2013 ж. ақпан айының басында шетел тілдері факультеттің оқу-әдістемелік кабинетінде көптілділік ақпараттық бұрышы ашылды, «ҚР оқудың басқа тілдік тұжырымдамасы» және де «ҚР үшбірлік тілдері » жобасымен Қазақстан Республикасында көптілділік оқу концепциясының дамуымен факультет студенттері таныса алады.
Қазақ жолының жаңа кезені – экономиканың бекітілуінің жаңа есептері, халықтың ауқаттылығының көтерілуі. Н.А. Назарбаев. 2013 ж. 6 ақпанда 5В011900 мамандығының 1 курс студенттерінің курстық жиналысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың «Қазақстанның – 2050 стратегиясын» талқылаумен философиялық ғылым кандидаты Б.Х Альшанова және факультет деканы Е.Л. Дорошок сөйледі. Жолдауды талқылауда студенттер белсенді қатысып өздерін қобалжытқан мәселелерге жауаптарын алды.
Ақпанның бесінші жұлдызында «Қазақ және орыс» филологиясы факультетінде Қазақстан Республикасы президентінің «Қазақстан 2050» атты Қазақстан халқына жолдауы аясында студенттер мен оқытушылар арасында дөңгелек үстел болды. Дөңгелек үстел барысында студенттер баяндама оқып, өзара пікір өрбітіп, жолдауды талқылады. Дөңгелек үстелге институтымыздың тарих факультетінің оқытушылары Байдалы Рауан Жомартұлы мен Бекмағанбетова Майсара Жауғаштықызы өз ойларын ортаға салып, сөз сөйледі.
2013 жылы 4 ақпанда институт және факультет өмірінде белсенді қатысып жақсы уқуы үшін 1 жене 2 курс студенттеріне алғыс хаттар берілді. Хатта деканат және факультет оқытушыларының ұжымы ата-аналарына балаларын мақтауға тұрақтылықтай етіп тәрбиелегендері үшін алғыстарын білдірді. Еліміздің бастаушы Жоғары Оқу Орындарының бірін бітіріп, Қазақстан Республикасының мақтауға тұрарлықтай азаматтары болып және өз ісінің маманы болатынына біз сенімдіміз.
29 қараша 2013 «Біздің көшбасшы» сайысының қорытындысы өткізілді. Сайысқа 1-4 курс студенттері белсенді қатысты. 1 орын – 21 АК, 2 орын – 13 АК, 3 орынға – 47АР ие болды. Шетел тілінде өткізілген «Біздің президент» эссе сайысында 4 курстың 35 студенті қатысып, ағылшын тілінен 1 орынға Мукужанова А. 44 АР, 2 орынға Боднарь М., 45АР, неміс тілінен 1 орынға Айтпаева С. 41 НРК, 2 орынға Иволгина Н. 41 НРК, 3 орынға Руденко А. 39 НРК ие болды.
2013 ж. 29 қаңтарда 5В011900 мамандығының 2 курс студенттерінің курстық жиналыстарында факультет деканы Е.Л. Дорошок, Шетел тілдері факультетінің меңгерушісі М.И. Кудрицкая, практикалық лиингвистика кафедрасының меңгерушісі К.Т. Нурмухаметова сөйледі. Күн тәртібінде үш сұрақ болды:
2013ж. 25 қаңтарда www.edmodo.com сайтын қолдану бойынша шетел тілдері кафедрасының оқытушысы, психология Магистры Е.А. Кудрицкая семинар өткізді. Семинарға шетел тілдері кафедрасының оқытушылары қатысты. Оқытушыларға сайтты қолданудың мысалдары келтірілді:
2013 жылдың 25 қаңтарында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қостанай облыстық мәдениет сарайының ұйымдастыруымен Тарих және өнер факультеті, Әлем тарихы, құқық және экономика негіздері кафедрасы жанындаға «Құқық бойынша студенттік-ғылыми үйірме» мүшелерінің (Құқық және экономика негіздері мамандығының 2-4 курс студенттерімен) құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесуі өтті. Кештің мақсаты - құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін түсіндіру, рухани-адамгершілік қалыптасуына көңіл бөле отырып, жастарға құқықтық тәрбие беру, қоғам індеті - жемқорлықтың алдын алу. Кешке Қостанай облысы ІІД полиция майоры Қозыбаев Жұмабай Айбасұлы және ҚР прокуратурасы институтының аға прокуроры Құрманалинов Еркін Жақсылықұлы арнайы шақырылды.
2013 ж. 17 қаңтарда кураторлар кеңесінің бірінші ұйымдастырылған отырысы өтті. Кураторлар Кеңесінің төрайымы етіп практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысын Жакупжанова Гульсум Сарсенбаевнаны тағайындады. Гульсум Сарсенбаевна кураторлар кеңесі жайлы, факультеттің ең үздік тобы сайысы жайлы жағдайды түсіндірді. Кураторлар кеңесінде кураторлар Кеңесінің жұмыс жоспары бекітілді, оның негізгі тармақтары болып табылатын:
Желтоқсан айының 13 жұлдызында ҚМПИ акт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай гала-концерт өтті. Концерртің әр нөмері жарқын да қызықты, көркем де тартымды болды, өйткені олардың барлығы біздің Отанымызды мақтап жырлаған.