2013 жылы 14 маусымда оқу және әдістемелік жұмыс проректоры М.Ә. Төлеген Перпиньян, Франция қ. академиялық мобильділік бойынша байқау нәтежесін жариялау үшін комиссияны жинады. Жиналысқа қатысқандар: факултет деканы Е.Л. Дорошок, шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі М.И. Кудрицкая, практикалық лингвистика каф. меңгерушісі К.Т. Нұрмұхаметова, ҚМПИ профессоры А.С. Оспанова, Көптілділік орталығының басқарушысы Г.К. Жанбушинова және кеңсе тіркеуші методисті – С.К. Сальменова.

2013 жылдың 10 маусым күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында оқу әдістемелік жұмыстар бойынша проректоры М.Ә. Төлегеннің төрағалығымен маңызды мәжіліс өтті. Көтерілген басты мәселе оқу орнының 2013 – 2014 оқу жылында оқу жоспарына барлық мамандықтар бойынша «Ұлылардың ұлағаты» элективті пән енгізу. Ондағы мақсат – қазақ халқының ұлы тұлғалары А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалихановтардың тарихи мұраларын студенттерге оқыту. Материалдар жинақтап, ұйымдастыру шараларын жүргізу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Оған Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, әлем тарихы, құқық және экономика негіздері кафедраларының профессорлары кірді. Жұмыс тобының алға қойған міндеттерінің қорытындысы 2013 жылдың тамыз айында тағы бір талқыға түсетін болады.

Жаратылыстану математика факультетінің, биология және география кафедрасының, биология мамандығы бойынша 1 курс көптілділік тобы студенттері үшін «Биологиялық зерттеулердегі математикалық әдістер» атты курсты ағылшын тілінде Батыс Вирджиния университетінің PhD ассоциативті профессоры Тодд Катцнер оқып жатыр.

2013 ж. 30 мамыр – 1 маусым аралығында Астана қ. Назарбаев Университетінде құрылған халықаралық семинар өтті. Семинарға Қостанай облысының француз тілінің мұғалімдері және оқытушылары қатысты. Семинар ұйымдастырушылары: Қазақстандағы франция елшілігі, бастаушы француз университеттерінің профессорлары, және де Франция және Қызақстандағы білім және мәдениет елшілігінің кеңесшілері. А.С. Оспанова Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шетел тілдері кафедрасының профессоры өзінің баяндамасында француз мәдениет орталығының, қала және облыстардың француз тілі мұғалімдерінің жұмыстары жайлы айтып өтті, францияның магистыры Axel Hernandez VIA Domiciac, Перпиньян университеті және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтымен француз – қазақ қызметтестігі жайлы баяндап өтті.

2013 жылдың 31 мамырында «Қостанай Дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталықпен бірге Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ғимаратында «Дарынды балалардың интеллектуалды-шығармашылық әлеуетін дамытудағы өзекті мәселелер» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы Сізді 50 жас мерейтойыңызбен құттықтайды. Сіздің жасыңыз – бұл тiлектер және мүмкiндiктер түйісетін берекелi және сирек уақыт: ерекше саналы математиктың орнықты абыройы жасалды, оқушылары және ізбасарлары, қадірлеушілері бар. Сонымен де Сіз осы тез құбылмалы өмiрдегі ширақ қызығушылықты және белсендiлікті әлі де жоғалтпадыңыз. Сiздiң өмiрiңiздегі жемiстi кезеңдер мүмкiндігінше ұзағырақ болуын тiлейміз. Олимпиадалық қозғалысты дамыту жөніндегі бастамаларыңыз түсіністік пен қолдауды тапсын

Қазақстанда қыздарға арналған оқу орындары санаулы және біз сол оқу орындарының біреуінде болғанымызды мақтан тұтамыз, ол - Казақ мемлекеттік қыздар педагогикалық универститеті. Біз онда 2013 жылы академиялық ұтқырлықпен барған болатынбыз. Және онда барғанымызға өкінбейміз, себебі ол біздің жадымызда ұмытылмас естелік қалдырды.

2013 жылдың 24 мамырында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында кафедралардың оқу үрдісінде пайдаланатын инновациялық технологиялардың көрмесі өтті. Көрме жұмысына институт ректоры Баймырзаев Қ.М., оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Төлеген М.Ә., академиялық жұмыстар жөніндегі департамент бастығы Кифик Н.Ю., факультет декандары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Мамыр айының 22-ші жұлдызында ҚМПИ спортзалында, Қостанай облысы әкімшілігі Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Елімнің тағдыры - менің тағдырым» атты қайрылымдылық мини-футбол жарысы өтті. Жарыс 1 маусым балалар құқығын қорғау күніне орай ұйымдастырылды. Жарысқа Қостанай облысының белді жастар ұйымдарының командалары қатысты. Оның ішінде: 1. «Нұр Отан» ХДП Жас Отан ЖҚ 2. Қостанай студенттер альянсы 3. ҚМПИ студенттер кәсіподақ ұйымы 4. ҚМПИ жастар ісі жөніндегі комитеті 5. Қостанай қаласының «Жасыл ел» 6. Қостанай жастар маслихаты 7. «Парасат» дебат клубы

2013 ж. мамырдың 16-17 күндері Астана қ. филологтар құрылымы өтті «Қазақстанның филологиялық білім дамуының бастапқы құрылымы». ҚМПИ-ның ректоры профессор Қ.М. Баймырзаев және шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі М.И. Кудрицкая құрылым жұмысына қатысты. 16 мамырда құрылымға қатысушыларды тіркеуі және секционды отырысы өтті. Қ.М. Баймырзаев толық мәжілісте және бірінші секция жұмысы «Қазақстан жастарының нығайуындағы мемлекеттік тілдің рөлі» қатысты. М.И. Кудрицкая үшінші секцияның жұмысына қатысты «тіл және әдебиет әдістемелік педагогикасын жетілдіру әлемдік білімге бірігу шарттарында электрондық оқу жүйесінің дамуы» және «Ерте жастағы балаларға шетел тілін оқыту қағидалары» атты баяндамасын ағылшын тілінде оқыды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар