Мини-футболдан«ЖМФ бас жүлдесі, 2013» сайысында 1-4 курс студенттерінің 8 командасы мен институт қызметкерлерінің бір командасы қатысты. Жарыс олимпиадалық жүйе түрінде өтті. Сайыс нәтижесі төменде келтірілген:
25 желтоқсанда Достық үйінде «Кустанай-Костанай: очерки истории» кітабының екінші томының тысаукесері өтті. Жұмыстың қорытындысымен баспа авторы – ҚМПИ профессоры И.К.Терновой (бас редактор), ҚМПИ Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі С.В.Самаркин, тарих ғылымдарының докторы Д.М.Легкий, өлкетанушы А.В.Каратаев, жоғары санаттағы мұрағатшы М.А.Алексеенко және т.б. ой бөлісті. Тысаукесер рәсімі шағын концертпен жалғасын тапты. Аталмыш іс-шараға қатысушы студенттер, жалпы орта білім беретін мектеп ұстаздары тарихшылар мен өлкетанушылардың еңбегін жоғары бағалады.
2013 жылдың 25 қарашасында ҚМПИ жатақханасының мәжіліс залында «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 3 курс студенттерімен, аға оқытушы М.В. Нарумованың жетекшілігімен «Жаңа жыл өз қолымызбен» атты шеберлік сыныбы өтті. Онда жатақханада тұратын «тарих және өнер» факультетінің студенттерінен басқа да мамандық иелері қатысты
22 қараша 2013 жыл. Бұл күн биылғы әрбір бірінші курс студенті үшін есте қалар елеулі күн. Кешегі мектеп қабырғасындағы жас түлек бүгінде бірден бір Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының студентіне, болашақ ұстазға айналды. Осыған байланысты кешегі талапкерді Институт құрамына қабылдау үшін, 1-курс студенттерінің өнерін тамашалау мақсатында студенттік сапқа қабылдау болып өтті.
Алайда, осы нышанымызды барлығымыз бірдей дұрыс ұстанамыз ба?! Бұл қазіргі қазақ елінің, Қазақстанның басты мәселесі. Себебі қазіргі таңда діннің әртүрлі бөлімдері пайда болып қаншама жастарымыз әр түрлі діни ағымдардың шырмауында қалып, өз жолдарынан адасып жүр
Педагогика ғылымдарының кандидаты М.И. Кудрицкая 2 курс студенттеріне (биология мамандығына) ағылшын тілінде педагогика саласы бойынша ашық сабақ өткізді. Интерактивтік дәрістің тақырыбы «Реализация принципов гуманистической педагогики в моделировании уроков по биологии». Студенттер педагогика саласы бойынша биология пәнін ағылшын тілінде өз жобаларын қорғады. Студенттер ағылшын тілін жетік меңгерген. Өз білімдерін көрсете білді. Сабаққа шетел тілдері факультетінің деканы Е.Л.Дорошок, жаратылыстану-математикалық факультетінің деканы Д.Т. Қонысбаева және оқытушылар құрамы қатысты.
2013 жылы 11-16 қараша аралығында ҚМПИ, шет тілдері факультеті, практикалық лингвистика кафедрасында «Тілді білсеңіз – елді білесіз» апталығы болып өтті. Апталық аясында оқу-әдістемелік, тәрбиелік мәні бар іс-шаралар ұйымдастырылды. Апталықтың алғашқы күні 1-3 курс аралығында қазақ тілі пәнінен орыс тілді аудиторияларда студенттер мынадай тақырыптарда эссе, шығарма жазды. 1. ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН.
2013 жылдың 13 қараша күні кафедра оқытушылары осы аталған шағын кешенді мектепте "Шағын кешенді мектеп: қазіргісі мен даму перспективасы" атты тақырыпта ғылыми-әдістемелік тәжірибелік - конференция өткізді. Жауаптылар: Балғабаева Г.З, Исенов Ө.И, Анасова А.Б. Онда қарастырылылған сұрақтар: 1. Шағын кешенді мектептің ерекшелігі. 2. Мамандардың жетіспеушілік мәселесі 3. Материалдық-техникалық база 4. Тарих сабағын оқыту әдістемесі 5. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда бағдарламалап оқыту 6. ШКМ мұғалімдеріне оқу-әдістемелік көмек
Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары М.И. Кушнерук пен А.С. Кинжибаева 4.11.-12.11.2013 ж. Валенсия политехникалық университетінде (Валенсия қ., Испания) біліктілігін арттыру курсынан өтті. 1 кезең (он-лайн оқыту) Module1: Modern approaches in the system of continuous (uninterrupted) education. Module 2: Technologies of self-development, self-improvement, self-realization Module 3: System of assessing the results of education. Module 4: Modern information (digital) technologies in teaching and learning.