Өнер кафедрасы 30 наурызда Қостанай облыстық білім басқармасы және облыстық мәдени – спорт орталығымен бірлесе отырып бейнелеу өнері төңірегінде «Жас дарын» атты облыстық жас суретшілер сайысын өткізді. Сайыс төмендегідей тақырыптар бойынша: графика, кескіндеме, сәндік қолданбалы өнерден өткізілді. Алқа төрелері болып Қазақстан республикасы суретшілер Одағы мүшелері Шалунова С.И., Баталова Б.Ж., Изюмова Т.В., өнер кафедрасы оқытушылары Жусупова Д.Ж., Нарумова М.В., Сапиев А.С. тағайындалды.

2012 жылдың 1 сәуірінде Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасында «Ученые приглашают» (Ғалымдар шақырады) клубының отырысы өтті. Аталмыш клуб кітапхана қызметкерлерінің бастамасы бойынша құрылып, ұйымдастырылды. Кезекті отырыста «Қостанай облысы басылымының тарихы» атты тақырып талқыланды.

2012 жылдың 29 наурызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 2012 жылдың мектеп түлектері үшін «Ашық есік» күнін ұйымдастырды. Аталмыш іс-шараға облысымыздың әр шетінен жиналғандар көп болды. Шамамен 500 жуық. Институт қабырғасын аттаған жоғары білім алғысы келетін жастарды, студенттер мен ұстаздар қауымы жылы-шырай танытып, қарсы алып, оларға барлық жағдай жасалды.

2012 жылдың 30 наурызында Қостанайға Франия елінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Жан-Шарль Бертонэ мырза екі күндік жұмыс сапарымен келді. Елшімен бірге, жоғары мәртебелі қонақтар қатарында сауда экономикалық сұрақтар бойынша Кеңесшісінің орныбасары Лоран Шапитон, мәдени қарымқатынас бойынша Кеңесші Йоан Юрес және оның орынбасары Йоанн Шиттерер болды.

27 наурызда 17:00 Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтына Колумбия аймағынан өнер кафедрасының доценті Уилкс Университеттен келген Шерон Косгроув (Вашингтоннан, Пенсильвания штатында) студенттерімен кездесу өткізді. Ол Нью-Мексико уневерситеті және Шепард колледжінің облыстық әсемдік өнерінде магистр болып, кескіндемеден, беземеден, эстамптан сабақ береді. Оның суреттері және эстамптары өзінің көрсететіндерін, қазіргі кезден бастап жүзеге асырды және ғылыми дәстүрлік қазіргі өнерден құрастырылған. «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы шеберлік түрінде студенттермен кездесу өткізілді.

Ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларға бей-жай қарамай, қол ұшын созуға талпынған белсенді студент жастар, институтта «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Ұстаздар мен көпшілік студенттердің қолдауына ие болған тың бастама бүлдіршіндерге үлкен қуаныш сыйлауда.

Наурыз – күн мен түннің теңелген, дала нұрға бөленген, малдың ауызы көкке, адамның ауызы аққа тиген ұлық мереке күні. Бауырмалдық, тазалық, қамқорлық, теңдік, елдік тоғысқан торқалы той осы күні өткізіледі. Наурыз – қазақтың ғана емес ғаламға ортақ жаңғыру мерекесі. Міне осы мереке қарсаңында, Қостанай мемлекеттік педагогика институтында екі күнге созылған Наурыз тойланды. Жылдан-жылға институт ректоры Қуат Баймырзаевтың тарапынан баса назар аударылып, мерекенің ауқымы да, мән-маңызы да артып келеді.

Наурыздың 12 мен 17 аралығында өнер кафедрасы әдістемелік апталығы өткізілді. 12.03 сағат 09:30 «Sibelius» ноталық басылым бағдарламасын пайдаланып, «Хоровая аранжировка» пәнінен (жауапты аға оқытушы Саятулекова Л.С.) интерактивті тақтамен ашық сабақ өткізілді.13.03 сағат 14:30 музыка пәні және қосымша педагогикалық білім мұғалімдерімен «музыкалық-компьютерлік технологияны пайдалану» (жауаптылар кафедра меңгерушісі Сапиева М.С., оқытушы Тұрлыбаева Д.К.) атты дөңгелек стол өткізілді. 14.03 сағат 11:30 мультимедиялық технологияларды пайдалана отырып, «Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы» пәнінен (жауапты аға оқытушы Нарумова М.В.) ашық сабақ өткізілді.

2012 жылдың 1 – 12 наурыз аралығында Петропавловск қаласында Қазақстан Республикасы студенттері арасында IV-ші қысқы Универсиада болып өтті. Оған еліміздің түпкір-тіпкірінен 27 жоғарғы оқу орындарынан студент жастар қатысты. Универсиада спорттың 15 түрін қамтыды.

2012 жылдың 29 ақпан мен 3 наурыз аралығында Қостанай мемлекеттiк педагогикалық институтының базасында факультеттер мен институтының жастар ұйымдар арасында спорттықсайыстар өтті. Жарыстың төрт күні әртүрлi спорт түріне арналған болатын.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар