2013 жылдың 22 қыркүйегінде «Тілдер күні» мерекесіне орай қазақ және орыс филологиясы факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттері мен оқытушыларының ұйымдастыруымен «Тіл – ұлтымның жаны» тақырыбында интеллектуальды- танымдық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, көптілділікті насихаттау, студенттердің танымдық деңгейлерін көтеру.

2013 жылы 21 қыркүйек күні Дене шынықтыру спорт және туризм факультетінің ұйымдастыруымен өткізілген Денсаулық фестиваліне шетел тілдері факультетінің шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.А. Бермухаметова мен студенттері белсенді түрде қатысып, волейболдан ІІІ орынға ие болды.

ҚМПИ ФКС және Т 2013 жылы 21 қыркүйекте сағат 10.00 ШТФ студенттері және оқытушылары 2013 ж. денсаулық фестивалінде қатысты. Аға оқытушы А.А. Бермухамбетованың басшылығымен ШТФ-нің қыздар волейбол тобы институт бойынша 3 орынға ие болды.

Практикалық лингвистика кафедрасының ұйымдастыруымен Тілдер мерекесіне орай «Тіл – адам жанының кілті» тақырыбына қабырға газеттерінің байқауы өткізілді. 1-3 курс студенттері арасында Қазақстан халықтарының тілдері мен салт-дәстүрлері тақырыбына факультетаралық сайыс өткізілді.

2013 жылдың 20 қыркүйегінде Көптілділік орталығының мамандары шетел тілдері факультетінің оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісімен бірлесіп ҚР Тілдер мерекесіне орай шетел тілдері факультеті мен жаратылыстану және математикалық факультетінің көптілді топ студенттеріне арнап іс-шара ұйымдастырды. Бұл іс-шара Қазақстан халықтарының тілдері мен салт-дәстүрлерін арқау еткен викторина және сайыс түрінде өткізілді.

2013 жылдың 12 қыркүйегінде Л.Н. Толстой атындағы облыстық әмбебебап ғылыми кітапханада өнер кафедрасының аға оқытушысы М.Ж. Ордашеваның сурет көрмесінің тұсаукесері болып өтті. Оқытушының алғашқы жеке көрмесі тарихи - этнографиялық тақырыпқа арналды. Қойылған жұмыстардың ішінде – танымал әдебиет өкілдері Жамбыл Жабаев, Мухтар Ауэзов, сонымен қатар тарихи суретте қонақжай қазақ халқының үй тұрмысы, ұлттық ойындары, құсбегілік, бәйге жарыстары бейнеленген

2013 жылдың 6 қыркүйегінде сағат 14-30-да 1 курс студенттерін техникалық және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру мақсатында ҚМПИ-дің техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қауіпсіздік бөлімінің бастығы дәріс өткізіп, қажетті құжаттар толтырылды.

30 тамыз және 1 қыркүйек аралығында ҚМПИ дәстүрге айналған Atameken Startup Weekend бизнес жобалар конкурсын өткізген. Тек қана Қостанайдан емес, елімізідің басқа да қалаларынан қатысқан болашақ бизнесмендер 3 күн бойы өзінің бизнес жобаларын қорғады

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында (ҚМПИ) екінші жыл қатарынан белсенді жалғасуда. Институт студенттері Қазақстанның жоғары оқу орындарына ғана емес, сондай-ақ алыс және жақын шет елдердің танымал оқу орындарында білімдерін шыңдауда. Бағдарламаны толығымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қаржыландырады. Бағдарламаны толығымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қаржыландырады.

2013 жылдың 17 маусымында қабылдау комиссиясының төрағасы, ҚМПИ ректоры – Қ.М.Баймырзаев қабылдау комиссиясы жұмысының басталуы мен 2013 жылғы талапкерлердің құжаттарын қабылдауға дайындық жұмыстары жөнінде жиналыс өткізді. Жиналысқа оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор М.Ә.Төлеген, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, декандар, барлық мамандықтардың техникалық хатшылары қатысты. Жиналыс барысында жұмыстың негізгі бағыттары, мақсаттары пен міндеттері анықталды. Қабылдау комиссиясының төрағасы 2013 жылының 2-ші шілдесінен басталатын шығармашылық емтихан жөніндегі пәндік комиссияның құрамын бекіту мен талапкерлерге тиісті ақпарат беруде жауапкершілік жөнінде және бірқатар тапсырмалар берді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар