Әр мұсылман баласы үшін Құрбан-айт киелі мереке. Бұл күні мұсылмандардың жүрегінде достық, бауырмашылдық, сүйіспеншілік, өзара құрмет, шер бөлісу, бір-біріне қол ұшын беру секілді сезімдері атқақтап тұрады. Ұлы Жаратушының ризашылығы үшін шалынған құрбанның қаны адамдардың жүрегіндегі кір-қоқыс пен көңіліндегі пенделіктің сыңғырын жуып шайып, оның орнына сүйіспеншіліктің гүлі қауыз жарады. Осы мақсатпен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Жаратылыстану-математика факультетінің ұстаздар мен студенттер ұжымы Қостанай облыстық балалар үйіне Құрбан айт қарсаңында 24.10.12 күні мерекелік іс-шара өткізді. Студенттер және мұғалімдердің ұйымдастыруымен шағын концерт қойылды. Сонымен қатар балалар дастарханына тәтті тағамдар тарту етілді.
18 қазанда ҚМПИ акт залында институттың әрбір факультетінің 1курсты студенттерқатарына қабылдау іс-шарасы өткізілді.Іс-шараның басты мақсаты,1курс студенттерінің өздерінің факультетке деген мақтанышын көрсету болды.тарих және өнер факультетінің музыканттары мен суретшілері елінің тарихын білуімен, филология факультеті тілдік жан-жақтылығымен, жаратылыстану және математика факультеті жаратылыстық білімділігімен, дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті спорттық жан-жақтылығымен мақтанды.
жылдығын атап өтуде. 20 жыл бұрын 1992 жылы 18 қазанда Алматыда Әлемдік Рухани Келісім конгрессінің бірінші сессиясы болып өтті. Алғаш рет адамзат тарихында руханилық мәселелері толғандыратын барлық діндердің, рухани қоғамдық ұйымдардың өкілдері, белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бір үстелдің басында жиналды. Конгрессті өткізу уақыты кездейсоқ таңдалып алынған жоқ. Осыдан 100 жыл бұрын осындай съезді шақыруды АҚШ-тың Чикаго қаласында өткізуге талпыныс жасалған болатын, өкінішке орай жүзеге аспады. І Дүниежүзілк Рухани Келісім Конгрессіне қатысушылардың қабылданған Манифесінде 18 қазанды Рухани Келісім Күні деп жариялап, бұл күнді шиеленістер мен қақтығыстарға мораторий күні, татулықты іздеу, адамдар арасындағы өзара түсіністік қалыптастыру күні, қайырымдылық пен жақынына көмек күні деп таныды.
Қазан айының 17 жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен бір топ белсенді студенттермен ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша бас имамы Ораз Серікбай Сатыбалдыұлының кездесуі өтті.
Қазанның басы, яғни оның алғашқы демалыс күндері Ұстаздар күні болып атап өтетіні барлығымызға мәлім. Қазанның төртісінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтымызда ұстаздарға арналған салтанатты мереке өтті. Сонымен қатар, институт әкімшілігі ең үздік мұғалімдерді мен мерейгерлерді марапаттаған. Біз ұстаздарды шын жүректен тағы да мереке күніңізбен құттықтаймыз!
01 Қазан 2012 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында акт қонақ бөлмесінде Өнер кафедрасының ұйымдастыруымен Халықарлық музыка күніне фортепиано дуэтінің концерті өткізілді. Концертте педагогика ғылымдарының кандидаты Белозер Л.П., концертмейстер Акбужурова С.Ж. қатысты, бағдарламаны ҚМПИ-ның ғылыми кітапханасының анықтама-библиографиялық және ақпараттық оқу кітапханасының меңгерушісі Сусик Т.С. өткізді. Әр елдің сазгерлерінің танымал туындылары орындалды. Ең ірі демократикалық – би жанры. Вальс, полька, аргентиналық тангоның серпіндері орындалды.
Қыркүйек айының екінші жартысында ҚМПИ ректоры Қуат Маратұлы студенттермен дәстүрлі жылсайындық кездесуді өткізді. Ректорымыз институттағы жаңа енгізулер жайлы сөз айтып, жастардың ең маңызды сұрақтарға жауап берген. Кездесудің нәтижесінде шешілген мәселелер: екінші қабатта жаңа лифт орнату, институттаңы футзалдық лиганы және де студенттерге дайындықтар үшін арнайы ашық аудиторияны ашу, әр қабатта айналар орнату, дәретханаларды жөндеуден өткізу, студенттер үйінде көптен күткен wi-fi орнату, ал институттың өзінде оның жылдамдықты 2 есе ұлғайту. Өте жақсы оқитын студенттер үшін жеңілдіктер жайлы мәселе шешілуде.
ЖІБК алғашқы жиналысы қыркүйек айында өтті. Комитет басшылығы жаңадан келген студенттермен кездесуді өткізу барысында ЖІБК жұмысы жайлы сөз айтып, әр ұйым туралы баяндаған болатын. Сонымен қатар, Саят Шаймурунов бастамасымен жұмыс істеп жатқан әр студенттік ұйымының жетекшілері өз істері жайлы мағлұмат айтқан болатын. Бұл ақпарат, сөзсіз, әр студентке үлкен пайда тигізді. Енді олар студенттер Альянсының жаға «аскері» бола ма, «Парасат» дебат клубына қосыла ма әлде біздің баспасөз орталығының тілшісі бола ма шеше алады.
Бір топ қостанайлық желаяқ Қостанайдан Түркістан қаласына аттанды. Олар бұл сапарларын өткен конституция күніне арнап отыр. Мақсаттары -айбынды ата заңымызға негіз болған жеті жарғының авторы Тәуке ханның мазарына барып тағзым ету.
Психология және педагогикалық факультетінде жастар шығармашылық фестивалі басталды. Фестиваль бірнеше кезеңдерден тұрады, әр қайсының өзінің ноинациялары бар. Фестивальдің бірінші кезеңі «Ән байқауы» 2012 жылдың 14 қыркүйегінде өтті. Оған факултеттің ниеттенген барлық курстарының студенттері қатысты.