінің төмендігі және деструктивті-экстремистік ұйымдарға жас ұрпақтың көптеп тартылуы бірінші кезекте шешілуі керек басты мәселе болып табылғандықтан, осы тәрізді кездесулер Қостанай қаласының мемлекеттік органдарында ғана емес, облысымыздың аудандарында да жиі өткізілуде.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар ҚМПУ-дың ақпараттық-түсіндірме тобы