Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының биология және география кафедрасының оқытушысы, биология магистрі Божекенова Женискуль Турсынбаевна 2012 ж.12 қараша - 8 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында (Алматы қ.) өз білімін көтерді. ЖОО педагогика мамандығы оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы төрт модульден тұрады: - үздіксіз білім беру жүйесіндегі заманауи әдістер; - өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі іске асыру технологиялары; - білім беру нәтижелерін бағалау жүйесі; - оқыту және оқу жүйесіндегі заманауи сандық технологиялар. Дәрістерді өткізген Қазақстанның және шетел ЖОО білікті мамандары (профессор Рафиз Абазов, АҚШ, Колумбия университеті).
2012 жылдың 7 желтоқсанында Қостанай мемлекеттік педогогикалық институтында обылыстық жоғарғы оқу орындары арасында ҚР тәуелзіздік күніне арналған Патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауда Қостанай облысының талантты бетке ұстар жас өкілдері қатысты. Қатысушылардың басты мақсаты өзідерінің музыкалық және артистік зейіндерін көрсету болды. Байқау екі номинацияға еңсерілді домбыра мен дәстүрлі ән шырқау және эстрадалық вокал.
30 қараша 2012 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 3-ші қабатында «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенттетері ҚР-ның Тұңғыш Президент күніне арналған көркем өнер қойылымын өткізді. Көркем қойылым студенттердің әр түрлі бағыттағы бейнелу өнерін көрсетті: живопись, кескіндеме, кол өнері, бейнелеу өнері. Бұл экспозицияда сонымен қатар басқада жанрлар қойылымда болды:натюрморт, пейзажды этюд, сәнді композиция. Көркем өнер қойылымы гуашь техникасымен, май, пастель, акварель, карандаш, гильошировпен және де т.б. техникамен өрнектелді. Көркем өнер қойылымында тақырыпқа байланысты сезімдердің әр алуандылығы, туған жерге деген сезім байқалды.
2012 жылдың қараша айының 29 жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында, әлем тарихы,құқық және экономика негіздері кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның ұлттық валютасына-20жыл» акциясы аясында «Біріңғай Азия валютасын еңгізу: жетістіктері мен кемшіліктері» атты ашық пікір-сайыс түріндегі іс-шарасы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары өз алдарына қойған мақстаты студент қауымымен қатар ұстаздар қауымынада, біріңғай азия валютасын еңгізудегі экономикалық тұрғыда кемшіліктері мен жетістіктерін түсіндіру болатын.
2012 жылдың 27 қарашасында «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 2-4 курс студенттері н құқықтық тәрбиелеу аясында ҚМПИ №2 жатақханасында Әлем тарихы, құқық және экономика негіздері кафедрасының ұйымдастыруымен «Конституция әр үйге» атты іс-шара өткізілді. Оның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының негізгі заңы Конституцияның жағдайларымен студенттерді таныстыру болып табылды. Іс-шара барысында Конституцияның құрылымы жайлы сөз қозғалып, презентация арқылы түсіндірілді. Сонымен қатар, Конституцияны білу бойынша студенттердің арасында инстеллектуалды ойын өткізілді. Ойынның жеңімпазы атанған Алимгазина Әйгерімге («Құқық және экономика негіздері» мамандығының 1 курс студенті) ҚР Конституциясы табыс етілді.
Қостанай мемлекеттік педогогикалық институтында Қазақстандағы және бұрынғы кеңес одағы кеңістігіндегі, физикалық плазманың атасы, Лениндік степендияның алғашқы степендианты, физика-математикалық ғылымдарының докторы Академик Фазылхан Бәйімбетовтың атындағы дәрісхана ашылды.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының жыл сайын факультет, институт бойынша өтетін кафедра апталығының жоспары бойынша археология және этнография орталығының ашылуы институт тарихындағы ең бір айтулы оқиға болды.
Қарашаның тоғызыншы жұлдызында Қостанай облыстық балалар үйінің алтыншы тобы қазақ бөлімінің тәрбиеленушілері Қостанай Мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану-математика факультетінің биология мамандықтарында оқитын студенттерімен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттер өзінің алып жатқан мамандықтары туралы айтып және білім алатын дәрісханалар мен зертханалармен таныстырды. Таныстыру барысында жасөспірімдер қызығушылықтарын көрсетті. Балалардың көпшіліктері болашақта осы мамандыққа түсетіндігін айтты.
1 қараша 2012 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық жастар кітапханасында «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 1 курс студенті Анастасия өзінің жеке көрмелік қойылымымен таныстырды. Бұл студент облыстық байқаулардың және облыстық «Жас дарын» байқауының жеңімпазы (Қазан 2012 ж.). Ягудина Анастасия Қостанай қаласының балалар сурет мектебінің түлегі, балалық шағынан сурет салуға, кескіндеуге әуес болған, 12 жасынан бастап компьютерлік кескіндемеде жұмыс жасады. Сурет салу, қол өнері, бистермен әшекейлеу, паперкрафт, скрапбукингпен айналысу өзінің хоббиіне айналдырған. Ағылшын және жапон тілін меңгерген. Кулдіргі, батыстық суреттерді және манга салғанды ұнатады.
Қазанның 31 күні шетел елдерінде Хэллоуин мерекесі ретінде тойланатыны барлығымызға мәлім. Батыстан келген бұл мейрам Қазақстан жастарының көпшілігінде қолдау тапты. 30 қазанда филология факультетінің ағылшын тілі кафедрасы дәл осы мейрамды өткізген. Бұл іс-шарада студенттер граф Дракуланы көріп, басқа да сиқырлы да қызықты кейіпкерлерді тамашала алды.