2013 жылдың 17 мамырында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында түлектерді жұмысқа бөлу рәсімі өткізілді. Мемлекеттік грант негізінде және ауылдық квота бойынша білім алушы түлектерді жұмыс орындарына бөлу - міндетті іс-шаралардың бірі. Мемлекеттік грант негізінде білім алушы түлектер жұмыспен қамтылып, мамандықтары бойынша 3 жыл қызмет атқарулары тиіс.

16 мамыр 2013 жылы сағат 1500 Л.Толстого атындағы ғылыми кітапханасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы студенттерінің және өнер кафедрасының оқытушыларының көрмелік жұмыстарының ашылуы болды.

2013 ж. 15 мамырда Перпиньян қ. (Франция) ViaDomitia университетінде академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша үміткерлерді саралаудың соңғы айналымы өтті. Байқауды бағалаған комиссия өкілдері: Шетел тілдері факультетінің деканы – Е.Л. Дорошок, көптілділік орталығының басқарушысы – Г.К. Жанбуршинова, ШТФ профессоры – А.С. Оспанова, кеңсе тіркеуінің методисті – С.К. Сальменова, Францияда бір семестр оқыған ШТФ түлегі А. Нурмагамбетова. Комиссияны басқарған оқу әдістеме проректоры М.Ә. Төлеген.

14 мамырда ҚМПИ-ның оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры М.Ә. Төлеген мен шетел тілдері факультетінің деканы Е.Л. Дорошок көптілділік орталығында ағылшын тілі сабағына қатысты. Бұл жерде сабақтар аптасына екі сағаттан 3 топқа өткізіледі

14 мамырда сағат 14.00 38 АО тобы кураторлары В.В. Данилованың басшылығымен Қостанайдағы тарих және өлкетану мұражайына сапар шекті. Студенттер 9 мамырға арналған соғыс тақырыбындағы суреттер көшірмесінің жаңа қойылымымен таңысты. Қостанай облысының халық тарихына қол тигізе отырып, Ұлы Отан Соғысында қайтқан батырларға арналған естелік кітабын қарап, салдаттарды өлім жазасына кескен қабырғасымен таныстырылды және Қостанай облысының геолого-археологгиялық қазбаларымен таңысты.

2013 жылдың 12 мамырында Л.Н.Толстой атындағы облыстық кітапханада мектеп оқушылары арасындағы «Қостанай Американдық бұрыш» және «Қостанай Жас Көшбасшылары» кубогіне арналған ашық қалалық турнирі өтті. «Парасат» дебат мүшелері төрешілік жасап, белсенділік танытты.

2013 ж. 13 мамырда Перпеньян, VIA Domicia университетінен магистр Axel Hernandez шетел тілдері факультетіндегі ағылшын және француз бөлімдеріндегі 3 курс студенттеріне ағылшын тілінің теориялық аспектілері, әдістер тарихы, екінші шетел тілі, шетел тіліне оқыту әдістері, өлкетану сабақтарын француз тілінде өткізу мақсатымен жіберілді.

«Нұр Отан» ХДП-ның Қостанайлық филиалының қолдауымен, Британдық- парламеттік форматында өткізілген қалалық пікір-сайыс турнирінде 12 топ ат салысты. Нәтижесінде ақтық ойынға, құрамында «Парасат» дебат клубының мүшелері бар «Бродяги» тобы мен тағы 3 қарсыласы шығады. Ақтық ойын өзін көп күттірмей қуантарлық нәтижесін көрсетті. Турнирдің қорытындысы бойынша «Бродяги» тобы жеңімпаз атанып, ал турнирдің «Үздік спикері» атағына біздің «Парсат» пікір-сайыс клубының мүшесі Қадралинов Алмат ие болды.

2013 ж. 3 мамырда шетел тілдері факультетінде Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының профессоры, ғылыми тарих кандидаты, педагогикалық институттың өңір тарихын зерттеу орталығы басқарушысы, «Қостанай облысының тарих қауымдастығы» қауымдық бірлестік президенті, Ахмет Байтұрсынов премиясының иегерімен, Қостанай қаласының қадірлі азаматы, 2008 жылғы қостанайдың меценат клубында «Мәдениетті ұрпақ» атағының иегері Терновой Иван Кандратьевичпен Женіс күніне арналған кездесу өтті. Иван Кондратьевич Ұлы Отан Соғысы жылдарын әңгімелеп берді.

2013 ж. 2 мамырда Шетел тілдері кафедрасының «Инновациядан күнделікті тәжіребеге» жобасының шектеуінде лингвистика кафедрасының және Нижневартов мемлекеттік гуманитарлық университетінің доценті Пластинина Нина Анатольевна шетел тілдері факультетінің оқытушыларына және затобол орта мектебінің шетел тілінің мұғалімдеріне семинар жүргізді. Нина Анатольевна ағылшын сабақтарында керекті фото, видео, оқулықтар және т.б. интернет материалдарының қайнар көзі мен интернет ресурстарды қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар