2013 жылы 11 қараша күні археология және этнография орталығының мұражайында тарихи ғылыми қоғамның студент-мүшелерінің қолдарымен ұйымдастырылған «Археология, экспедиция және ежелгі кезеңнен бастап біздің заманымызға дейінгі еңбек, шаруашылық пен тұрмыс құралдары» атты фотокөрме өтті. Фотокөрме ежелгі адамның алғашқы еңбек құралдарын, антикалық мәдениетінің тұрмыс заттарын, археологтар Г.Шлиман, А. Эванс және Д. Картердың әйгілі археологиялық экспедицияларын, перғауындардың, қытай императорларының ежелгі жерлеулерін сипаттайды. Сонымен қатар Қазақстанның археологиясын сипаттайтын жеке фотосурет экспозициясы ұйымдастырылды.
Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасы, «Инновациялық оқыту технологиялары» зертханасы мен «Информатика» мамандығының 2-ші және 3-ші курс студенттері компьютерлік сенбілікке шықты! Бұл идеяны студенттер ұсынды, және ол Информатики және КТ кафедрасы ұжымында қолдау тапты.
2013 жылдың, қараша айының 7 жұлдызында жаратылыстану-математика факультетінің, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының, «Химия» мамандығының 4 курс, қазақ және орыс бөлімдері студенттері «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясын өткізді. Іс-шара С.А. Назарбаева жетекшілігімен, «Бөбек» қорымен ұйымдастырылған «Отбасылық үлгідегі «Жанұя» балалар ауылы» ММ өтті. Жаратылыстану кафедрасы доцентыШакеева Р.Ж. бастамасымен химия мамандығының студенттері осы қайырымдылық акциясын төртінші жыл бойы өткізіп жатыр.
2013 жылдың 7 қарашасында Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі С.В.Самаркин Қостанай ауданының Александров орта мектебінде «Шағын мектепте өлкетануды оқыту мәселелері» тақырыбында ашық дәріс-семинарын өткізді. Сонымен қатар, мектеп әдіскерлерімен және директорымын (Ковлюшенко Светлана Анатольевна) гуманитарлық бағыттағы мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларын дайындау және басқа да мәселелерді шешуде бірлесе жұмыс істеу жоспары талқыланды.
2013 жылдың 05 қарашасында Алтындала ауданы, Краснооктябрь орта мектебінде "Тарих сабақтарында оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында ашық лекция-семинар өткізілді. Бұл семинарға жауаптылар болып Исенов Ө.И., Анасова А.Б., Байдалы Р.Ж. бекітілген болатын
Қазан айының 28-жұлдызы мен қарашаның 1-жұлдызы аралығында «Қазақ және орыс филологиясы» факультеті, «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының «Жаңа формациялы мұғалім дайындаудағы филология мамандығының заманауи рөлі» атты әдістемелік апталығы болып өтті. Апталық аясында студенттердің интеллектуалдық танымын дамыту мақсатында «Асқақтай бер, айбынды ана тілім» атты сайыс, Оралхан Бөкейдің 70 жылдығына арналған көркемсөз байқауы, «Жоба – ғылыми танымның бастауы» атты ғылыми жобалар сайысы өткізілді. Аталған жарыстарға 1-4 курс студенттері белсене ат салысып қатысты. Бірінші қарашада апталықтың жабылу салтанаты болып, белсене қатысқан студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды.
«Өрлеу» БАҰО АҚ 2013 жылдың 31.10-01.11 күндері 39 жоғары оқу орны факультеттерінің әдістемелік бюроларының мүшелері қатысқан Республикалық «Жыл әдіскері» байқауы өткізілді. Байқау әдіскерлердің үздік жұмыс тәжірибесін анықтап, қолдау, әдіскерлердің кәсіби шығармашылығын ынталандыру, мәртебесін көтеру мақсатында өткізілді. Бірінші кезеңде қатысушылардың электрондық портфолиосы ұсынылды, нәтижесінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтынан қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Абдрашева Әлия Қажымұқанқызы байқауды жалғастыруға жолдама алды.
Апталық аясында студенттердің ғылыми танымын жетілдіру, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ғылыми жобалар сайысы болып өтті. Сайысқа 2-3 курс студенттері арасынан бес жоба алынып, қазіргі қазақ тілінің өзекті мәселелеріне, емлесіне байланысты тақырыптар қозғалып, талқыға түсті. Қатысушылардың арасынан «Жарнама тілі қашан жөнге келеді?» атты тақырыппен 3-курс студенті Шамганова Жансаяның жобасы үздік деп танылды.