2012 жылымамырайының 16-ші жұлдызында ЖМФ-ніңжаңа деканы тағайындалды. Факультет ұжымы атынан жемісті еңбек жылдары үшін Абдықаликова Қалимаш Ахатовна мен Қонысбаева Дәмелі Төремұратқызына алғысымызды білдіреміз! Қонысбаева Дәмелі Төремұратқызын ЖМФ деканы қызметіне және Белан Ольга Ренатовнаны биология және география кафедрасының меңгерушісі қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз!

9 мамыр күні институт ректоры, профессор Қ.М. Баймырзаев бастаған студенттер мен ұстаздар қауымы Қостанайдың орталық алаңына шығып, бас-аяғы 200 адам, Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіске 67 жыл толуына арналған мерекелік шеруге шықты. Шеру соңы Жеңіс саябағындағы Белгісіз солдат ескерткішіне гүл шоқтарын қоюумен аяқталды.

7 мамыр күні ҚМПИ-да Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен тың еңбеккерлерін құрметтеу рәсімі өтті. Институт ректоры ақсақалдарға сый-сияпат көрсетіп, гүл шоқтарымен қатар, ақшалай марапат жасады. Студенттер мен ғылыми кітапхана қызметкерлері «И помнит мир спасенный...» атты әдеби-музыкалық композиция әзірлеп, көрермен назарына ұсынды.

Ұлы Жеңіс күнінің 67 жылдық торқалы тойы қарсаңында 3 мамыр күні химия кафедрасында «Ерлік даңқы өшпейді» атты кураторлық сағат өтті. Онда 1 - 3 курс студенттері Ұлы Отан соғысының ардагері Молдағали Жүнісбекұлымен кездесті. Кездесуде ақсақал жас жеткіншектерге өзінің өмір жолын, фашистік германиямен соғыстағы қиын-қыстау кезеңді әңгімеледі. Студенттерде ардагерге зор алғыстарын айтып, өз өнерлерін тарту етті. Кездесуді химия кафедрасының кураторлары Р.Ж. Шакеева мен Е.А. Баекеновтар ұйымдастырды.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында 2012 жылдың 28 сәуірінде ҚМПИ-да «Жігіттер сайысы» болып өтті. Сайысқа ҚМПИ студенттер Альянысының, студенттер кәсіподағы комитетінің, жастар ісі жөніндегі комитеттің, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ және институт факультеттерінің өкілдері қатысты.

27 сәуір күні ҚПМИ-да Қазақстан халықтар бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Сахнада әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдері мен ән – билері шырқалды. Сөйтіп студенттер көп ұлттық Қазақстан азаматтарының достығы мен бірлігінің мығым екенін тағы бір дәлелдеді.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты тек білім беріп қана қоймай, сондай-ақ, өз түлектеріне жұмыс орнын табуға да септігін тигізеді. Соның жарқын бір көрінісі, ҚМПИ –да 2012 жылдың 26 сәуірінде биылғы түлектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жыл сайын ҚМПИ-дан 500-ге жуық түлектер тәрбиеленіп, өмір жолына аттанады. Міне сол болашағынан үміт күттіретін жас мамандарға арналып, жылда институт басшылығы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырады. Бұл іс-шара қанаты қатаймаған жастарға жұмыс орнын тауып, өмірден өз жолын таңдауға үлкен септігін тигізетіні анық.

Сәуірдің он екісінде Балалар шығармашылық үйінде «Шапалақ.kz» атты ашық КТК лигасының көптен күткен ашылуы болды. Осы іс-шараның ұйымдастырушылары әдеттегідей Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Қостанай облысының «Шапалақ.kz» ашық КТК лигасы, «Ел ертеңі» жастар қоғамдық бірлестігі, Қостанай облысы әкімдігі мен «Маусымашар 2012»арнайы жобасы

2012 жылдың 12 сәуірінде педагогика кафедрасының әдістемелік апталығы және педагогикалық үздіксіз тәжірибенің қорытындысы аясында ҚМПИ-дің 1-2 курс студенттері арасында «Ровестник» педагогикалық отрядының вожатый шеберлігі байқауы өтті. «Ертегіде қонақта» деп аталған концерттік байқау бағдарламасына «Белоснежка и семь гномов» қойылымының 12 эпизодын біріктірген шағын театр кірген.

Сәуірдің үші күні Студенттер үйінде филологиялық факультеттің студенттері Күлкі күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шара әндерге, би мен көңілді әзілдеріне толы болды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар