Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт базасында облыстық Atameken Startup Weekend жобасының кезекті кезеңі өтті. Бұл республикалық жоба Қостанай өлкесінде белгілі бір рекордтарға ие болды: тіркелген адамдар саны – 218, ал идея саны 59 болды.

1 Қыркүйек білім күні. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында әдеттегіден адам көп жиналған. Кешегі талапкер бүгін студент атанған жастар, енді бірі келесі курсқа көшкендер білім іздеп қарашаңырақтың табалдырығын аттады. Бұл олардың үлкен өмірге, ғылым, білім жолына басқан алғашқы тың қадамдары еді. ҚМПИ оларға құшағын айқара ашып, сәттілік тілеп тұрғандай. Алдымен сөз алған институт ректоры, профессор Қ.М. Баймырзаев жаңа оқу жылында студенттерге ақжарма тілегін айтып, сәттілік тіледі. Сондай-ақ, салтанатты жинға келген қонақтар ардагерлер, қалалық білім бөлімінің өкілдері, оқу үздіктері өздерінің жылы лебіздерін жеткізді

ҚМПИ қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады. Кәсіптік бағдар беру жұмысы институтымызда жыл бойына жүргізілді. Ұстаздар мен студенттер қала және облыс мектерптерін аралады. Болашақ түлектерге олар институттағы берілетін білім, мамандықтар, факультеттер, оқу түрлері жайлы толық ақпарат беріп, буклеттер үлестірілді. Енді соның нәтижесі қалай болар деп тағаттана күтуде.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты түлектерімен қоштасуда. Біздің институт білікті де, білімді қоғам өміріндегі ең маңызды мамандық иелерін даярлайды. Түлектер біздің мақтанышымыз. Ақ жарма тілектермен маусым айында әр факультет өз түлектеріне салтанатты жағдайда дипломдарын табыстады

2012 жылдың 18-19 маусымында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының базасында «Республика жоғары оқу орындары кітапханаларының серіктестігі: ынтымақтастықтың жаңа түрлері» тақырыбында жоғары оқу орындары мен колледждері кітапханаларының облыстық әдістемелік орталықтары – жоғары оқу орындары кітапханаларының республикалық семинары өтуде.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, жаратылыстану-математика факультеті биология және география кафедрасының экология мен биология мәселелерінің ғылыми-зерттеу орталығы ғылым және білім мекемелерінің және тірі табиғатты қорғаудың бүкіләлемдік қорының қолдауымен(WWF), «ОЭО Наурызым» қоғамдық бірлестігі, Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен 2012 жылдың 5-6 маусымында Қостанай қаласында және Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында «Азия далаларындағы биологиялық алуантүрлілік» және «Киіктердің популяцияларын қалпына келтіру және сақтау» дөңгелек столы негізінде II Халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді. Конференцияға қатысушылардың арасында 12 ғылым докторлары мен 29 ғылым кандидаттары болды. Конференция жұмысы ақпарат құралдарымен қамтамасыз етілді.

4 маусымда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында биология және география кафедрасының оқытушылары мен студенттері «Таза жағалау» экологиялық акциясын өткізді. Акцияға Жаратылыстану- математика факультетінің 1-3 курс студенттері қатысты. Осы ісшара нәтижесінде Тобыл өзенінің жағалаулары, «Үлкен көпір» ауданы, «Корей» көпірі және ТББК ауданындағы көпір маңы тазартылды.

ҚҰТТЫҚТАУ! Академиялық ұтқырлық бағдарламасының шеңберінде Францияның Перпиньян қаласындағы ВИА Домисия университетінде бір семестр бойы тегін оқуға сертификат жеңіп алған: Касенову Асель - 3 курс, ФФ, Каримулдину Миизгуль - 3 курс, ФФ, Нурмагамбетову Айнур - 3 курс, ФФ, Уразбаеву Мадину - 2 курс, ФФ, Тургынгожину Назерке - 3 курс, ФФ, Батыс Вирджиния (АҚШ) штаты университетінің сертификатын жеңіп алған: Нагибину Ульяну - ФФ, 3 курс, Дацко Ксению - ФФ, 3курс табыстарымен шын жүректен құттықтаймыз!

25 мамырда «География» мамандығы 4 курс студенттері мен биология және география кафедрасының доценті Оразымбетова Б.Б. ұйымдастыруымен «Соңғы қоңырау» ісшарасы өткізілді. Бұл ісшараға жаратылыстануматематика факультетінің барлық кафедраларының кураторлары мен оқытушылары шақырылды. Студенттер болашақ мұғалім мамандығына қажетті талантты ұйымдастыршылық қабілеттерін көрсетіп өздерін танытты. Үздік оқығандары үшін және институттың қоғамдық өміріне белсене қатысқандары үшін студенттерге Алғыс хаттар берілді. Осы іс-шараның соңында студент-түлектер аспанға түрлі түсті әуеге шарлар ұшырды.

ҚМПИ ректораты Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Бір семестр бойы шет елдік ЖОО-ДА» деген Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруға кіріскені туралы жариялайды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылдың 20 сәуіріндегі № 175 бұйрығымен академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының, 2012 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап бір семестр бойы шет елдердің жоғары оқу орындарына оқуға жіберілетін студенттерінің саны бекітілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар