2013 жылдың 5 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігінің білім баскармасымен бірлесіп Қостанай мемлекеттік педагогикалык институты "Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Костанай облысы білім беру мекемелерімен әлеуметтік серіктестік мәселелері мен болашағы" тақырыбында аймақтық дөңгелек үстел отырысын өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына педагогтар, ғылым және педагог қызметкерлері, жоғары, жалпы және қосымша білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.Дөңгелек үстелге қатысушыларының назарына іліккен басты мәселелер:

Құрметті студенттер! 2013-2014 оқу жылының 1 семестрінде ішкі академиялық ұтқырлық (ҚР ЖОО-ында) бойынша білім алғысы келетін барлық үміткерлер 2013 жылдың 4 сәуіріне дейін деканатқа өтініш берулері қажет. Үміткерлерді таңдаудың негізгі критериелері: академиялық кезеңнің соңындағы студенттің оқу үлгерімі, факультет деканының мінездемесі болып табылады.

Ресми түрде 1 сәуір бүкіл әлемде Халықаралық «Құстар күні» деп танылған. Жыл сайын биология мен география кафедрасында осы күнге арналған іс-шаралар өткізіледі. «Ғаламшардағы көршілер» атты іс-шараны кафедра оқытушылары Брагина Т.М., Брагин Е.А., Рулева М.М., және ҚМПИ БЭБ ҒЗО демеулігімен «Фифи» бедвочерлер ұйымы, ҮЕҰ,және ҚБСА өткізді.

2013 жылдың 29-30 наурызда Абылай хан атындағы халықаралық байланыстар және әлемдік тілдер университетінің базасында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі шетел тілдерінен Республикалық студенттік олимпиаданы өткізді. Олипиадада Қазақстанның 26 ЖОО студенттері қатысты. Біздің «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығын неміс бөлімінің студенті Е. Шиляева және ағылшын бөлімінің студенттері У. Нагибина және А. Мукужанова қорғады. Олимпиада 3 мамандық бойынша 2 турдан өтті:

ЖМФ деканаты талапкерлерді тіркеуді ұйымдастырудағы жемісті жұмыстары үшін келесі оқытушыларға Ильяшенко М.А., Саналина С.М., Жигитова А.Б және «Биология» және «География» мамандығының 2-3 курс студентеріне алғыс білдіреді. «Кәсіптік оқыту» мамандығының материалдары бойынша қызықты әрі мазмұнды көрме ұйымдастырған физика және ЖТП кафедрасының меңгерушісі Калакова Б.А. және аға оқытушы Комиссарова С.В. алғыс білдіреміз. Талапкерлермен қызықты кездесу өтті. Декандар мен кафедра меңгерушілері факультет және мамандықтар жөнінде ақпараттар берді. Талапкерлер назарына қарауға факультет өмірінен бейнебаян және презентация ұсынылды.

Бүгінгі күні мектеп бітіруші түлектерді ерекше толғандырып отырған басты мәселе – мамандық таңдау. Олардың алдында сан тарау жол жатыр, алуан түрлі мамандық күтіп тұр. Әр жүректе бір арман. Ол – қоғамға қажетті мамандық таңдап, қалаған мамандығының иесі болу. Осы орайда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты мектеп оқушыларына жыл сайын көмекке келуде. Институт ректоры Қ.М.Баймырзаевтың бастамасымен мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру мақсатында оқу орнында дәстүрлі түрде ашық есік күні өткізіліп тұрады

«Тарих» мамандығының 3 курс студенттері – Қылышбекова Бибінұрды, Арапов Жандосты және Абсаттаров Оразбекты Тарих және өнер факультетінің деканаты тарих бойынша V Республикалық Олимпиадада II орын алуымен құттықтайды. V Республикалық Олимпиада 2013 жылғы 28-29 наурыз аралығында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде болды. Оған Қазақстанның түрлі аймақтарынан 17 топ қатысты. Олимпиада бірнеше турдан тұрды: 1-тур – эссе, 2-тур – ғылыми жоба, 3-тур – тест. Олимпиаданың барлық кезеңдерінде біздің студенттер білім деңгейінің жоғарылығын көрсетті. Жарайсыңдар! Сіздерге ғылыми-зерттеу жұмыстарында жаңа жетістіктер мен табыстар тілейміз.

28.03.2013 жылы Қазақ және орыс филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-ші курс студенттерінің педагогикалық машықтанудан өткен қорытынды конференциясы өтті. Конференцияда студенттер машықтану барысында жасаған жұмыстарын қорғады. Жалпы 4 курс студенттері Қостанай қаласының базалық №20 Мәриям Хәкімжанова атындағы орта мектепте 5,6 сыныптарда, №24 Сырбай Мәуленов атындағы гимназисының 6,7,8 сыныптарда, № 10 мектептің 5,6 сыныптарда машықтанудан өтсе, бес студент ауылдық мектептерде педагогикалық машықтанудан өткен болатын.

Мисс КГПИ 2013Көптен күткен Мисс КМПИ 2013 сайысы наурыздың жиырма жетінші жұлдызында өткен болатын. Осы іс-шараға қатысқан 8 ару қыздарымыз 5 түрлі кезеңде өз ілгерілікті көрсеткен болатын, яғни «Визитка», «Авангард», «Үйлену көйлектердегі дефиле», «Сұрақ-жауап» және де «Шығармашылық сайыс». Бұл кезеңдерде өзінін артықшылықты көрсеткен, әділ-қазы алқасын өз дарындылығымен паш еткен ару Регина Гинкель болды. Ол Мисс КМПИ 2013 атағына лайық деп шешілді. Енді 4 курс студенті Щучье-Боровое атты қазақстандық курортқа жолдама алып, дем ала алады. Қалған қыздар сыйлықсыз кеткен жоқ, барлығына жақсы бағалы сыйдар берілді.

Наурыз айының 27 күні білім мекемелерінің оқытушыларына және мұғалімдерге арналған дөнгелек үстел мен облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысы. 13.00 – конференцияға қатысушыларды тіркеу 13.15 – конференцияның салтанатты ашылуы. ҚМПИ-ның Ректоры Қ.М. Баймырзаевтың құттықтау сөзі. 13.25 – ғылыми жұмыстар және шетел байланыстары Проректоры Е.А. Әбілдің құттықтау сөзі. 13.35 – ШТФ деканы, ф.ғ.к., ВАК доценті Е.Л. Дорошоктың «Интерактивті технологиялар арқылы шетел тілдеріне оқыту» баяндамасы. Қосымша баяндамашы тәжірибелік лингвистика кафедрасының аға оқытушысы М.Д. Жұмашев

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар