2013 ж. 15 сәуірде А-201 ауд. Шетел тілдері факультетінің студенттері және оқытушылары тарих мұғалімі Erin Towns және география мұғалімі Kristi Neuroth-пен кездесті. Алыс шетел мұғалімдері сабақ беру тәжірибесімен, АҚШ-тағы оқу жүйесімен, сапалы білімнің бағасымен бөлісті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттерімен және оқытушыларымен кездесуге мүмкіндік алған бағдарлама жайлы айтып берді.

Жыл сайын «Жеңіс күні» мерекесінің қарсаңында үлкен-кішіге «Георгий лентасы» таратылды. Бұл жылы да «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырылып жатқан іс-шараға Қостанай мемлекеттік педогогикалық институтының студенттік «Өзек» клубының мүшелері ат салысты. Георгий лентасы – бұл жай ғана қара-сары жолақты лента ғана емес. Ол - жауынгер ерлігінің нышаны. Ол - жас ұрпақтың ата-баба рухына тағзым-тағылымы. Ол – өткен күндерді еске алу белгісі.

2013 ж. 11 сәуірде Перпиньян Франция қаласының ViaDomitia Университетіңдегі француз тілін зерттеу орталығының деректоры, Forum Heracles Вице Президенті, француз тілін зерттеу орталығының деректорлар кеңесінің Президенті, дидактика және филология докторы Жаки Кайе Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына келді. Оның келу себебі – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының шетел тілі факультетінің 3 курс студенттеріне «Француз тілін жүргізу әдістемесі» тәртібі бойынша тәжірибелік сабақтар және дәрістер өткізу.

2013 ж. 11 сәуірде факультет деканы Е.Л. Дорошок, кафедра меңгерушісі М.И. Кудрицкая, оқытушылар және 2 курстың 21 АҚ, 22 АҚ, 23 АҚ, 21 НО студенттері күректермен, тырнауыштармен және сыпырғыштармен аула жинауға шықты. Студенттер іс-шараға көтерінкі көңілкүймен, еңбекқорлықпен, ынтамен қарады.

2013 ж. сәурдің 11-де Шетел рі факультетінде «Тәжірибе және теория – синкретизм және дуализм сын пікірлері» атты студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. А-205 ауд. – толық мәжіліс. А-205 ауд. – толық мәжіліс. 9.00 – конференцияның салтанатты ашылымы. ҚМПИ Ректоры Қ.М. Баймырзаевтың құттықтау сөзі. 9.10 – ғылыми жұмыс және шет елдерімен байланыстар Проректоры Е.А. Әбілдің құттықтау сөзі. 9.20 – ШТФ деканы, ф.ғ.к., ВАК доцентінің құттықтау сөзі.

Қостанай қаласының Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының базасында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 10 сәуір 2013 жылы өтті. Конференцияның салтанатты ашылуында ҚМПИ ректоры география ғылымдарының докторы, профессор Баймырзаев Куат Маратұлының сәлемдесу сөзімен басталды. Пленарлық отырыста тарих ғыл. докторы, профессор, шет елмен байланыс және ғылыми жұмыс бойынша проректор: Әбіл Е.А, пед. ғылымының кандидаты, профессор, ҚМПИ әлеуметтік-экономикалық және тәрбие жөніндегі проректоры: Ахметов Т.А., Захаров А.А., философия ғыл.докторы,, профессор (МИФИ, Мәскеу қ., Ресей), Сейтқазы П.Б., пед. ғыл. докторы, профессор (Л.Н.Гумилев ат. Еуразиялық Ұлттық Университеті, Астана), Уварина Н.В., пед. ғыл. докторы, профессор (ЧМПУ, Челябі қ., Ресей), Искандирова Т.Н., пед. ғыл. канд., доцент, «Қостанай дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры баяндамаларымен шықты.

Үстіміздегі жылдың 8 сәуірінде, ҚМПИ мәжіліс залында нститут ректоры Қуат Маратұлы Баймырзаевтың бастамасымен ҚР Парламент Мәжілісі депутаты М.Бегентаевпен белсенді студенттердің кездесуі өтті. Кездесудің басты тақырыбы ретінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қарастырылды.

2013 ж. 6 сәуірде 822 ауд. ақпараттық насихаттау тобының жоспары бойынша тарих және өнер факультетінің қоғамдық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы Бухметова А.А. психология және педагогика факультетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Дефектология», «Педагогикажәне бастауышты оқыту әдістемесі» мамандықтарының 2 курс студенттерімен «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты Н.Назарбаевтың мақаласына байланысты презентация көрсетілді.

Сәуірдің бесінші жұлдызында ҚМПИ мәжіліс залында конькимен жүгіруден әлем және Азия чемпионы, қазақстандық конькимен жүгіруші, спринттік көпсайысшы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, коньки спорт түрінен әлем чемпионы атағына ие жалғыз қазақстандық Денис Кузинмен кездесуі өтті. Біздің студентіміз, ел мақтанышы, ҚМПИ студенттері үшін үлгі болып жүрген спортшы студенттерді қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Ал институт ректоры Денисті шын жүректен құттықтап, оған жаңа теледидарды сыйлады.

«Музыкалық білім» мамандығының 3 курс студенті Миллер Анета мен 2 курс студенті Бушмакова Юлия – бүкілрессейлік байқауда дипломат атанды, (халықаралық қатысу) «Я-концертмейстер», 2013 жылдың 1 және 5 сәуір аралығында Екатеринбург каласы Орал мемлекеттік педагогикалық университеті көркем және музыкалық білім институттар арасында өткізілді: Миллер Анета (оқытушы – п.ғ.к. М.С. Сапиева) 1-ші тур 1. М.Глинка. Свадебная песня («Дивный терем стоит......») 2. Н.Римский-Корсаков. Не ветер вея с высоты2-ші тур 1. Дж. Пуччини. Ария Лауретты «Джанни Скикки» операсынан 2. П.Чайковский Скажи, о чем в тени ветвей

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар